Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары Орақ БИСЕМБИЕВТІҢ айтуынша, облыстағы мемлекеттік орман қоры 52 мыңдай гектарды құрайды. Онымен Атырау, Индер және Құрманғазы орман мекемелері айналысуда. Әрқайсысына шамамен бірдей алаң – 17 мың гектардан бекітілген.
Соңғы төрт жылда осы мекемелерді техникалық жарақтауға облыс бюджетінен 143 млн теңге бөлінді. Осы ақшаға өрт сөндіру катері, алты жеңіл көлік, орманшыларға арналған мотоциклдер, экскаватор, ағаш отырғызатын агрегаттары бар тракторлар, мотопомпалар, аспалы бүріккіштер, бензин аралар және т.б. сатып алынды. Биыл осы мақсатқа 28 млн теңге бөлінді.
Облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ Атырау мекемелерінің басшыларына Махамбет ауданының Алмалы поселкесіне жақын маңдағы қала тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған тоғай массивіне адамдар табиғат аясындағы демалыстан соң қалған қоқыс қалдықтарын тастау үшін контейнерлер орнатуға тапсырма берді. Әзірге, өз атымнан қосарым, бұл жер бүлдіргілер ойран салып кеткен жер секілді көрінеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ