Атырау, 2 мамыр 05:21
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

«Ертіс орманы» резерватының басшысы қамауға алынды

277 просмотра
freepik.com

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты (қорық) басшысы Арман Бектеміров пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы бүгін, 2024 жылғы 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.

«Пара алушының кәсіпкерлерге коммерциялық ағаштарды заңсыз кесу және сату үшін пара алу мақсатында қылмыстық схеманы ұйымдастырғаны анықталды. Ағымдағы жылдың 26 қаңтарында тергеу сотының санкциясымен қорық басшысы уақытша ұстау изоляторына екі айға қамауға алынды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ резерваттың бес бухгалтеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, олар 2021-2023 жылдар аралығында өздерінің карточкалық шоттарына, мекеменің жұмыс істеп тұрған және бұрынғы қызметкерлерінің шоттарына жалақыны есептеп, аудару арқылы 25 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырған деген күдікпнн резерваттың бес бухгалтеріне де қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

6 ақпан, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.