"Гранд Атырау" тұрғын үй кешенінің маңындағы жағалаудан кафе күреліп, орнына құрылыс басталған. Алаңның үлкендігіне қарағанда, өте ауқымды құрылыс болғалы тұр.
Құрылыс салушының «Еламан Ойл» ЖШС екендігі анықталды. Өзін Асқармын деп таныстырған ЖШС директоры "АЖ"-ға кафені сатып алып, күреп тастағанын, енді осы жерден 4 қатарлы 8 пәтерлі элиталы үй салмақшы екендігін хабарлады. Пәтерлердің алаңы 150-ден 200 шаршы метрге дейін болады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ