Атырауда «Орталық бақ» деген атаумен Жайықты тайызданудан құтқару бойынша еріктілер жобасы жүзеге асырылуда.
Авторлар қаланың Еуропа бөлігіндегі екі бетон жағалау арасында орналасқан өзен айналмасында (Х.Досмұхамедұлы атындағы университеттен байдарка станциясына дейінгі учаске) мыңдаған ағаштар отырғызуды жоспарлап отыр. Осы жоба үшін құрылған парақшада http://greentransitionkz.wix.com/centralpark - расталғандай, бұл барлығы 60 мың гектар жер.
Керемет деп ойладым мен, жексенбілік талтүсте сіркіреген жаңбыр астында бетон бойымен үш жүз метрдей жүріп. Көз алдыма қолдарына күрек ұстап, жұмысқа қызу кіріскен он шақты адамды елестеттім. Іс жүзінде, аз екен, күлімсіреген екі жігіт пен бір қыз жұмыс істеп жүр. Олар сәуір айында ондаған еріктілердің көмегімен отырғызылған ағаштарды демалыс күндері суаруға келеді екен. Еріктілердің көмегімен болашақ бақтың осы бөлігі қураған ағаштардан, қамыстың қалың бұталарынан, бірінші жағалаумен қатарластыра екіншісін салып жатқан мердігерден қалған ескі құрылыс қоқыстарынан тазартылды. Сол адамдар «Орталық баққа» жылауық талдың, қарағаштың, ақтеректің, шағанның, шиенің, үйеңкінің... 450 көшетін отырғызуға көмектесті. Бұлар біздің қала тұрғындары: қоғамдық қозғалыс белсенділері, түрлі компаниялардың қызметкерлері, кәсіпкерлер. Бұған құрал-жабдықтарды АМӨЗ бөлді.
Бұл Құралбек ҚАРМЫСОВ пен Нұрлан ЕСМҰХАНОВ әзірлеген бағдарламаның бірінші кезеңі болатын. Идея бұған дейін бағбаншылықпен және су қорларымен еш байланысы жоқ достардың ойына көктем кезінде келген. Жігіттерді өзеннің тайыздануы алаңдатып отыр.
«Жайықтың тайыздану себептері көп, бұл проблема кешенді түрде, көрші өңірлермен және Ресеймен ынтымақтастықта шешілуі тиіс. Алайда өзен саясаткерлер өзара келісімге келгенше күте алмайды ғой. Біз тамыр жүйесі өзенге топырақтың шайылып кетуіне кедергі келтіретін жасыл желектер массивін орнатқымыз келеді. Егер оны іске асырсақ, қала қосымша бонустарға ие болады - оттек көбейіп, ауадағы шаң-тозаң азаяды", - деп жазады авторлар өз парақшасында.
Алайда осы уақытқа дейін өте көп жұмыс күтіп тұр. №2 кезең - суару мәселесін шешу. Әзірге қалаға тиесілі жерге осындай жасыл массив құру идеясын қолдаған қалалық әкімдіктің көмегімен осында аптасына екі рет келетін водовоз арқылы суарылады. Оған қоса өзгеше жаңбырлы ауа райы да қарасып тұр. Бірақ анағұрлым сенімді шешім керек.
- Біздің пікірімізше, анағұрлым жүзеге асатыны - өзен суын пайдалану арқылы сорғымен суару әдісі болып табылады. Қазір осындай қызметтермен айналысатын компаниялардың бірімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер олардың көмегімен сорғылар орнату мүмкін болса, қалалық әкімдік тиісті ведомостводан өзен суын пайдалануға рұқсат алуға қол ұшын беруге уәде берді, - дейді Құралбек Қармысов.
Содан кейін күзгі отырғызу жұмыстарына дайындықтар күтіп тұр.
- Қазіргі кезде қамыстар қалың өскен негізгі учаскені келесі бес-алты ай ішінде "көшіруге" дайын қылғымыз келеді. Күзде ол жерге сәуірде отырғызылған көшеттерді қайта отырғызуды, ал тәлімбақты жаңа көшеттермен толтыруды жоспарлап отырмыз. Осы кеңістіктің бәрін ағаштармен және бұталармен толтырғанша осылай жасай береміз, - дейді Нұрлан Есмұханов. - Адамдарға осы жобаға қатыстылығын сезіндіру үшін біз әрбір көшетті оны әкелген немесе сатып алу ақшасын төлеген адамның есімі көрсетілетін биркамен жарақтағымыз келеді. Ол үшін сайтқа адам көшеттердің қажетті мөлшерін сатып алуға нақты ақша санын тапсыра алуы үшін дүкендердің прайс парақтарын орналастырамыз.
Жобаға кез келген көмек - жұмыс күші, қаржы, техника керек. Біздің әрқайсымыз атырауша Central park-ті жүзеге асыруға атсалыса аламыз.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор