"АЖ" мұрағатынан алынған көрнекі сурет.Біздің облысымыз үшін ауқымды Индер ауданындағы инвестициялық жоба үшін Еуропа мен Ресей арасында енгізілген санкцияларға борыштымыз. «Атырау» ӘКК ҰК» АҚ қатысуымен жүзеге асырылып жатқан жаңа инвестициялық жобалар туралы оның басшысы Абат ТАСИМОВ Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әңгімеледі.
Соңғы үш жыл ішінде жалпы сомасы 27,7 млрд теңгеге 24 инвестициялық нысан қаржыландырылды. Оның 12,6 млрд теңгесі – ӘКК-нің өзінің салымы, 15,1 – серіктестердің салымы, яғни, тартылған инвестициялар. Бүгінгі күні құны 14,9 млрд теңге болатын 19 нысан іске қосылды. Қалған бесеуі, соның ішінде, фармацевтикалық зауыт салынуда, оларды жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланып отыр.
Биыл ӘКК Индер ауданының Елтай ауылдық округінде Франция, Бельгия, БАӘ және Канада компанияларынан құралған халықаралық қаржы корпорациясы тартылған ірі жобаны бастайды. Іс жүзінде корпорация сегіз жобаны инвестициялайды. 20 гектарлық үлкен жылыжай мен күн электр станциясы ең ірісі болып табылады. Жылыжайдың жабыны мен 200 гектар жерге күн панельдері орнатылмақ. Күн электр станциясы 80 МВт энергия өндіретін болады. Бірінші кезеңде жылыжай жылына 5 мың тонна көкөніс өндіреді, әрі қарай 10 тоннаға дейін көбейтеді. Осы екі жобаға корпорация 100 млн доллар бөледі, қазақстандық тарап жер ұсынады. 203 гектар жер телімі бөлінді, «Солтек Қазақстан» атты біріккен кәсіпорын құрылды. Енді инвесторлардың келуін күтеді. Содан кейін ағымдағы жылдың аяғына дейін пайдалануға берілетін жылыжай мен электр станциясының құрылысын бастау жоспарланған. Ал келесі жылы бұл жоба халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінде таныстырылады.
- Ең алдымен жылыжай шаруашылығы экспортқа жұмыс жасайтын болады. Шетелдік инвестор екі жыл Қазақстан мен Еуразия экономикалық одағы елдерінің нарығын зерттеумен айналысты. Біздің облысқа таңдау жасады. Автотрассада қолайлы орналасуына байланысты Индер ауданы таңдалды. Негізгі экспорттық бағыт - Ресей және осы ел арқылы өтетін Шығыс Еуропа. Бұрын корпорация негізінен Еуропада жұмыс істеді. Алайда Еуропа мен Ресей Федерациясы арасындағы санкция режиміне байланысты өндіріс құлдырай бастады. Сөйтіп ол қазақстандық нарыққа шықты. Оның үстіне, бізде РФ-на қарағанда инвестициялық климат анағұрлым қолайлы. Атап айтқанда, ҚҚС 18 пайыз емес, 12 пайыз. Оған қоса ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан субсидиялар беріледі, - дейді Абат Тасимов.
Жылыжай шаруашылығында түрлі сұрыптағы қызанақ, бұрыш, қиярларды өсіру жоспарланып отыр. Аумақта сонымен қатар өнімдерді орау үшін алаңы 5 мың шаршы метр логистикалық орталықты орналастыру жоспарланған. Өндіріс экспортқа арналған, алайда инвесторлар Батыс Қазақстанның төрт облысының қажеттіліктерін де қамтуға уәде беріп отыр. Егер іс табысты болса, жылыжай алаңын уақыт өте келе 40 гектарға дейін көбейту жоспарланған.
…Журналистер Абат Тасимовтан неліктен мемлекеттік қызметкерлерді тұрақтандыру қорынан картоп сатып алуға мәжбүрлейтінін түсіндіруді өтінді. Оның айтуынша, тұрақтандыру қоры төрт тонна көкөніс сатып алған. Оның үш тоннасы сатылған және қазіргі кезде тағы бір тоннасы сатылуда.
- Бізде мемлекеттік қызметкерлерді картоп сатып алуға мәжбүрлейді деген ақпарат жоқ. Қалалық және ауылдық әкімдіктер операторларды таңдайды және олар арқылы бұл өнімді белгіленген баға бойынша сатады. Атап айтқанда, біздің өнім «Сарайшық» коммуналдық базарында сатылады. Мен бұл мәселені анықтайын, - деді ол.
Зульфия ИСКАЛИЕВА