Атырау облысы ПД қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барсында қала аумағында синтетикалық есірткіні жасырын тығу әдісі (закладка) арқылы сатумен айналысады деген күдікпен 25 пен 22 жастағы Астана қаласының және Павлодар облысының тұрғындарын анықтады.
Күдіктілердің тұрғын үйін тексеру кезінде 1 дана орама және қала аумағында жасырын тығылған 29 орама тәркіленген.
Сараптама қорытындысымен алынған 1 дана орама заттың құны 5 млн теңгені құрайтын 300-ге жуық доза болатын а-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Тексеру жұмыстары кезінде күдікті қыздардың Атырау қаласына 2023 жылдың қараша айында синтетикалық есірткі сататын интернет дүкеніне жұмысқа орналасу мақсатында келгені белгілі болды.
Казір күдіктілерге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ