Жер кодексіндегі өзгерістер туралы түрлі деңгейдегі әңгімелер жалғасуда. Жақында бұл мәселе «Қазақстан-2050» Демократиялық күштер жалпыұлттық коалициясының өңірлік бөлімшесінде талқыланды.
Коалиция 2010 жылдан бері қызмет етіп келеді және бірнеше саяси партияларды, сондай-ақ ресми кәсіподақтарды, «Атамекен одағын», «Қазақстанның азаматтық альянсы» және т.б. біріктіреді. Есте қаларлығы, ол облыстық өлкетану музейіндегі залдардың бірінде өткізілді. Отырыс жылқы мен түйе тұлыптарының, арбалар мен киіз үйлердің және басқа да этникалық атрибуттарымыздың ортасында өтті. «Музейдегі түн» фильміндегі атмосфераға қарамастан, спикерлер салмақты нәрселер туралы әңгімеледі. Мәселе екі жақты қаралды.
ҚАЖЕТ
Ауыл шаруашылығын қаржыландыруды жүйелендіру және Қазақстан азаматтарының меншігіне беру. Меншікке берілетін жер телімдерінің алаңдарын нақтылау. ҚР азаматтары үшін артықшылықтар институтын енгізу. Иесіз жерлердің нақты картасы мен жер қожайындары туралы дерекқорлар жасау. Қолданылатын агротехнологияларға, соның ішінде егіншілік айналымы мен құнарлылық деңгейіне бақылауды күшейту. Агрохимиялық кешенді дамыту, соның ішінде, шаруашылық жерлерін суару мәселелерін шешу. Спикерлердің бірі Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ мемлекетке егіншілікке қызығушылық танытатын өз азаматтарын қолдау үшін қосымша жағдай жасау керек деп есептейді:
– Мен өзімнің
Осы дәйектер тобын шақырылған спикер Арман ХАЙРУЛЛИН түйіндеді:
– Жағдай жасалуға тиіс, өйткені қарапайым халықтың бос жерлерге инфрақұрылым жүргізуге және қажетті жабдықтарды сатып алуға күші жетпейді. Егер мемлекет жерді игеруге көмектессе, халық әрі қарай да өз мүддесі үшін еңбек ете береді. Қаржыландыру және жер пайдаланушы мен мемлекет арасында өзара қарым-қатынастың нақты механизмі болу керек.
ҚАЖЕТ ЕМЕС
Өтілі бар опозиционер және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Атырау филиалының басшысы Жұмабай ДОСПАНОВ соңғы жылдары бар уақыты мен күшін тарихи зерттеулер мен жазушылыққа арнаған. Сондықтан, оның айтуынша, айыпталған «митингтерге баруға» оның уақыты жоқ екен. Ол жалпы жерді жалға беруге қарсы емес, бірақ шартпен берілсе дейді:
– Жерді Қазақстанмен шектесіп жатқан елдерге, соның ішінде өз әрекеттерімен халықты қорқытатын қытайларға беруге болмайды.
Шекаралары ортақ елдерге жерді жалға беруге қарсы тағы бірнеше адам өз ойларын айтты. Диас СҰЛТАНОВТЫҢ пікірінше, жерді ортақ шекарасы бар елдерге жалға беру болашақта ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін. Ал «заманауи технологиялары бар алыс шетелдік компанияларға уақытша жалға беруге болады» деген басқа мәселе.
«Ақ Жол» демократиялық партиясы Атырау филиалының басшысы Ермекқали ЮСУПОВ елді мекендер төңірегіндегі жерлерді сатуға да, жалға беруге де болмайды деп есептейді:
– Олар халықтың ортақ меншігі болып табылады және жайылымдар мен тұрғын үйлер құрылысына берілуге тиіс. Дау-дамайлар осындай жағдайларда туындайды.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Суретті түсірген автор