Атырау, 25 қараша 18:24
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 400-ге жуық хабарлама түскен

631 просмотра
freepik.com

2024 жылдың басынан бері дағдарыс орталығына 15 адам: 4 әйел және 11 бала түсті.

ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») сәйкес, 272 тұлға жауапкершілікке тартылды. Одан бөлек, 1 ай мерзімге қорғау нұсқамасы шығарылған тұлғалар саны - 290 құраса, соның ішінде қорғау нұсқамасын бұзу дерегі бойынша 1 ай ішінде өзінің агрессиялық мінез-құлқын көрсеткен 19 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабына сәйкес, жауапқа тартылды. ҚР ӘҚБтК 669-бабы, 2-тармағы «Құқық бұзушының мінез-құлқына сот белгілеген ерекше талаптарды бұзу» бойынша 36 әкімшілік хаттама жасақталды.

Одан бөлек, сотпен ерекше талап қойылған тұлғалар 78 санын құраса, мәжбүрлеп емдеу мекемесіне 3 тұлға жолданды.

Отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы құқықбұзушылықтарды алдын-алуда құқық қорғау саласының қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, акция, профилактикалық іс-шаралар аясында білім беру ұйымдарында, мекемелерде ақпараттық жиындар өткізіп келеді.

Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Раиса АЙТЖАНОВА Дағдарыс орталығында отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбір көрген әйелдерді ақпараттандыру, қажетті кеңес беру мақсатында ашық есік күнін өткізді. 

Одан бөлек, атыраулық полицейлер тұрмыстық қарым-қатынас саласында жәбір көрген әйел адамдарға құқықтық, психологиялық көмек, кеңес беру мақсатында азаматтарға қабылдау өткізетінін атап өткен жөн.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында оның құрбандары немесе куәгерлері ішкі істер органдарына арызбен жүгінуі қажет. Жәбірленушілерді тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау үшін Ішкі істер органдарының тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шараларын қолдану, сондай-ақ оларды мамандандырылған дағдарыс орталығына бағыттау құқығы бар. 

Мамандандырылған дағдарыс орталығында орналасу үшін 8(7122) 46 60 60 телефондары арқылы, ішкі істер органдарына немесе тұрмыстық зорлық-зомбылық жасалғаны туралы арызбен полицияның учаскелік инспекторына, 98-35-33; 98-22-30 немесе 8(702) 235 1998; 8(702) 846 3777 (тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер үшін) хабарласу қажет.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 ақпан, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.