Атырау, 22 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Теңіз ауылында электр бағаналары жаңартылды

576 рет қаралды

Жаңартылған бағананың барлығы - 120 дана, онымен қоса электр желілері және трансформаторлық қосалқы станциясы толық ауыстырылды, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгінде жоспар бойынша бағананы ауыстырудан бөлек 4 шақырымнан астам жоғары вольтты желілерді жаңарту, 250 кВа трансформатор орнату жұмыстары толықтай орындалды. Бұл жұмыстарды «КазстройРекурт» ЖСШ жүргізді. 

Теңіз ауылының әкімі Қайсар МАҚСОТОВТЫҢ айтуынша, қазір «Атырау-Жарық» АҚ аудандық электр желілері қызметкерлері ауыл тұрғындарының жеке тұрғын үйлеріне қосып беру жұмысын жүргізіп жатыр.

- Мұндай күзгі-қысқы дайындық жұмыстары аясында аудандағы ауылдық округтерде ескірген электр бағаналарын кезең-кезеңімен жаңарту өз кезегінде электр бағаналарының ескіруі салдарынан желді, боранды күндері бағаналардың құлап, жарықтың жиі сөнуі, электр желісінің адам өміріне қауіп төндіруі сияқты жағдайлардың алдын алады, - деді Қ.Мақсотов.

Айта кетейік, Теңіз ауылдық округінде 1866 тұрғын бар.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

24 қаңтар 2024, 08:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.