20 сәуір күні Атырауға ҚР Ұлттық Экономика министрлігінің жұмыс тобы келіп, жаңа Жер кодексі тақырыбында брифинг өткізді. Ол заңды күшіне биыл 1 шілдеден бастап енеді. Онда мемлекеттік жерді сату және жалға беру қарастырылған. Кодекстің дәл осы нормасы, сондай-ақ, бір миллионнан аса гектар жердің шетелдіктерге сатылуы мүмкіндігі туралы ақпарат қоғамды дүрліктірді.
Сонымен, жаңа Кодекстің 24-бабына сәйкес, жер телімдері Қазақстан азаматтары мен жергілікті компанияларға аукцион арқылы сатылады, ал, шетел азаматтары мен елімізде елу пайыздан асатын заңды үлесі бар шетелдік компанияларға 25 жылға дейінгі мерзімге жалға беріледі. Елу пайыздан төмен заңды үлесі бар компаниялар жерді сатып алуға құқық беріледі, яғни, олар Қазақстан жерінің жекеменшік құқық иесі бола алады.
ҚР ҰЭМ-нің экономика инфрақұрылымын дамыту департаменті директорының орынбасары Гүлжаһан БИМЕНДИНАНЫҢ айтуынша, мемлекет меншігінде запастағы жер қорында қазір 100 млн-ға жуық гектар жер бар (Салыстыру үшін келтірсек: Қазақстанның барлық алаңы 2,725 млн шаршы шақырымды немесе 272 млн гектар жерді құрайды).
- Шетелдіктер мен шетелдік фирмалар инвестициялар тартқан жағдайда ғана жерді пайдалана алады және тек уақытша пайдалану құқығына ие бола алады. Оларға жалға берілетін жерлерді жергілікті атқарушы органдар анықтап, беруге дайындауда. Телімдер конкурс негізінде беріледі. Қазір конкурс өткізу процедурасының ережелері әзірлену үстінде. Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалану ережесіне сәйкес, пайдалануға берілген жерлердің топырағының сапасын тексеріп тұрады. Жер инспекторлары телімдерді пайдалану процесін үнемі бақылауда ұстап тұрады, - деді Г.Бимендина. - Одан бөлек, жаңа жер Кодексіне сәйкес, Қазақстан азаматтары ауылшаруашылық мақсатындағы жалға алған жер телімінің мерзімі бітпей тұрып оны нотариус арқылы сатуға немесе сыйлауға, кепілге қоюға құқылы. Бұл пайдаланылмай бос жатқан жерлерді айналымға қосу үшін, тиімді пайдалану үшін қажет. Шетелдік азаматтардың бұл жер телімдерін сатып алуға құқығы жоқ. Біз барлық нюанстарды ескердік. Нотариат туралы заңға өзгерістер енгізілді, соған сәйкес нотариус шетелдік азаматтармен жерді сату бойынша мәміле жасауға тыйым салынған. Нотариус арқылы сатылған жерлер автоматты түрде әділет министрлігіне тіркеледі. Сатылған, сатып алынған жерлердің иелері туралы ақпаратты мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінен көруге болатын болады. Бірақ, жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылу керек. Бұған бақылау жүргізіледі.
Қоғам белсендісі Талғат АЯН қазақстандық қатысу үлесі 50 пайыздан төмен компаниялардың жер телімдеріне қатысты мәмілелерді бақылау туралы сұрақ қойды.
Г.Бимендина:
- Мәселен, егер бірлескен компаниялардың қазақстандық үлесі 70 пайыз (яғни 50 пайыздан жоғары), ал, шетелдік тарапының үлесі 30 пайызға тең болса, онда компания аукциондарға қатыса алады. Бірақ, бұл компаниялар бақылауда болады. Бірлескен кәсіпорындар бізде көп емес, олардың шынайы үлесі тексеріліп тұрады.
Аукцион өткізу тәртібі туралы ҚР ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын және геодезиялық қызметті мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Самат СӘРСЕНОВ айтып берді:
- ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №792 бұйрығымен ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға берілмеген жерлердің ҚР азаматтарына немесе заңды тұлғаларына аукцион арқылы сату тәртібі туралы ережесі бекітілген. Жерді аукцион арқылы кадастрлық құнынан жоғарылату шарты қарастырылған. Әр аукцион екі рет жүргізіледі. Егер де екі аукционда да жер сатылмаса, онда үшінші рет бағасын төмендету әдісімен әрі қарай үшінші рет аукцион жүргізіледі. Мұнда атап өту керек, жердің кадастрлық құны 50 пайыздан төмендетілмейді. Төмендетілген жағдайда жер телімі аукционнан алынып тасталады. Бұл жерлердің қазақстандықтарға сатылуына қатысты. Ал, шетелдіктер мен шетелдік үлесі 50 пайыздан асқан немесе компанияларға жер телімдері арнайы конкурстар арқылы тек қана жалға берілетін болады.
- 1 млн гектар жер шетелдіктерге жалға беріледі деген ақпарат бар. Бұл қаншалықты рас?
- Бұл өтірік ақпарат. Қайдан шыққанын білмеймін.
- Ал, Қазақстан азаматтарына сатылатын жер көлемі 1,7 млн гектарды құрайды, солай ма?
- Әзірге белгісіз. Кодекс заңды күшіне 1 шілдеде енген кезде жергілікті атқарушы органдары саудалауға болатын мемлекеттік қордағы жер телімдерінің тізімін жасақтайды.
- Сатылатын жерлердің құны қаншаны құрайды?
-
- Сатылатын және жалға берілетін жерлердің нормативтік көлемі бар ма? Жалға берілетін жердің құны қанша болмақ?
- Қазақстанның қалталы азаматтары жер сатылған жағдайда көптеген жер телімдерін сатып алып, олардың бәрі жеке меншігіне шоғырланып кетпей ме деген мәселе туындауы мүмкін. Ол жөнінде ҚР үкіметінің 2003 жылы 22 қазанда қабылданған №1071 қаулысы бар. Осы қаулы бойынша ҚР аудан бірліктері бойынша жекеменшікте болатын жерлердің шектеу көлемі бар. Әңгіме егістік, жайылым, шабындық, суармалы жерлердің қанша гектарын жеке және заңды тұлғалар өздерінің жеке меншігіне сатып ала алатынына қатысты. Мәселен, Атырау облысы бойынша шектеу көлемі жеке тұлғаларға
Бағаларға қатысты айтсақ, мысалы, Атырау облысында жайылымдық жердің
- Қазір Қытай ауыл шаруашылығы корпорацияларының Қазақстан нарығына кіргені туралы айтылып жүр. Бұл елімізге көптеген Қытай азаматтары жұмысқа келеді деген сөз. Заң бойынша бес жылдан кейін, ал Қазақстан азаматшасына үйленген жағдайда үш жылдан кейін, олар Қазақстан азаматтығын ала алады. Ал, бұл оларға жерді жекеменшікке алу құқығын береді...
Г. Бимендина:
- Жерлерді шетелдіктерге жалға беру кезінде шектеулер бар, қазір олар қаралуда. Сонымен қатар, мемлекет елімізге тартылған шетелдік жұмыс күшінің санын реттеп отырады. Бұл жайттар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді конкурс арқылы жалға беру ережелерінде ескерілген.
Айнұр САПАРОВА
Суретті түсірген автор