Атырау, 29 қараша 01:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қазақстандағы митингтер туралы немесе саусақ таңбасы алынатын референдум

5 426 просмотра

Әзірге Атырау облысының құқыққорғау органдары 21 мамырда ұсталғандардың саны мен олардың тағдырлары туралы мәліметтер ұсынған жоқ. Дегенмен, тәртіп сақшылары әрекетінің заңдылығы, заңның бірде-бір бабын бұзбаған осы адамдарға тигізілген моралдық және психологиялық зияндар – бұл ұсталушылардың өздері мен олардың туыстарын ғана қызықтыратын сұрақтар. Заңды ешкімнің бұзбағаны туралы фактіні брифингте 21 мамырда «елімізде рұқсат етілмеген митингтер өткен жоқ, полициямен конфликт болған жоқ, қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол берілмеді» деп мәлімдеген ҚР ІІМ әкімшілік полициясы комитетінің төрағасы Игорь Лепеха растады. Оған ешкімнің де қоғамдық тәртіпті бұзғалы жатпағанын айта кеткені жөн еді. Өйткені, тасада тұрып шамға немесе витринаға тас лақтырып, қашып кетуден оңай ештеңе жоқ қой. Алайда екі миллион халқы бар оңтүстік астанада да, екі жүз мың халқы бар Атырауда да сол жерде жағдайды ушықтырып, «майдан» отын тұтатып жібергісі келген бірде бір адам табылмады.

Бәлкім, ұсталғандар саны туралы ақпарат сайлау кезіндегі сайлаушылардың дауыстары секілді мұқият есептеліп, өңделіп жатқан шығар. Соған қарағанда, билікке шетелдік компаниялар мен бірлескен кәсіпорындарға егіндіктерді, шабындықтар мен жайылымдықтарды сатып алуға, ұзақ мерзімге жалға алуға құқық беретін Жер кодексіндегі түзетулермен келіспейтін азаматтар санының іс жүзінде қанша екенін білу маңызды шығар. Сонымен бірге, олар алаң жанынан өтіп бара жатқан кезде немесе Жеңіс бағына серуендеуге шыққан кезде қолдарын қайырып, автобусқа мінгізіп, ІІД-ге алып кеткен азаматтың да енді шынымен түзетулерге қарсы болатындығын түсініп отыр. Сондықтан ол жерде ешкімнің де кездейсоқ ілінген (енді бұрынғы) жер сатуды жақтаушыларды електен өткізіп отырмағандығына сенімді болуға болады. Бәлкім, бұл жұмыстар жоғарыдан берілген тапсырма құжатына сәйкес нақты ұсталушылардың саны туралы мәліметтер келтіру үшін жүріп жатқан болар. Өйткені, Атырауда түзетулерге қарсы, айталық, 34 адамның «дауыс беруі» бір басқа да, 27 адам болса - ол бір басқа. Бұл жерде түзетулерге қарсы «дауыс берген» өте маңызды мыңдық үлестік пайыз туралы әңгіме болып отыр. Әсіресе, Атырау облысы секілді «наразы» өңірде. Дүйсенбіге дейін күтелік.

Әзірге, Қазақстанда маңызды қоғамдық проблемалар бойынша халыққа әлеуметтік сауал жүргізудің жаңа түрі пайда болды деуге болады. Ол болашақта, мәселен, референдум секілді халықтың ескірген ерік білдіру формасын алмастыруы мүмкін.

Мәселен, белгілі бір жерде, белгілі бір уақытқа белгіленген және бүкіл Зейнетақы қорының бүкіл қаржысын еліміздің әр қаласындағы марқұм болған жергілікті олигархтардың пантеонын салуға беру мәселесіне арналған митинг заңсыз болып табылады деп мәлімдейді. Содан соң периметр бойынша қоршалып, ұсталатын азаматтар үшін автобустар қойылады. Зейнетақы ақшаларын жобаға беруге қарсылар қоршауға келіп, ерікті түрде полицияның еруімен автобустарға мінеді. Сол жерден олардың саусақ таңбаларын алады да олар «қарсы» деген тармақтың қасына белгі салады. Бұдан артық шынайы ерік білдіруді ойлап табуға болмас.

«Ақ Жайық» редакциясы

22 мамыр 2016, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған