Сурет Кәкімжановтың facebook парақшасынан алындыБүгiнгi таңда төтесiнен қойылатын қабырғалы мәселе – жер мен топырақ жағдайын және жер пайдалануды бақылайтын, мониторинг жүргiзетiн ұлттық жүйе құру.
Бұл мәселенi шешпей тұрып, жер қатынастарын реформалауға және жердi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi пайдалану құқығы барларға бөлiп беруге (сату, жалға беру) болмайды.
Мониторинг пен бақылауға байланысты ұлттық жүйе пайдалану түрiне қарай жер мәртебесiн белгiлейтiн нақты Жер кадастрын құруды аяқтауға мүмкiндiк бередi. Әйтпесе, соңғы жылдары егiн егетiн жер жайылымға, жайылымдық жерлер егiншiлiкке айналып, бәрi мидай араласып кеттi.
Елдегi барлық жердi топырақ бонитетiне қарай шынайы бағалауды бастау қажет. Кеңес кезiндегi есептеулер қазiр жарамайды, ал 1991 жылдан кейiн көптеген жер ауыспалы егiс айналымынсыз пайдаланылды.
Соңғы жылдары жерлердi тиiмсiз игеру ең алдымен субсидия беру жүйесiмен тығыз байланысты. Шағын ғана жерi бар шаруалардың ауыспалы егiстi қолдануға қалтасы көтермейдi, ал субсидия алу үшiн бұл жерлерге үнемi аталған дақылдарды егiп отыру қажет. Нәтижесiнде ондаған мың гектар жер тозып кеттi. Субсидия қанша өнiм алғанға емес, жыртылатын жердiң айдалған көлемiне қарап берiлдi. Нәтижесiнде, көп алқаптың егiнi жиналмай қалды, өйткенi егiн жинауға көп ақша керек, өнiмдiлiгi төмен егiндi жинағаннан көрi, субсидияның ақшасын алып отыра берген тиiмдi.
Яғни, пайдаланылып жатқан барлық жердi ауқымды көлемде ревизиядан өткiзу қажет. Сонымен бiрге қараусыз қалған жердiң нақты көлемiн де анықтап алу керек. Бiрақ елде осы жұмыстарды 2-3 жылда аяқтайтын бiр де бiр ұйым немесе институт жоқ.
Әлемде ауыл шаруашылығы инфрақұрылымындағы мемлекеттiк институттардың озық тәжiрибелерi бар. Бiзге Аргентинаның INTA деп аталатын аграрлық технологиялардың ұлттық институтының тәжiрибесi жақсы келер едi. Жартылай мемлекет қазынасынан, жартылай ауыл шаруашылығы құрылымдарына көрсеткен қызметi үшiн алған пайдасына күн көретiн мемлекеттiк ұйым ғылым ойлап тапқан жаңа технологияны фермерге жеткiзудi, ауыспалы егiс мәдениетiн қалыптастыруды, жер және топырақ жағдайын бақылауды, топырақ пен ылғал көлемiн өлшеудi, мәдени дақылдар мен мал тұқымын аудандастыруды, селекциялық жұмысты, ветеринарлық бақылау мен фитосанитариялық қызмет көрсетудi, техника түрлерiн енгiзудi, ауыл шаруашылығын жүргiзуге қатысты ақыл-кеңес беру мен оқытуды, өнiмдерге сертификат тапсыруды, барлық рұқсат құжаттарын берудi мойнына алады. INTA жұмысының арқасында Аргентина мемлекеттiк дотациядан тәуелсiз тиiмдi ауыл шаруашылығы жүйесiн құрып алды.
Жердi пайдалану мен жер мен топырақ сапасына қатысты терең талдау мен мониторинг жасап алмай, жердi тиiмсiз пайдаланып отырғандардан тартып алып, оны әрi қарай сатуға немесе жалға беруге бағытталған барлық шара мiндеттi түрде қарсылықпен, наразылық, дау-дамаймен аяқталады. Жерге қатысты заңдарда жердiң қандай жағдайда мақсатсыз пайдаланылды деп саналатынын анық көрсетiп, нақты ұғымдар мен көрсеткiштердi енгiзу қажет.
Жердi сату, жалға беру мен жер салығының әдiлеттi, экономикалық негiзделген ақысы белгiленiп, заңмен бекiтiлуi тиiс. Топырақ бонитетiнiң дәл баллдары көрсетiлген жер кадастрынсыз жердi сатып алу, жалға берудiң және жер салығының экономикалық негiздемесi нақтыланған ақысын белгiлеу мүмкiн еместiгiн баса айтқым келедi.
Соңғы 5-6 жылда жердi жөнсiз, тiптi қылмыстық түрде пестицид, гербицид, минералды тыңайтқыштармен улау қайта күшейдi. Мұндай жабайылықтың нақты санын ешкiм айта алмайды. Оған бақылау жоқ.
Барлық өңiрде жердi жасырын субжалдауға беру белең алған. Жағдайы жоқ жер иелерi жерлерiн сырттан келген “фермерлерге" жалға бередi, ал олар өз кезегiнде жердi аяусыз тоздыруда. Бұл адам денсаулығына зиян стимуляторлар мен өсу гормондары, малға қауiптi азық қоспаларын беру етек алған мал шаруашылығына да қатысты. Мұндай препараттар заңсыз түрде Қытайдан жеткiзiледi.
Әзiрге мұны шетелдiк инвесторлар емес, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлер iстеп отыр.
Егер алдағы екi-үш жылда химиялық заттарды қолданудың мөлшерiн заңды түрде бекiтпесек, болашақта шетелдiк инвесторлардың бұдан да үлкен ауқымда жерiмiздi ластауына жол ашып беремiз.
Бiздiң таза жерiмiз бар, еңбек күшi, мамандар және басқару тәжiрибесi бар, тек инвестиция жетпейдi.
Ауыл шаруашылығы кез келген пайыздық өсiмақыны көтере бермейдi. Қазiргi 4-5 пайыздық жеңiлдiктердi алып қарасақ, 4-5 жылдық жеңiлдiк мерзiмiн қоса алғанда, негiзгi қарыз бен пайыздық үстемеақының алғашқы төлемi капиталға шаққанда 16-25 пайызға жетедi, мұндай рентабельдiлiк ауыл шаруашылығында болған емес және болмайды да.
Қалаға көшiп кеткен еңбек күшiн ауылдарға қайтару үшiн, ауылдардағы әлеуметтiк инфрақұрылымдарды қалпына келтiру мен тұрғын үй салуға арналған мемлекеттiк жоспар қажет.
Соңғы жылдары аграрлық бизнеспен айналысқысы келетiн бiлiмдi жастар көбейдi. Ауыл шаруашылығын басқару iсiнiң беделiн көтеретiн ұлттық бағдарлама қабылданса, салаға жас бизнесмендер де келер едi.
Елдегi ауыл шаруашылығы саласына шетелдiк жұмыс күшiн тарту ешкiмнiң де басына келе қоймас. Мұндай бастамалар әлеуметтiк қақтығыстарға ұрындырады.
Яғни, ауыл шаруашылығын тек өз күшiмiзге сүйенiп көтере аламыз.
Алдағы 10 жылда:
– тұрғындардың ауылға қайтуы;
– тұрғындарды толығымен табиғи сапалы өнiммен қамтамасыз ету;
– тұрғындар арасындағы жұмыссыздықты азайту ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттарына айналуы керек.
Шетелдiк тұлғаларға жердi иелену құқығы берiлмеген жағдайда шетелдiк инвестицияларды қалай тартуға болады?
Қазақстандық ауыл шаруашылығы компаниялары үшiн шетелдiк инвестиция әкелудiң ең тиiмдi әрi дұрыс түрi – болашақта өнiм жеткiзу келiсiмшарты мен оны қаржыландыру мәселесi. Яғни қазақстандық компания белгiлi уақытта белгiленген бағамен келiсiлген сапада өнiм жеткiзiп беретiнi туралы мойнына алған мiндеттемесiнiң есесiне инвестиция алады.
Сонымен бiрге шетелдiк компаниялар отандық аграрлық компаниялармен бiрлесiп ортақ қор құра алады. Қордың қаржысы қазақстандық компанияның мүлiгiнен (жер иеленуге берiлетiн құқықтан өзге) және шетелдiктердiң ақшасы, техникасы және технологиясынан құралады. Қор мүлiктердi бiрге басқарады және түскен пайданы тең бөлiп алады. Қор түрлi себеппен тараса, жер қазақстандық компанияның иелiгiнде қалады немесе түрлi мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда мемлекет меншiгiне өтедi.
Қазiргi таңда шетелдiк инвесторлар аграрлық технологияны, астық сақтауды, өнiмдi өңдеу мен экспортқа шығаруды бақылайтын кешендi аграрлық кәсiпорындар құрудан өзге шетелдiк инвестиция тарту мүмкiн емес. Олар мiндеттi түрде вертикалды үлгiдегi ауыл шаруашылығы компанияларын құруға ұмтылады. Яғни, олар жердi жалға алуды қалайды.
Шетелдiк инвесторлардың жердi тиiмсiз пайдалануы мүмкiн екендiгiне қатысты қауiптiң жаны бар. Бiрақ осындай жердi ұқыпсыз пайдалану қаупi отандық компаниялар тарабынан да туындап отыр.
Сонымен бiрге шетелдiк компанияға ауыл шаруашылығында тәжiрибесi бар отандық компанияны әрiптес етудi мiндеттеуге де болады. Шетелдiк компанияларға жеңiлдетiлген салық тәртiбiн қалдыра отырып, оларға жердi пайдаланғаны үшiн төленетiн роялти белгiлеу керек. Сырттан әкелiнген ауыл шаруашылығы техникасының, құрал-жабдық пен химикаттардың бағасын әдейi көтерiп көрсету арқылы корпоративтi табыс салығын аз төлеуiн болдырмауы үшiн, шетелдiк компаниялар өндiрген өнiмнiң трансферлiк баға қалыптасуын бақылау тетiктерiн жасау қажет.
Отандық балама кәсiпорындар жоқ кей өңiрлерде шетелдiк компаниялардың вертикалды iрi кешендерiнiң құрылуына жол бермеген жөн. Өйтпегенде мұндай iрi компания шикiзат, азық, мал сатып алғанда жергiлiктi кәсiпорындарды шығынға батыратын баға саясатын жүргiзуi мүмкiн.
Бәскелестiктi күшейту үшiн, жергiлiктi монополияны болдырмау мақсатында өзге де шетелдiк инвесторлардың пайда болуына жағдай жасау қажет.
Отандық өнiм өндiрушiлер дамыған сайын, шетелдiк компаниялар жалдайтын жер квотасы азая бастауы тиiс.
Осылайша ауыл шаруашылығына шетелдiк инвестиция тарту үшiн шетелдiк компанияларға жердi жалға беруге болады, бiрақ бұл үшiн елдiң ауыл шаруашылығын ұзақ мерзiмге дамытуды қарастыратын жан-жақты, мұқият ойластырылған стратегия жасап алу керек.
Осы стратегия аясындағы жердi пайдалануды бақылау жүйесi елдiң барлық тұрғыны үшiн айқын әрi түсiнiктi болуы тиiс.
Қазiр халықтың елдегi жер қатынастарының қаншалықты дұрыс дамитынына көзi жетпейдi, ауылдық аймақтар мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiн қандай болашағы барын бiлмейдi, жердiң қалай пайдаланылуы керектiгiн, оны қалай тоздырмауға болатындығын, өзiмiздегi еңбек күшiн қалай қорғауға болатынын түсiнбейдi. Сондықтан бұл мәселеге қатысты елдiң алаңдап отырғандары әбден орынды және бұл әлеуметтiк толқуларға әкеледi.
Алдағы 3 жылда пайдаланылмай жатқан және дұрыс игерiлмеген жерлердi толық түгендеп, оларды мемлекет меншiгiне алу мәселесiн бастау қажет.
3 жыл iшiнде жаңа жобаларын ұсынған отандық инвесторларға сынақ түрiнде жалға жер берудi қолға алу қажет.
3-5 жыл аралығында ауыл шаруашылығына келетiн болашақ шетелдiк инвесторларға қойылатын талаптар, ережелер мен тәртiптер айқындалуы тиiс.
Жоғарыда аталған даму бағыттарын орындаған жағдайда бiз жақын 20 жылдағы экономиканың жетекшi саласына айналдыра аламыз.
Дереккөз: Zhasalash.kz