Атырау, 22 желтоқсан 04:10
 бұлттыВ Атырау -1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Басқа жаңалықтар

«Мақсаттық несиені өз қалауынша пайдалануға болмайды» Басқа жаңалықтар

«Мақсаттық несиені өз қалауынша пайдалануға болмайды»

«Қор фермермен соттасуда» мақаласында («АЖ», 12.05.2016 ж.) ауданаралық экономикалық сотында өтіп жатқан сот дауы туралы әңгімелеген едік. Бұл істе қазақстандық фермерлер мен олардың кредиторлары арасында жиі туындайтын әдеттегі проблемалар бейнеленген. Даудағы тараптардың бірінің атынан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Гүлзада ШАЛАГУЛОВА осы дау тұрғысындағы өз пікірін баяндап, фермердің «неліктен біздің жағдайымызды түсінбеске?» деген сауалына жауап береді. 26 мамыр 2016, 00:00 2 092 рет қаралды
«Жас отау»: 45 пәтерге – 1009 өтініш Басқа жаңалықтар

«Жас отау»: 45 пәтерге – 1009 өтініш

«Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша салынған 45 пәтерге 1009 адам үміткер болып отыр. Бұл туралы облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мейірім ҚАЛАУИ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. 24 мамыр 2016, 16:20 4 256 рет қаралды
Ауылға немесе құрылыс жасағына бар Басқа жаңалықтар

Ауылға немесе құрылыс жасағына бар

Ресми ақпаратқа сәйкес, Атырау облысындағы жастар арасында жұмыссыздық бар болғаны 2 пайызды құрайды, деп мәлімдеді облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мейірім ҚАЛАУИ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. Салыстыру үшін келтірсек, республикада бұл цифр сәл жоғары – 4,3 пайызды құрайды. 24 мамыр 2016, 16:23 2 012 рет қаралды
Қазақстандағы митингтер туралы немесе саусақ таңбасы алынатын референдум Басқа жаңалықтар

Қазақстандағы митингтер туралы немесе саусақ таңбасы алынатын референдум

Әзірге Атырау облысының құқыққорғау органдары 21 мамырда ұсталғандардың саны мен олардың тағдырлары туралы мәліметтер ұсынған жоқ. Дегенмен, тәртіп сақшылары әрекетінің заңдылығы, заңның бірде-бір бабын бұзбаған осы адамдарға тигізілген моралдық және психологиялық зияндар – бұл ұсталушылардың өздері мен олардың туыстарын ғана қызықтыратын сұрақтар. 22 мамыр 2016, 16:48 5 554 рет қаралды
​Дулат ИСАБЕКОВ, ҚР мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург: Халықтың бұл наразылығы тек қана жерге байланысты емес Басқа жаңалықтар

​Дулат ИСАБЕКОВ, ҚР мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург: Халықтың бұл наразылығы тек қана жерге байланысты емес

– Мұхтар Әуезовтiң “Кеден кеден болды, кедергi неден болды?" деген сөзi бар едi. Сол айтпақшы, жер қоз­ғалса да қозғалмайтын қазақ неге қозғалды? Бәрiне төзген қазақ неге көшеге атып-атып шықты? Оларды үйлерi­нен сүйреп шығарған кiм? Әрине, билiктiң өзi. Бұған дейiн ел бәрiне көндi. Төбесiнен протон құлап жатса да үндемедi, “қойшы, билiкке сенейiк­шi, бiр бiлгендерi бар шығар" дедi. Айлықтарын кешiктiргенде де, зейнет­ақы қорын бюджетке алып жатқанда да ештеңе демедi, “жарайды, елдiң берекесiн алмайық, тыныш болайық, бүлiншiлiк салмайық" деген оймен қазақ шыдап бақты. Аяғының астындағы жер қозғалса да қозғалмайтын қазақ жерiнiң бiр пұшпақтары сатылатын кезде шыдай алмады, қазақтың шын намысы оянды. Тыныш жатқан халықты өздерi ашындырып алды. Ендi бұдан кейiн толық сабасына түсе ме, түспей ме, мен оны бiлмеймiн. 19 мамыр 2016, 14:25 8 439 рет қаралды
Зейнолла Кәкiмжанов: “Ауыл шаруашылығын тек өз күшiмiзге сүйенiп өткере аламыз” Басқа жаңалықтар

Зейнолла Кәкiмжанов: “Ауыл шаруашылығын тек өз күшiмiзге сүйенiп өткере аламыз”

Бүгiнгi таңда төтесiнен қойылатын қабырғалы мәселе – жер мен топырақ жағдайын және жер пайдалануды бақылайтын, мониторинг жүргiзетiн ұлттық жүйе құру. 19 мамыр 2016, 15:21 2 734 рет қаралды
Чек жоқ па? Міне, бейнежазба! Басқа жаңалықтар

Чек жоқ па? Міне, бейнежазба!

Тіпті сатып алушыда сатып алынған тауардың чегі болмаса да, ол тек куәгер жауабына сілтеп қана қоймай, дәлел ретінде фото және бейнетүсірілімді қолдануға құқылы. Тұтынушылар құқығын қорғау саласында осы және басқа да өзгерістер туралы республикалық Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Розалия ЕРМЕКПАЕВА облыстық әкімдікте өткен кеңесте әңгімеледі. 17 мамыр 2016, 15:58 3 369 рет қаралды
Тудаковтар әулетінің бастан кешкендері Басқа жаңалықтар

Тудаковтар әулетінің бастан кешкендері

Өткен жылдың желтоқсанында Атырау мұнай және газ институты музейінде қаламыздың тарихына арналған «Көне Гурьев» көрмесі өтті. Успен соборын салған көпес Федот ТУДАКОВТЫҢ ұрпақтарының Парижден жолдаған фотосуреттері ерекше қызығушылық тудырды. Сурет 12 мамыр 2016, 00:00 2 457 рет қаралды
Өзендердің суы азайды, балықтар да кеміп кетті Басқа жаңалықтар

Өзендердің суы азайды, балықтар да кеміп кетті

Жайық-Каспий бассейнінде балық қорының едәуір азайғаны жаңалық болудан қалған. Балықшылар бірнеше жылдан бері жыл сайын бөлінетін лимитті игере алмай келеді. Өкінішті. Бұған тек браконьерлер ғана кінәлі емес. 20 жылдан астам уақыттан бері гидромелиорация жұмыстарына қаржы бөлінбейді. Құрманғазы ауданындағы Қиғаш пен Шарон өзендері кеуіп қалу алдында тұр. Ал, көлдер мен өзен сағасындағы 12 кіші өзекте су жоқ, құрғап қалған. 12 мамыр 2016, 00:00 3 114 рет қаралды
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры фермермен соттасуда Басқа жаңалықтар

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры фермермен соттасуда

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау облыстық филиалының (директоры Гүлзада ШАЛАГУЛОВА) «Айсұлтан» шаруа қожалығының үстінен жазған талап-арызы бойынша сот ісі қаралып жатыр. Талапкер шаруа қожалығынан 5 401 316 теңге несиені мерзімінен бұрын өндіріп, несиені мақсатсыз пайдаланғаны үшін осы соманың 25 пайыз көлемінде (1 350 000 теңге) айыппұл өндіру қажет деп есептейді. 12 мамыр 2016, 00:00 7 495 рет қаралды
​«1 мамыр күні жаңбыр болады - балалар жаңбырдың астында қалса науқастанып қалады» Басқа жаңалықтар

​«1 мамыр күні жаңбыр болады - балалар жаңбырдың астында қалса науқастанып қалады»

Құлсары қаласында 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өтетін дәстүрлі шара болмайтын болды. Бұл туралы «АЖ»-ға жергілікті тұрғындар хабарлады. Бұл күнгі салтанатты шараға олардың мектепте оқитын балалары қатысуы тиіс болатын. Көп ата-ана сол күнге арналған мерекелік киімдер де сатып алып берген. 1 мамыр 2016, 10:32 2 478 рет қаралды
Өзімдікі болмаса да маңызды әрі қажет. Жер туралы... Басқа жаңалықтар

Өзімдікі болмаса да маңызды әрі қажет. Жер туралы...

Жерімізді сатуға қарсылық білдіріп, митингке шыққандардың наразылығына жауап ретінде көптеген құрметті френдтер оларға «қауіптенулеріңіз негізсіз, сабыр сақтаңыздар, жерді сатпайды, бар болғаны 25 жылға жалға береді» деп жазуда. Бұған көз жеткізбек болып қазір ғана Жер кодексін оқып шықтым. 26 сәуір 2016, 16:25 2 415 рет қаралды
Атырауда өткен көп адам жиналған 4 сағаттық митинг облыс әкімінің уәдесінен кейін аяқталды Басқа жаңалықтар

Атырауда өткен көп адам жиналған 4 сағаттық митинг облыс әкімінің уәдесінен кейін аяқталды

Бүгін, 24 сәуірде Атырауда Исатай-Махамбет алаңында 100-ден астам адам рұқсат етілмеген митингке шықты. Олар жерді сатуға және шетелдіктерге жалға беруге мүмкіндік беретін Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы наразылық білдіруде. Сурет Бейнежазба 24 сәуір 2016, 13:46 22 933 рет қаралды
Өнім подиумға және казармаға жол тартпақ Басқа жаңалықтар

Өнім подиумға және казармаға жол тартпақ

«Атырау ПОШ» ЖШС шығаратын қой жүнінен жасалған көрпелерді казармалар мен пойыздарға жөнелту жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммунициялар қызметінің брифингінде «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Абат ТАСЫМОВ әңгімеледі. 22 сәуір 2016, 11:20 1 684 рет қаралды
​Еуропалықтар Елтайда күн электр станциясы мен жылыжайды бір жылдың ішінде салып бітіреді Басқа жаңалықтар

​Еуропалықтар Елтайда күн электр станциясы мен жылыжайды бір жылдың ішінде салып бітіреді

Біздің облысымыз үшін ауқымды Индер ауданындағы инвестициялық жоба үшін Еуропа мен Ресей арасында енгізілген санкцияларға борыштымыз. «Атырау» ӘКК ҰК» АҚ қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жаңа инвестициялық жобалар туралы оның басшысы Абат ТАСИМОВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әңгімеледі. 22 сәуір 2016, 23:04 3 532 рет қаралды
​Жер сатылымға шығарылады: Атырауға Экономика министрлігінен насихаттық топ келді Басқа жаңалықтар

​Жер сатылымға шығарылады: Атырауға Экономика министрлігінен насихаттық топ келді

20 сәуір күні Атырауға ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің жұмыс тобы келіп, жаңа Жер кодексі тақырыбында брифинг өткізді. Ол заңды күшіне биыл 1 шілдеден бастап енеді. Онда мемлекеттік жерді сату және жалға беру қарастырылған. Кодекстің дәл осы нормасы, сондай-ақ, бір миллионнан аса гектар жердің шетелдіктерге сатылуы мүмкіндігі туралы ақпарат қоғамды дүрліктірді. 21 сәуір 2016, 12:58 16 909 рет қаралды
Депутаттар не үшін керек? Басқа жаңалықтар

Депутаттар не үшін керек?

Елімізде депутаттардың жұмысы мен оларға төленетін бюджет қаржыларының жұмсалуы туралы дау туындап жатқан кезде жаңадан сайланған қалалық маслихаттың депутаты Муса ХАЙРУЛЛИЕВ өзі білім алған оқу мекемесіне қолұшын беріп те үлгерді. Ол өзі түлеп ұшқан алтын ұясы - Алтынсарин атындағы мектептің ауласына көшеттер отырғызды. 18 сәуір 2016, 10:24 2 436 рет қаралды
Заңсыз сауда дүңгіршіктері алынып тасталады Басқа жаңалықтар

Заңсыз сауда дүңгіршіктері алынып тасталады

Қалалық билік таяу уақытта фастфуд және басқа да тауарлар сатылатын заңсыз орнатылған дүңгіршектердің бәрін алып тастамақ. Осындай жерлерде сауда жасау құқығын кәсіпкерлер енді бәссауда арқылы алатын болады. Сурет 15 сәуір 2016, 10:53 3 505 рет қаралды
Шаңырақ астындағы елші Басқа жаңалықтар

Шаңырақ астындағы елші

Өткен аптада Атырауға АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Джордж КРОЛ келді. Бұл оның 2014 жылы қарашада дипломат лауазымына тағайындалғаннан кейін біздің облысымызға алғаш рет келуі. Крол дипломатиялық қызметкерге тән бола бермейтін әзілқойлығымен, қазақ тілін үйренуге деген ұмтылысымен және шұбатты жақсы көретіндігімен өзін тәнті етті. 15 сәуір 2016, 22:15 3 784 рет қаралды
Baizaar мамырда ашылады Басқа жаңалықтар

Baizaar мамырда ашылады

Қала құрылысы кеңесінің бірнеше отырысы кезінде айтылған бүкіл ескертпелер ескерілгеннен кейін, бұрынғы «тікұшақ зауытының» аумағында «Baizaar» сауда орталығының құрылысы аяқталуда. Бұл Исатай мен Махамбет алаңының сол жағындағы тоғыз қатарлы үйдің артында орналасқан. Жаңа нысанның ашылуы, алдын ала ақпар бойынша, мамырдың ортасына белгіленген. 14 сәуір 2016, 00:00 3 217 рет қаралды
«Үйді Парижден де ала аласыз!» Басқа жаңалықтар

«Үйді Парижден де ала аласыз!»

Атырауда «қызықты» жаңа құрылым белсенді қызмет ете бастады. Infinite Vip Group деп аталатын компания қызметкерлері бүкіл ниет білдірушілерге пәтер сатып алу үшін елу мың доллар беруге уәде береді. Осындай ниет білдірушілердің бірі болып мен супержобаның таныстырылымына қатысқан едім. 14 сәуір 2016, 00:00 3 383 рет қаралды
Тимур Құлыбаевтың тапсырмасы Басқа жаңалықтар

Тимур Құлыбаевтың тапсырмасы

Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу саласында жергілікті қамту үлесін арттыруға баса назар аудару керек. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВТАН оның Атырау облысына келген сапарында осындай тапсырма алған. 13 сәуір 2016, 19:24 3 162 рет қаралды
Самал жанармай құю бекетіне қарсы Басқа жаңалықтар

Самал жанармай құю бекетіне қарсы

Самал-1 және Самал-2 ықшамаудандарының тұрғындары үйлерінің дәл жанынан жанар-жағармай құю кешенін салуға қарсы. Біріншіден, кешен екі ықшамауданның ортасында созылып жатқан және Бейбарыс орталық даңғылына апаратын жолды жауып тастайды. Сурет 11 сәуір 2016, 10:35 3 019 рет қаралды
ҰБТ: Ақша білімді алмастыра алмайды Басқа жаңалықтар

ҰБТ: Ақша білімді алмастыра алмайды

56 мектептің түлектері үшін ҰБТ өткізуге қалалық бюджеттен 90 млн теңге бөлінді (компьютерлеу, бейнебақылау жүйесін сатып алу және т.б. үшін). Мұндай ірі сома алғаш рет бөлініп отыр, - деп атап өтті Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайында мұғалімдердің қатысуымен өткен кеңесте. Толықтырылды 9 сәуір 2016, 17:16 2 235 рет қаралды
«Мұғалдағы» бір күн Басқа жаңалықтар

«Мұғалдағы» бір күн

«Мұғал» қыстағы Атырау-Орал тас жолынан үш шақырым қашық жердегі «Ақсай» каналының бойында орналасқан. Қыстақтағы көктемгі тіршілік қамы ерекше. Күн жылына мал төлдеуі басталады. Түрлі-түсті қошақандар мен лақтар жылы қорадан шыға салысымен торда қамаулы тұрған енелеріне маңырай жүгірді. Азан-қазан. «Қой қоздап, қорада шу» деген осы. Сурет 7 сәуір 2016, 00:00 4 320 рет қаралды