Атырау, 23 желтоқсан 00:27
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырау облысында екі браконьер ұсталды

1 369 просмотра

Күдіктілерден 107 келіге жуық қара балық тәркіленді. Бұл туралы Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы хабарлады.

Ведомство қызметкерлері браконьерлік фактілердің жолын кесу мақсатында жүргізілген рейд барысында мемлекеттік нөмірі жоқ «Урал» мотоцикліндегі 1986 және 1992 жылы туған екі азаматты тоқтатты. Браконьерлер Құрманғазы ауданы Жарқос деген жерде Шарон өзенінің жағасында ұсталды.

- Мотоциклден көксерке, сазан, сыла, табан, мөңке, қаракөз табылды - қапшықтарға салынған балықтың жалпы салмағы 107,5 келі болды. Балықпен бірге тыйым салынған аулау құралдары: алты дана тор, үш ілмек, сүймен және балта болды, - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Оқиға орнында Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеп, тәртіп бұзушылар ұсталған жерде процессуалдық іс-шаралар жүргізді.

Балық ресурстарына келтірілген шығын шамамен 663 мың 287 теңгені құрайды.

Браконьерлік дерегі ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 3-бөлігі, 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ

26 қаңтар, 20:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.