Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу саласында жергілікті қамту үлесін арттыруға баса назар аудару керек. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВТАН оның Атырау облысына келген сапарында осындай тапсырма алған.
Мұнай бағасының құлдырауы салдарынан біздің өңірімізде мұнай-сервис компанияларында өндіріс көлемдері азайып, жұмыс орындары қысқаруда. Тимур Құлыбаевтың пікірінше, ТШО-ны кеңейту және Қашаған кенішін іске қосу жобалары үлкен демеу болуы мүмкін. Бұл жергілікті және жалпы қазақстандық компаниялар үшін жұмыс көлемдерін көбейтуге әкеледі. Аяқта нық тұрудың тағы бір тәсілі - жер қойнауын пайдаланушылармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау. Қазір ТШО-да осындай жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар инвесторлар Қазақстанда қандай өндірісті шектей алатындарын ойланулары тиіс.
- Мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы секторлардағы сатып алулар (ал бұлар бүгінде 8 трл теңге) қиын кезеңде отандық тауар өндірушілер үшін драйвер бола алады. Әсіресе, бұл Атырау облысы үшін өзекті. Ол жерде ірі жер қойнауын пайдаланушылар көп шоғырланған. Сіздерде сатып алулар бойынша жеткілікті мөлшерде үлкен көлемдер бар. Осы артықшылықтарды пайдалану керек, - деп атап өтті Құлыбаев Салтанат сарайы ғимаратындағы кездесу кезінде.
Құлыбаевтың айтуынша, бастысы – жер қойнауын пайдаланушылар техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде отандық тауар өндірушілердің сұранымдары мен мүмкіндіктерін ескеруі керек. Егер техникалық ерекшелікті шетелдік кәсіпорындардың өнімдеріне сай әзірлесе, отандық өндірушілердің сатып алуларға ешқашан қол жеткізе алмайтындығы түсінікті.
Өз кезегінде, отандық тауар өндірушілерге сапа мен баға бойынша стандарттарға сай келуі керек.
Құлыбаев ерекше назар аударуды қажет ететін тағы бір сұрақтар блогын айқындады. Бұл – жекешелендіру процесінде отандық бизнестің мүдделерін қамтамасыз ету. Қазір білім беру, медицина салаларындағы ұсынылатын кәсіпорындар бизнеске қызығушылық танытпайды, нәтижесінде тендерлер өтпеген деп танылады. Сондықтан кәсіпкерлер палатасына әкімдіктермен бірге бәсекелестік ортаға берілетін коммуналдық кәсіпорындар тізімдерімен жете танысу керек. Әрине, қаржыландыру мәселесі туындайды, өйткені банктер «ұзақ ақшаларды» құлықсыз бөледі. Мемлекеттік-жеке серіктестік, бөліп төлеу және басқа нұсқалар бұдан шығар жол болуы мүмкін.
Жергілікті бизнестің жүйелі проблемалары туралы әңгімелеген ӨКП директоры Асылбек ЖӘКИЕВ, егер өткен жылдары бұл - әкімшілік кедергілер болса, қазір өнімдерді өткізу бірінші орынға шыққанын атап өтті. Кәсіпкерлер сапа белгілі бір жеткізушілерден талап етіледі, тапсырыс берушілердің мердігерлерге «өздерінің» қосалқы мердігерлерін тықпалайды, деп шағымданады.
Кездесуге қатысқан Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ айтуынша, бұрынғы өңір басшысы бастаған мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды жүзеге асыру жалғасын табады.
- Бүгінде, көптеген ауылшаруашылық жобалары жақсы нәтижелер береді, жергілікті өнім сұранысқа ие. Оларды өткізу үшін облыстық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді, тағы 18 млрд теңгені бизнесмендер салды, - деді Ноғаев. Сосын жергілікті биліктің алдағы уақытта да бизнесті жан-жақты қолдайтындығына сендірді.
Зульфия ИСКАЛИЕВАМұнай бағасының құлдырауы салдарынан біздің өңірімізде мұнай-сервис компанияларында өндіріс көлемдері азайып, жұмыс орындары қысқаруда. Тимур Құлыбаевтың пікірінше, ТШО-ны кеңейту және Қашаған кенішін іске қосу жобалары үлкен демеу болуы мүмкін. Бұл жергілікті және жалпы қазақстандық компаниялар үшін жұмыс көлемдерін көбейтуге әкеледі. Аяқта нық тұрудың тағы бір тәсілі - жер қойнауын пайдаланушылармен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау. Қазір ТШО-да осындай жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар инвесторлар Қазақстанда қандай өндірісті шектей алатындарын ойланулары тиіс.
- Мемлекеттік және мемлекеттік сыңайлы секторлардағы сатып алулар (ал бұлар бүгінде 8 трл теңге) қиын кезеңде отандық тауар өндірушілер үшін драйвер бола алады. Әсіресе, бұл Атырау облысы үшін өзекті. Ол жерде ірі жер қойнауын пайдаланушылар көп шоғырланған. Сіздерде сатып алулар бойынша жеткілікті мөлшерде үлкен көлемдер бар. Осы артықшылықтарды пайдалану керек, - деп атап өтті Құлыбаев Салтанат сарайы ғимаратындағы кездесу кезінде.
Құлыбаевтың айтуынша, бастысы – жер қойнауын пайдаланушылар техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде отандық тауар өндірушілердің сұранымдары мен мүмкіндіктерін ескеруі керек. Егер техникалық ерекшелікті шетелдік кәсіпорындардың өнімдеріне сай әзірлесе, отандық өндірушілердің сатып алуларға ешқашан қол жеткізе алмайтындығы түсінікті.
Өз кезегінде, отандық тауар өндірушілерге сапа мен баға бойынша стандарттарға сай келуі керек.
Құлыбаев ерекше назар аударуды қажет ететін тағы бір сұрақтар блогын айқындады. Бұл – жекешелендіру процесінде отандық бизнестің мүдделерін қамтамасыз ету. Қазір білім беру, медицина салаларындағы ұсынылатын кәсіпорындар бизнеске қызығушылық танытпайды, нәтижесінде тендерлер өтпеген деп танылады. Сондықтан кәсіпкерлер палатасына әкімдіктермен бірге бәсекелестік ортаға берілетін коммуналдық кәсіпорындар тізімдерімен жете танысу керек. Әрине, қаржыландыру мәселесі туындайды, өйткені банктер «ұзақ ақшаларды» құлықсыз бөледі. Мемлекеттік-жеке серіктестік, бөліп төлеу және басқа нұсқалар бұдан шығар жол болуы мүмкін.
Жергілікті бизнестің жүйелі проблемалары туралы әңгімелеген ӨКП директоры Асылбек ЖӘКИЕВ, егер өткен жылдары бұл - әкімшілік кедергілер болса, қазір өнімдерді өткізу бірінші орынға шыққанын атап өтті. Кәсіпкерлер сапа белгілі бір жеткізушілерден талап етіледі, тапсырыс берушілердің мердігерлерге «өздерінің» қосалқы мердігерлерін тықпалайды, деп шағымданады.
Кездесуге қатысқан Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ айтуынша, бұрынғы өңір басшысы бастаған мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде, соның ішінде ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды жүзеге асыру жалғасын табады.
- Бүгінде, көптеген ауылшаруашылық жобалары жақсы нәтижелер береді, жергілікті өнім сұранысқа ие. Оларды өткізу үшін облыстық бюджеттен 20 млрд теңге бөлінді, тағы 18 млрд теңгені бизнесмендер салды, - деді Ноғаев. Сосын жергілікті биліктің алдағы уақытта да бизнесті жан-жақты қолдайтындығына сендірді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА