Атырау, 29 қараша 01:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Чек жоқ па? Міне, бейнежазба!

3 270 просмотра

Тіпті сатып алушыда сатып алынған тауардың чегі болмаса да, ол тек куәгер жауабына сілтеп қана қоймай, дәлел ретінде фото және бейнетүсірілімді қолдануға құқылы. Тұтынушылар құқығын қорғау саласында осы және басқа да өзгерістер туралы республикалық Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің бас сарапшысы Розалия ЕРМЕКПАЕВА облыстық әкімдікте өткен кеңесте әңгімеледі.

21 сәуірде бірқатар басқа да заңды актілермен қатар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және тұтынушылар құқықтарына қатысты басқа да құқықтық актілер туралы» Заң күшіне енді.

Р.Ермекпаеваның айтуынша, енді тауарларды сатып алу және қызметтерді алу келісімшарттарында екіұшты түсініктер жоқ, нақты айтылған шарттар болуы тиіс. Мәселен, сатушы немесе жеткізуші тұтынушының өміріне, денсаулығына және мүлкіне нұқсан келген жағдайда жауапкершіліктен жалтармауы тиіс, сатып алушылар мен клиенттерге қосымша тауарлар мен қызметтерді күштеп бермеуге, өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тұтынушыға тауар немесе қызмет құнының 30 пайызынан көп айыппұл салмауға тиіс.

Сондай-ақ, тұтынушының пайдаланылмаған тауар немесе қызмет үшін қалдырған кепілақшасын, егер сатып алушы келісімшартты бұзғысы келсе, сатушының қайтармауға құқығы жоқ. Бағаны көтеруге және келісімшартты бұзу құқығын бермеуге де болмайды.

Жылу үшін қарызы болған жағдайда электр энергиясын ажырату (және керісінше) заңсыз болып табылады. Бұл «Энергетика туралы» заңға енгізілген толықтыруларда айтылған. Сатушы тауарды баға көрсеткіште көрсетілген құн бойынша сатып алушыға сатуға міндетті және «бағаны ауыстырып үлгермедік» деген секілді желеулер жарамсыз болып табылады. Мұнда сатып алушы дүкенде фото және бейнетүсірілім жасай алады, күзетшілердің бұған кедергі жасауына құқығы жоқ. Тұтынушы екі тілде – қазақ және орыс тілдерінде ұсынылған тауар туралы ақпарат алуға құқылы. Осы тармақтың бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

- Сатушы тауарлық түрінің, тұтынушылық қасиетінің, пломбасының, затбелгілерінің сақталғандығына қарамастан, техрегламент талаптарына сай келмейтін, мерзімі өтіп кетіп сатылған тауарды 30 күнтізбелік күн ішінде ауыстыруды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті, - дейді Р.Ермекпаева. Егер бұрын сатып алушылар өздеріне сапасыз тауар сатқанын дәлелдеу үшін сарапшыларды өздері жалдап, зертхана қызметтерін қолданған болса, енді, керісінше, даулы жағдайда сатушы оның тиісті сапада екенін дәлелдеуге міндетті. Тауарды сатып алушының бүлдіргені анықталса (дұрыс пайдаланбаса және т.б.), тұтынушы сараптама құнын өтеуге тиіс. Тұтынушыны өзіне қажетті емес мөлшерде және (немесе) ассортиментте тауар (жұмыс, қызмет) сатып алуға мәжбүрлеуге тыйым салынады. Яғни, сатып алушы, мәселен, егер өзіне жарты келі қант қажет болса, өлшеніп салынған 2 келілік қантты алуға міндетті емес.

Жаңа заңнама тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтар мен одақтардың құқықтарын кеңейтуге мүмкіндік береді. Олар тауардың тұтынушылық қасиеттерімен, оған сұраныспен жете таныса алады, тауар сапасы туралы қоғамдық пікірді анықтау үшін тұрғындардан сауалнама жүргізе алады, шағымдар мен өтініштер қабылдап, тұтынушылардан шағым түскен жағдайда тауар немесе қызмет сапасына баға беру үшін мемлекеттік органдарға жүгініп, сотқа талап арыздар бере алады, соның ішінде тұтынушылардың анықталмаған шеңберінің мүддесін қорғау үшін жүгіне алады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретке түсірген автор
17 мамыр 2016, 15:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.