Атырау, 29 қараша 03:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Өнім подиумға және казармаға жол тартпақ

1 570 просмотра

«Атырау ПОШ» ЖШС шығаратын қой жүнінен жасалған көрпелерді казармалар мен пойыздарға жөнелту жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммунициялар қызметінің брифингінде «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасының төрағасы Абат ТАСЫМОВ әңгімеледі.

Естеріңізге сала кетейік, түйе және қой жүндерін бастапқы өңдеуден өткізу кешенінің құрылысы 2014 жылдың қазан айында басталған болатын. Нысанның жобалық құны 780 млн теңге, оның ішінде 382,2 млн теңге ӘКК қаржысы, ал қалғаны жоба бастамашысы «Достан ата» шаруа қожалығының қаржысы. Өткен жылдың желтоқсан айында кешен пайдалануға берілген еді. А.Тасымовтың пікірінше, бұл бірден-бір ерекше өндіріс. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған жылдары біздегі мал шаруашылықтарында мал жүнін өткізу мүмкіндіктері болған жоқ, оларды өртеп жіберді не болмаса жерге көміп тастап отырды. Осы зауытты іске қосу арқасында бұл шикізатты өткізу мүмкіндігі пайда болды. Түйе жүні жоғары сұранысқа ие болды, түйе мамығын тіпті, жоғары сән әлемінде қолданады. Ал, біздің аймақта қой жүні басты шикізат болып табылады. Ол түйе жүніне қарағанда қылшық жүнді болып келеді, оның үстіне Атырау облысында негізінен қылшық жүнді қой тұқымын өсірумен айналысады. Ондай жүннен тек көрпелер ғана жасауға болады.

– Көрпелердің алғашқы сынамалы партиясы шығарылды. Бүгінгі таңда оларды Қорғаныс министрлігі арқылы казармаларға өткізу мәселесі шешіліп жатыр. Өнімді өткізудің екінші жолы – «Қазақстан Теміржолы» компаниясы. Олар көрпелерді өздерінің еншілес құрылымы «Жолаушылар тасымалы» үшін алатын болады. Күні бүгінге дейін жамылғылар Ресейден және басқа ТМД елдерінен сатып алынған. Осылайша біз осы мәселеге қатысты импортты алмастыру бағдарламасын да орындай аламыз, - деп атап өтті Тасымов.

Зульфия ИСКАЛИЕВА
22 сәуір 2016, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.