30 мамырда журналистер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы мемлекеттен түрлі қолдау алған бірқатар кәсіпорындарға аяқ басты.
ИНТЕРНЕТ ЖӘНЕ ӨМІР
Ақмарал БАЙЛАУОВА өз ЖК-ін «Бум-2020» деп атапты. Ол білімі бойынша экономист, бұрын «Ақжайық-7» ЖШС-де еңбекті нормалау бойынша инженер болып жұмыс жасаған. Денсаулығына байланысты – ІІ топ мүгедегі. Жұмысынан кетіп, үш жыл оңалтудан өтуге тура келген. Бірақ табиғатынан жігерлі әйел үйінде ұзақ отыра алмады. Сөйтіп қағаз пакеттер шығаратын өндірісті іске қосуды ұйғарды - ең алдымен азық-түліктер үшін. Ақмарал «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, жеңілдікпен несие алды. Оған өз қаржысын қосып, пакеттер шығаратын қытайлық аппарат сатып алады. Оны өндіру үшін тоғыз адамды жұмысқа алды, оның бесеуі де мүгедектігі бар жандар.
– Директор да, саттық жөніндегі менеджер де өзіммін, – деп күлімсірейді Ақмарал сату нүктелеріне тауарды қалай өткізіп жатқандығын әңгімелеп. – Кондитерлер мен нан пісірушілер қуана алады.
Алайда бәрі пакетте өздерінің атауы көрсетілгенін қалайды.
Сондықтан Ақмарал «Даму» қорының «Бизнес-Кеңесші» жобасының шеңберінде оқып, екі миллион теңге мөлшерінде қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болды. Осы ақшаға ол пакеттерге логотиптер салатын жабдықтар сатып алды. Әйел бұл істің әзірге өзін ақтап отырмағандығын жасырмады, бірақ кеңейту мен жаңғырту оған өндірісін жолға қоюға көмектеседі деп үміттенеді.
ӨЗ ҚҰРЫЛЫМДАУШЫҢ БОЛҒАН КЕРЕМЕТ
«Kazelektrym өндірістік кешені» ЖШС 2011 жылдың тамызында құрылып, қарашада өнімдер - өнеркәсіптік маңыздағы электр жабдықтарын, соның ішінде тұрмыстық мақсатта да қолданылатын, негізінен тұрғын үй кешендерін электр энергиясымен қамтамасыз етуге арналған жиынтықты трансформаторлы қосалқы станциялар шығара бастады.
Олар үлкен ықшамаудандарға, мұнай кеніштері мен кәсіпорындарға лайықты. Зауыттың қуаттылығы – жылына екі мың атаудағы өнімдерді шығару. ЖШС бас директоры Серік ӘБІЛДАЕВТЫҢ айтуынша, бүгінде компания Атыраудағы электр жабдықтарын шығаратын бірден бір өндіріс болып табылады. «Даму» қорынан 45 млн теңгеге кәсіпорынды жаңғыртудың бірінші кезеңі жүргізілді, жаңа станоктар мен бояғыш желісі сатып алынды. Жаңғыртудың тағы екі кезеңі жоспарланған.
Тапсырыс берушілер көп, соның ішінде Батыс Қазақстан бойынша: құрылыс салушылар, мұнай кәсіпорындары. Соңғы тапсырыс Ақтаудан түскен. Бұл мұнайшыларға, облыстық аурухана мен «Батыр» тұрғын үй кешеніне арналған қосалқы станциялар. Өткен жылы компания Ресейге экспортқа алты қосалқы станция жіберген. Енді Тегеранда өтетін үлкен көрмеге қатысып, өзі үшін жаңа нарық ашуды жоспарлап отыр. Электр-техникалық өнім өндірушілер онсыз да жеткілікті Ресей нарығына шығу қалай мүмкін болды? С.Әбілдаевтың айтуынша, құпия мынада: әуел бастан кәсіпорында өте сауатты бірнеше құрылымдаушылар жұмыс істейді екен. Олар адам факторларын аз қолдануға мүмкіндік беретін жабдықтардың жаңа түрлерін ойлап шығарады. ЖШС жұмыс жасаған уақыттан бері 110 жұмыс орны құрылған.
ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР БИЗНЕСІ
Табысты бизнестің тағы мысалы, бұл жол отбасылық «Жанахметова» ЖК болып табылады. Мария ЖАНАХМЕТОВА өз бизнесін 90-жылдары картина, хрусталь бұйымдарды сатудан бастаған. Кейінірек күйеуімен екеуі азық-түлік дүкендері үшін тоңазытқыш және тауарлық жабдықтарды жеткізумен айналысқан. Ал әрі қарай жиһаздар, сауда құрал-жабдықтары мен айналарды жасаумен және сатумен айналысқан. Өткен жылдың мамырында ЖК Ұлттық қордан жылдық 6 пайызбен 7,9 млн теңге мөлшерінде несие алады. Алайда несие рәсімдеу кезінде кәсіпкер проблемамен бетпе-бет келген - кепілзат тапшы болған. Сол кезде 2 млн 370 мың теңге кепілдікті «Даму» қоры ұсыныпты.
– Бұрын біз әйнек пен айнаны қолдан кесетін едік. Несие қаржысына айна мен әйнектерді декоративтік қиғаштап кесіп, жиектейтін жабдық сатып алдық, - деп әңгімелейді Аманжан АМАНТАЕВ. Қазір кәсіпорын жиһаз цехтарымен, мейрамханалармен, киім дүкендерімен, спорт залдармен ынтымақтастықта табысты жұмыс жасауда. Айнаны пішіндеп кесуге арналған жаңа жабдық сатып алу жоспарымызда бар.
Зульфия ИСКАЛИЕВА
Суретті түсірген автор