Атырау, 29 қараша 06:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Baizaar мамырда ашылады

2 954 просмотра

Қала құрылысы кеңесінің бірнеше отырысы кезінде айтылған бүкіл ескертпелер ескерілгеннен кейін, бұрынғы «тікұшақ зауытының» аумағында «Baizaar» сауда орталығының құрылысы аяқталуда. Бұл Исатай мен Махамбет алаңының сол жағындағы тоғыз қатарлы үйдің артында орналасқан. Жаңа нысанның ашылуы, алдын ала ақпар бойынша, мамырдың ортасына белгіленген.

Мамандардың негізгі ескертпелері ғимараттың сыртқы келбетіне (ол өте ажарсыз көрінген), көлік қоятын орындардың, көгалдандыру мен жарықтың жеткіліксіздігіне қатысты еді.

- Бүкіл ұсыныс-тілектер ескеріліп, ғимараттың сыртқы келбеті анағұрлым жарық, көрнекті етіп жасалды. Экологиялық материалдар мен денсаулық үшін зиянсыз тауарларға артықшылық беретін сауда орталығының тұжырымдамасына сүйеніп, табиғи реңдер – жасыл және ағаш түсі таңдалды. Көлік тұрағының алаңы 320-дан 460 орынға дейін көбейтілді, ал, қажет болған жағдайда оны 500-ге дейін жеткізуге болады. Жас көшеттерді суару кезінде тамшылатып суару жүйесі қолданылады, - деді Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВПЕН кездесу кезінде «Shanyrak management» компаниясының басқарушы директорының орынбасары Медет БАЙКЕН.

Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды, ағаштар отырғызылуда, жалға алушылар біртіндеп ғимаратқа кіріп, дизайн тұжырымдасына сай өз алаңдарына жөндеу жүргізуде. Сауда орталығының жалпы алаңы - 25 мың шаршы метрді, сауда алаңы - 17 мың шаршы метрді құрайды. Кейбіреуі Атырауда алғаш рет ұсынылатын түрлі брендтегі бутиктерден басқа бұл жерде 2 мың шаршы метр алаңды құрайтын балаларға арналған заманауи ойын-сауық орталығы қарастырылған, жоғарғы қабатында қоғамдық аймақ – фуд корд орналасқан. Азық-түлік пен үйге арналған тауарларды «MARСO» гипермаркетінен сатып алуға болады.

- Бұл 100% қазақстандық компания, тауарлар да отандық өндірістікі, соның ішінде атыраулық өндірушілердің де тауарлары қойылады, - деп атап өтті Медет Байкен.

«Shanyrak management» басқарушы компаниясының тікелей өзінде 350 қызметкер жұмыс жасайтын болады. Тағы шамамен 1 000 адам сауда орталығының түрлі бөлімдеріне – сатушылар, аспаздар, күзетшілер және т.б. ретінде жұмысқа қабылданады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Тамара Сухомлинова

14 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.