Атырау, 5 тамыз 21:49
 дождьВ Атырау +34
$ 471.98
€ 543.39
₽ 5.82

Кәріз станциясы кәдеге ассын

Сурет
2 265 рет қаралды

Индербор кентінде үш жыл бойы салынған кәріз суын айдау станциясы пайдаланылуға берілді.

Қуаттылығы тәулігіне 4 500 текше метр кәріз суын айдауға жететін станция ғимаратының құрылысы мен құрал-жабдықтарын сатып алуға бюджеттің 1 млрд 670 млн теңге қаржысы жұмсалған. Нысан тапсырысшысы облыстық құрылыс басқармасы болса, мердігері «Алау-Жайық» ЖШС (директоры Жасұлан СЕЙТҚАЛИЕВ).

- Құрылыс жұмысы мемлекеттік қабылдаудан өтті. Кәріз ғимараты аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансына беріледі, - дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Бауыржан ИМАНҒАЗИЕВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

14 сәуір 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.