Атырау, 29 қараша 06:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Депутаттар не үшін керек?

2 340 просмотра

Елімізде депутаттардың жұмысы мен оларға төленетін бюджет қаржыларының жұмсалуы туралы дау туындап жатқан кезде жаңадан сайланған қалалық маслихаттың депутаты Муса ХАЙРУЛЛИЕВ өзі білім алған оқу мекемесіне қолұшын беріп те үлгерді. Ол өзі түлеп ұшқан алтын ұясы - Алтынсарин атындағы мектептің ауласына көшеттер отырғызды.

Депутат өз қаржысына 71 ағаш сатып алып, суару жүйесін жүргізіп, мектеп оқушыларымен бірге баспасөз өкілдерін қатыстыра отырып көшеттер отырғызды. Бұл оның Жеңіс күніне арнаған сыйы болды.

Бұл бастама көп адамдар үшін үлгі болар деген үміттемін. Соңғы уақытта бизнесмендердің біразы өздері аяқтарынан тұрып алған соң, өздері оқыған мектептері, ауылдары, қалалары үшін иігілікті істер жасауда. Мәселен, Бақытжан ДОСТАНОВ өз қаржысына Жылыой ауданында спорт кешенін салды, Мағау МЕРҒАЛИЕВ – Құлсарыға балабақша сыйлады, – деп атап өтті аталмыш шараға қатысып, көшет отырғызған Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ.

Алдағы уақытта да депутат тағы да 200 ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Өйткені, мектеп аумағындағы алаң ол жерден үлкен бір аллея жасауға мүмкіндік береді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

18 сәуір 2016, 10:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.