Атырау, 3 маусым 06:23
 дождьВ Атырау +14.4
$ 493.15
€ 574.17
₽ 6.77

​ ҰҚТ мүшелері кәсіпкерлердің банктік шоты арқылы 11,7 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған

480 рет қаралды

Алматыдағы ҰҚТ мүшелері банктік шоттардан ақша қаражатын қолма-қол ақшаға айналдырып және ойдан шығарылған мәмілелер бойынша шот-фактураларды жазумен айналысқан. Аталған фактіні ҚМА аумақтық Департаменті тергеді.

А.Абдуллаев бастаған ҰҚТ-ның 5 мүшесі 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде жүйелі түрде бақылауындағы 15 компания мен 170-тен астам жеке кәсіпкердің банктік шоттары арқылы 11,7 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғаны анықталды.

Сот үкімімен ҰҚТ ұйымдастырушысы және қатысушылардың бірі кінәлі деп танылып, оларға жалпы режимдегі колонияда 6 және 7,5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сотқа дейінгі тергеу аясында осы қылмысқа қатысы бар ҰҚТ-ның тағы үш мүшесі халықаралық іздестіруге жарияланды.

23 қаңтар 2024, 10:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.