Атырау, 22 желтоқсан 14:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Шымкентте қалыңдықты ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде.

519 рет қаралды
Көрнекі сурет

Неке алдау мен зорлық-зомбылықтан басталмауы керек – Шымкент қаласының прокуратурасы әйелдер құқығын қорғауда нақты ұстанымдарды қолдайды.

Қалыңдықты некеге тұру үшін ұрлау бүгінде ескірген әдет. Қызды алып қашқан жігіттер ауыр жазаға тартылатынын түсіне бермейді. Қазіргі уақытта қызды ұрлау тәжірибесі жойылып келеді, оның үстіне бұл адам құқықтары мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді. Қоғамда мұндай әрекеттер әйелді қорлау, зорлық-зомбылық көрсету болып табылады.

Ағымдағы жылдың 16 қаңтарында Шымкент қаласы полициясының кезекші бөліміне азаматша М.А. қызын үйлену мақсатында белгісіз ер азаматтың ұрлап кеткені туралы көрсеткен. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекснің 125-бабы 2-бөлігінің 1) тармағының негізінде (адамды ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде Маңғыстау облысының Г. есімді тұрғыны ұсталып, екі айға қамауға алынды.

Тергеп-тексеру барысында барлық мән-жайлар анықталады.

Мұндай қылмысты жасағаны үшін кінәлілердің мүлкі тәркіленіп, оларға қатысты жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

Іс қала прокуратурасының ерекше бақылауында.


1 ақпан 2024, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.