Атырау, 25 желтоқсан 12:26
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Блогер Рүстем Баязиев маймыл туралы сұрағы үшін бес тәулікке қамауға алынды

1 135 просмотра

Р.Баязиевке қатысты сотқа құрмет көрсетпегені үшін әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімі шығарылғаны белгілі болды.

Белгілі болғандай, 11 қаңтарда блогер сот отырысына басқа адамға қатысты қолдау көрсету үшін келген. Сол жерде ол судьядан: «Маймыл қайда, көрдіңіздер ме?» - деп сұраған.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Анар Айтжанова бұл сұрақты қорлау деп санап, Баязиевке «сотты құрметтемегені» үшін өз басшылығына рапорт жазған. Осыған байланысты 12 қаңтарда сот приставы ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабы 1-бөлігі («Сотқа құрметсіздік танытқаны үшін») бойынша Баязиевке әкімшілік хаттама  толтырды. Блогер бұған келіспеді. Оның айтуынша, ол жай ғана судьяға сұрақ қойған және ол сот басталғанға дейін болған.

- Менің ойымша, сот процесі кезінде осылай болса, сотты құрметтемеушілік деп санауға болады, ал мен сұрақ қойған кезде процесс әлі басталған жоқ. Менің маймыл туралы сұрағым соттың басталғаны туралы хабарланбас бұрын қойылғанын растайтын куәгерлерім бар.

- Ал сіз неге олай сұрадыңыз?

– Бұл сөзге қатысты өз хикаям бар. Бұрын сіздің әріптесіңіз мені «маймыл» деп атап, бірақ сот оның пайдасына шешім шығарған еді. Сондықтан маймылға қатысты сұрақ сот ғимаратындағы менің сот жүйесіне деген наразылығым болды, - дейді Баязиев.

Судья А.Айтжанованың өтініші бойынша сот отырысы кеше онлайн режимде басталды. Баязиев істі өзінің тұрғылықты жері бойынша, яғни Астана қаласында қарауды сұрады. Сот бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартты.

- Сотта қысым жасалып жатқанын сеземін. Өйткені менің өтініштерімді қабылдамайды. Ал менің үстімнен арыз берген судья онлайн процесте бет-жүзін көрсетпейді. Бет-жүзін көрсетуді өтіндім, бірақ ол көрсетпеді. Бұған дәлелдерім бар, - деді Баязиев сот жариялаған үзілісте.

Ол «АЖ»-ға былай деді: «Материалдар қазақ тілінде болды, мен орыс тілінде білім алғандықтан оларды орыс тіліне аударуды өтіндім. Әрі қарай судья А.ЕРҒАЗИЕВА он минуттық үзіліс жариялады, бұл уақыт ішінде маған материалдарды аударып берді, бірақ бұл арнайы лицензиясы бар аудармашысыз жасалды. Аударылған материалдар маған WhatsApp арқылы жіберілді. Сот барысында мен бұл аударманы кім жасағанын және орысша іс материалдарында неге мөр жоқ екенін сұрадым. Судья сот қызметкерлері орыс тілін білетіндіктен солар аударма жасады деп жауап берді. Сондай-ақ сот отырысы барысында судьядан үзіліс алуды өтініп, бүйрегім ауырып тұрғанын, жедел жәрдем шақырғым келетінін айттым. Судья бұған: «Аз қалды, сәл шыдаңыз...»  деді.

Қазіргі уақытта сот Р.Баязиевті бес тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарғаны белгілі. Блогер бұл шешіммен келіспейді және оған шағымданбақшы.

Жалған ақпарат тарату туралы іс жабылды

Ал, жергілікті блогер Р.Баязиевке қатысты өткен сот ісіне келсек, ол қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Еске салсақ, бұған дейін Атырау облыстық балалар ауруханасының директоры Нұрқабыл АЙТМҰХАМБЕТОВ Р.Баязиевтің әрекетіне қатысты полицияға шағым түсірген болатын. Н.Айтмұхамбетов өз шағымында блогерді жалған ақпарат таратты деп айыптады. Оның арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша іс қозғалды.

Алайда Баязиев дәрігердің айыптауымен келіспеді. Ол дәрігерлердің көмек көрсетпегені, пациенттерге немқұрайды қарайтыны туралы бірнеше ананың шағыммен келгенін және соған көз жеткізу үшін блогер жанжал болған ауруханаға өзі барғанын атап өтті.

Қалалық полиция басқармасы блогерге қатысты істің жиналған айғақтардың кінәні анықтауға жеткіліксіз болуына байланысты тоқтатылғанын түсіндірді.

P.S Жарияланымнан кейін Атырау соты баспасөз хабарламасымен бөлісті:

"Сот 2024 жылғы 10 қаңтарда блогердің сот залына іске қатысушылардың соңынан ұялы телефонмен баса көктеп кіріп, судьяға жақындап, «маймыл қайда?», «маймылды көрген жоқсыз ба?» деп сұрап, сотта белгіленген қағидаларды бұзып, судьяның ескертуіне құлақ аспай, өз әрекетімен сотты және судьяны құрметтемей, дауыс көтеріп, дөрекілік танытқанын анықтады".

Баспасөз хабарламасының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Айнұр САПАРОВА

Р.Баязиев ұсынған сурет

25 қаңтар, 12:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.