Атырау, 29 қараша 06:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қулыққа толы шоттар

3 020 просмотра

Біраз уақыттан бері Атырау тұрғындары «КҚЕО» (Коммуналдық қызметтерді есептеу орталығы) ЖШС-нен бірыңғай төлем құжатын ала бастады. Алайда бұл шоттардағы сомалар дұрыс бола бермейді.

«НЕЛІКТЕН ҮШ АДАМ ҮШІН ТӨЛЕУГЕ ТИІСПІН?»

«АЖ»-ға оқырманымыз - Авангард тұрғыны Людмила НИКОЛАЕВА хабарласты. Жыл басынан бері оған КҚЕО-нан шоттар келеді екен. Шоттың «қоқыс шығару» деген бағанында оның 3 адам үшін төлеуге тиіс екендігі көрсетілген. Ал, Людмила Николаева пәтерге бір өзі тіркелгенін, «Арнаулы автобаза» ЖШС базасында да тек бір адамның есепте тұрғанын растайды. Оның үстіне, 28 қаңтарда қоқыс шығару қызметі үшін бір жыл бұрын төлеп қойған, одан кейін қандай да болмасын түбіртек келуі тиіс емес екен. Л.Николаева төлемді Авангард, 3 ы/а, № 35-үй мекенжайында орналасқан «Арнаулы автобаза» кассасына төлепті. Қолында төлем құжатының түпнұсқасы бар. Людмила сол түпнұсқаны «Арнаулы автобаза» мамандарына көрсеткен. Ондағылар Авангардтағы кассада төленген төлем әлі түспеген шығар немесе кәсіпорынның бас кеңсесіндегі компьютерлік дерекқорға енгізілмеген шығар деп түсіндірген.

- Бұл КҚЕО деген не қылған қызмет, менің пәтерімде тұратын адам санына қатысты қате мәліметтерді оларға кім береді? Неліктен 2 айдан бері «Арнаулы автобаза» кассаларында абоненттер төлеген төлемдер туралы мәліметтер синхрондалмайды? - деп наразылық білдірді Николаева. Оның көршілерінің көпшілігі осындай қате шоттар алған.

Редакция сауалына берген жауабында «Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Мұратбек МАХАНОВ 2015 жылдың қарашасында биллингтік қызметтер (биллинг - ұсынылған қызметтер есебінің автоматтандырылған жүйесі, оларды тарифтеу және төлеу үшін шоттар шығару - З.И.) бойынша тендер жарияланғанын хабарлады. Мемлекеттік сатып алулар бойынша өткізілген байқауда «КҚЕО-Атырау» ЖШС жеңімпазы болып, сол уақыттан бері түбіртек шоттарды шығарумен және таратумен айналысады екен. «Арнаулы автобаза» КҚЕО-на өз абоненттері бойынша мекенжайларды, тұрушылар саны мен сальдо туралы бүкіл мәліметтерді берген. Сондықтан тұратын абоненттер санын «КҚЕО-Атырау» ЖШС-нен нақтылауы қажет. Әрі қарай хатта техникалық себептерге байланысты касса мен компанияның бас кеңсесінде төлемдер туралы мәліметтердің синхрондалуы кешіктірілгені хабарланған. Авангардтағы кассалық бөлімшеде ескі дерекқор қолданылғандықтан, «Арнаулы автобаза» ЖШС бас кеңсесіне төлемдер кеш түскен. 2016 жылдың наурызында бөлімшеге түскен төлемдер бойынша жаңа база орнатылды, бүгінде төлемдер автоматты түрде синхрондалады.

КОММУНАЛШЫЛАР АЙЛАСЫ

- Атырауда коммуналдық қызметтер үшін бірыңғай төлем құжатын жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Жаңа жүйе Қазпоштаның, екінші деңгейлі банктердің бүкіл кассаларында, төлем терминалдары мен интернет-ресурстарда бір құжатпен бүкіл коммуналдық қызметтерді төлеуге мүмкіндік береді. 2015 жылдың желтоқсанынан бастап біз бірыңғай төлем құжатына «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ, «Арнаулы автобаза» ЖШС, «Атырау домофон қызметі» ЖШС, «Алма ТВ» ЖШС секілді қызмет жеткізушілерді енгіземіз. ҮГЖТ ҚК (үйішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсету) қызметін де төлеуге болады, - дейді «КҚЕО Атырау» ЖШС директоры Асхат ЖУЛАТОВ.

- Бірақ Авангардта тұратын біз жауап алған абоненттер тек «Арнаулы автобаза» қызметі үшін шот көрсетілген құжатты алады екен.

- Бізге қызмет жеткізушілер сальдо ұсынған абоненттерге ғана шот шығарылады. Біз бүкіл абоненттер туралы мәліметтер ұсыну қажеттігін жеткізушілерге хабардар еттік. Бірақ іс жүзінде кәсіпорын бізге тек дебиторлық қарызы немесе ағымдағы төлемдері бар абоненттер туралы ғана мәліметтер береді. Қызметтерін алдын ала төлейтін абоненттерді олар бізге көрсетпейді.

Жулатов бірыңғай төлем құжатын жасаған кезде кәсіпорын мамандары өздеріне коммуналдық қызметкерлер ұсынатын мәліметтерді пайдаланатынын растады. Ендеше қате деректердің қайдан алынатындығы түсініксіз.

Өз есімін атағысы келмеген коммуналдық қызмет өкілі әңгіме кезінде мұндай тәжірибенің бар екенін айтты. Бұл белгілі бір тұрғын үй алаңындағы тұрғындардың нақты санын анықтау үшін жасалады екен. Мәселен, энергішілердің дерекқорында пәтер иелері есепте тұрған бүкіл отбасы мүшелерін тіркейді, бұл анағұрлым тиімді тарифті пайдалануға мүмкіндік береді. «Арнаулы автобаза» немесе «АСА» ЖШС (егер ыстық, салқын су есептегіштері орнатылмаса) базаларында - керісінше, тұрғындардың аз саны көрсетіледі. Өйткені, әр абонент үшін жеке-жеке тариф төлеу керек. Сондықтан коммуналдық қызметкерлер қателескен болып, тұрғындар санын көп етіп жазады. Ал, үй иесі олай еместігін дәлелдеуі тиіс.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.