Атырау, 24 желтоқсан 22:58
 бұлттыВ Атырау -11
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Басқа жаңалықтар

«Ақ Жайықтың» жаңа жылдық номинациялары Басқа жаңалықтар

«Ақ Жайықтың» жаңа жылдық номинациялары

Біздің басылымның жыл соңында түрлі номинациялар бойынша жыл қортындысын жасау дәстүрі бар. Әдетте біз мұны редакцияда өз таңдауымыз бойынша жасайтынбыз, алайда биыл жыл таңдауына, қымбатты оқырмандар, сіздерді де тартуды жөн көрдік. Өзіміз уәде еткендей «АЖ» сайтындағы сіздердің барлық комментарийлеріңізді мұқият қарап, редакция таңдауымен салыстырып шықтық. Міне, енді сіз бен біздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесін қарап көріңіздер.  Сурет 30 желтоқсан 2019, 16:57 7 317 рет қаралды
Үш жолаушының қазасына кінәлі автобус жүргізушісі сотталды Басқа жаңалықтар

Үш жолаушының қазасына кінәлі автобус жүргізушісі сотталды

Атырау облысының Индер аудандық соты 26 ақпанда Volvo маркалы жүк көлігімен соқтығысқан «Орал-Атырау» бағытындағы қалааралық автобустың 54 жастағы жүргізушісіне үкім шығарды. Жол-көлік апатынан ерлі-зайыптылар мен автобустың 31 жастағы жолаушысы қайтыс болып, 15 адам жарақат алған еді. Бейнежазба 19 желтоқсан 2019, 16:45 4 284 рет қаралды
Желтоқсан куәгері: «Көлікке малша тиеп, далаға тастады» Басқа жаңалықтар

Желтоқсан куәгері: «Көлікке малша тиеп, далаға тастады»

- Мені сүйреп келе жатқан екі сарбаздың бірі «соғысып болдың ба?» деді мысқылдап, «мен әлі бастаған жоқпын» деуім мұң екен, қолындағы сойылмен басымнан бірнеше рет ұрды,- деп еске алады Жылыой аудандық ветеринария инспекциясының басшысы Мұрат МҰҚАН. Жылыой ауданы Тұрғызба ауылының тумасы 1986 жылдың суық желтоқсанында Алматы зооветеринарлық институтының студенті еді. 15 желтоқсан 2019, 11:28 11 108 рет қаралды
«Өзге ұлттан бала көтердің деп ағаларым қуып жіберді» Басқа жаңалықтар

«Өзге ұлттан бала көтердің деп ағаларым қуып жіберді»

Өмірдің қиындығына тап болған ондаған тағдырды бір жерге тоғыстырған бұл «Аналар үйі» кәсіпкерлердің қолдауымен  Атырау облысында бес жыл бұрын ашылған еді.  Бүгінде 16 орынға арналған бұл орталықта 18 бен 28 аралығындағы 9 әйел тұрады. Барар жер, басар тауы қалмаған аналарға пана болған орталық туралы «АЖ» мақаласында.  Сурет 26 қараша 2019, 13:38 6 945 рет қаралды
«Бәріңді өлтіремін!», «Мен үйдемін!» және басқа да түнгі айқай-шу Басқа жаңалықтар

«Бәріңді өлтіремін!», «Мен үйдемін!» және басқа да түнгі айқай-шу

Мас жүргізушілер мен олардың "ұрысқақ" әйелдері, төбелесқорлар, арызданбастан бұрын анықталған ұрлық фактісі - бұл «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шаралары аясында Атырау қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге өткізген екі түнгі рейд барысында «АЖ» тілшісі көргендерінің бір бөлігі ғана. Сурет Бейнежазба 26 қараша 2019, 14:12 7 265 рет қаралды
«Бір қолмен бесік тербетсем, келесі қолыммен кір тасын көтеремін» Басқа жаңалықтар

«Бір қолмен бесік тербетсем, келесі қолыммен кір тасын көтеремін»

Жақында Исатай ауданы Тұщықұдық ауылында тұратын Алмагүл ҚАНАТОВА Румынияда өткен қол күресінен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. Осы додада чемпион болған тағы бір жерлесіміз Рахия Молдашева туралы республикалық және жергілікті БАҚ беттеріне шығып, еңбегі еленсе, алыс ауылда тұрып, осындай құрметтен кенжелеу қалған Алмагүл өз қарапайымдылығымен «АЖ» тілшісінің іздеп келгеніне де таңғалып жатты. Толықтырылды Сурет Бейнежазба 18 қараша 2019, 11:04 6 375 рет қаралды
«Бізде әлі күмәнді 500 отбасы бар» Басқа жаңалықтар

«Бізде әлі күмәнді 500 отбасы бар»

Осы апта басынан бері Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің ғимараты жәрдемақы алушыларға лық толы. Олардың барлығын телефон арқылы шақырып, алға қарай көмек ақша алудан өз еркімен бас тартуға тура келетінін ескерткен. 13 қараша 2019, 15:31 3 612 рет қаралды
Нәубет жылдар ескерткіші Басқа жаңалықтар

Нәубет жылдар ескерткіші

6 қазанда Атыраудағы Ренесанс қонақ үйі алдындағы алаңда «Құмаршық дәні» ескерткіші ашылды. Композицияның Фариза ОҢҒАРСЫНОВА ескерткішінің  маңына орналасуы тегін емес: ақын нәубет жылдары ашаршылықтан аман қалуға себебін тигізген құмаршыққа ескерткіш қою туралы армандаған еді. Сурет 8 қараша 2019, 12:00 7 821 рет қаралды
АҚТҚ «ғасыр дерті» емес Басқа жаңалықтар

АҚТҚ «ғасыр дерті» емес

Жыл басынан бері Атырау облысында АҚТҚ індетін жұқтырған 26 адам анықталды. Ауру негізінен жыныстық қатынас арқылы жұқтырылған. Бұл туралы брифингте АҚТҚ/ЖҚТБ-нің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың қызметкерлері хабарлады. Анықталғандар арасында егде жастағылар да бар. Олар ЖҚТБ орталығының пациенттері болмай тұрып ертеректе жұқтырған болуы мүмкін. Ал бұл шындықты жақын арада ағзаларын түрлі аурулар меңдей бастап, жан-жақты тексеруден өткен кезде ғана білген. 8 қараша 2019, 17:02 3 668 рет қаралды
Босану кезінде қайтыс болған әйелге қатысты іс бойынша жаңа сараптама тағайындалады Басқа жаңалықтар

Босану кезінде қайтыс болған әйелге қатысты іс бойынша жаңа сараптама тағайындалады

Атырау облыстық сотында босану кезінде қайтыс болған әйелге қатысты іс бойынша апелляциялық шағым қаралды. Облыстық перинаталды орталықтың 4 дәрігерін ақтаған бірінші сот үкімімен келіспеген оның туыстары апелляциялық шағым түсірген болатын. Сурет 6 қараша 2019, 15:32 3 551 рет қаралды
Жедел жәрдем қайда жүр Басқа жаңалықтар

Жедел жәрдем қайда жүр

Жедел жәрдем қызметкерлерінде мынадай ырым бар - егер тілші олармен бірге кезекшілікке шықса, ауысым тыныш өтеді екен. Алайда менің жағдайымда олай болмады. Бірнеше сағат ішінде бригадамен бірге жерлеу рәсіміне қатысып, инсульт алған егде әйелді ауруханаға жатқызып, «өңкей жалқаулар, қайда жүрсіңдер, облыстық денсаулық сақтау басқармасынан бастап бәріңді қуып жіберу керек» деген сарындағы балағат сөздерді естуге тура келді. Сурет 5 қараша 2019, 18:00 4 065 рет қаралды
«Саусақтағы сақинаны шешуге де шақырады» Басқа жаңалықтар

«Саусақтағы сақинаны шешуге де шақырады»

«...Ал қарапайым кілттерді минутқа жеткізбей ашамыз. Оған қысқаш пен отвертка жеткілікті». Бастапқыда сейфтер мен үй есіктерін бұзушы қылмыскер-«медвежатникпен» сөйлесіп отыр деп ойлауыңыз мүмкін. Жоқ, бұл атыраулық ТЖД өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің жедел құтқару жасағының тәжірибелі құтқарушы Нұрқуат ҚАРАҚҰЛОВТЫҢ күнделікті жұмысына қатысты айтқаны. Сурет 30 қазан 2019, 11:54 5 026 рет қаралды
Атырау депутаттары паркинг пен орынтұрақ арасындағы айырмашылықты ескермеген бе? Басқа жаңалықтар

Атырау депутаттары паркинг пен орынтұрақ арасындағы айырмашылықты ескермеген бе?

Желтоқсан жақындап, кәсіпкерлер жер салығын төлейтін кезде өте жағымсыз тосынсыйға тап болады. Дүкендер мен мейрамханалар маңындағы орынтұрақтар үшін оларға бұрынғыдан 10 есе көп төлеуге тура келеді. 22 қазан 2019, 21:29 3 000 рет қаралды
Атыраудағы медицина хроникасы Басқа жаңалықтар

Атыраудағы медицина хроникасы

Соңғы кездері Атырау облысының денсаулық сақтау жүйесі құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Мұздатқыш камерасына салынған тірі нәрестеге қатысты сұмдық жағдай бүкіл елді дүр сілкіндірді. Алайда Атырау медицинасы қазақстандық денсаулық сақтау жүйесінің көрінісі ғана. Облыстық басқарма басшылығын ауыстырғаннан ештеңе өзгермейді. 8 қазан 2019, 13:52 4 882 рет қаралды
Медицина: Жақсыны жазғымыз келеді-ау... Басқа жаңалықтар

Медицина: Жақсыны жазғымыз келеді-ау...

«Дәрігерлер ісі» соңғы кездері қоғамда кеңінен талқыланатын тақырыптардың біріне айналды. Президенттің тапсырмасымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ Алматы қаласының №4 клиникалық ауруханасының бас дәрігері Қанат ТЕЗЕКБАЕВ пен анестезиолог Асқар ТҰҢҒЫШБАЕВҚА қатысты істі тергеуді өз бақылауына алды. Медицина қауымы әріптестерін қорғауға шықты. 30 қыркүйек 2019, 17:36 4 315 рет қаралды
Атырауда жаяу жүргінші өткелінен өту де қауіпті Басқа жаңалықтар

Атырауда жаяу жүргінші өткелінен өту де қауіпті

Атыраудағы Баймұханов көшесінде жоғары жылдамдықпен келе жатқан «Тойота» көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде 17 жастағы жасөспірімді қағып кеткен қайғылы оқиғадан кейін «АЖ» тілшілері мұнайлы астананың «жолақтарымен» өтуді ұйғарған болатын. Бұл жерде жаяу жүргінші өткелдері қауіпсіз емес екендігіне тағы бір рет көз жеткізді. Сурет Бейнежазба 26 қыркүйек 2019, 15:56 7 882 рет қаралды
Құлсары қаласының ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды Басқа жаңалықтар

Құлсары қаласының ауруханасында жүкті әйел қайтыс болды

17 қыркүйекте 36 жастағы әйел алдын ала қойылған «бактериалды-вирустық этиологиядағы пневмонияға асқынған ЖРВИ» диагнозымен Жылыой аудандық ауруханасына түседі. Толықтырылды 20 қыркүйек 2019, 09:59 4 749 рет қаралды
Денсаулығыңызды бірге қадағалайық Басқа жаңалықтар

Денсаулығыңызды бірге қадағалайық

Атырау қалалық №3 емханасында бүгінде 43 253 адамға қызмет көрсетіледі. Тіркелген тұрғындарға 25 жалпы дәрігерлік практика учаскелері, 2 терапевтік, 2 педиатриялық және 4 гинекологиялық учаскелер, сонымен қатар салалық профиль мамандары көмек көрсетеді. Бұл туралы №3 емхананың бас дәрігері Айман ӨТЕГЕНОВА хабарлады. 19 қыркүйек 2019, 00:00 3 535 рет қаралды
Виртуал және шынайы өмір: екі дүниеде де жұбыңды табу қиын Басқа жаңалықтар

Виртуал және шынайы өмір: екі дүниеде де жұбыңды табу қиын

Қазіргі ғаламтор ғасырында қарым-қатынас орнату түкке тұрғысыз оңай секілді: хат жазып, кездесу белгілесе болды. Алайда тәжірибелі жеңгетайлардың тәжірибесіне сүйенсек, жаңа технологияның пайда болуы адам мінезіне еш әсер етпейді. Ұялшақ жігіт сол құпия ғашық болған күйінде қалса, талапшыл қыз әлеуметтік желідегі бірнеше суретті көрсе де, жұмсара қоймайды екен. 9 қыркүйек 2019, 16:39 9 496 рет қаралды
Атыраудағы митинг: Қытай экспансиясына қарсы және Макс Боқаев босатылсын! Басқа жаңалықтар

Атыраудағы митинг: Қытай экспансиясына қарсы және Макс Боқаев босатылсын!

7 қыркүйекте Атыраудағы Исатай мен Махамбет алаңында 30-ға жуық адам жиналып, «қытай экспансиясына қарсы» наразылық білдірді. Олар сондай-ақ жазасын өтеп жатқан қоғамдық белсенді Макс БОҚАЕВТЫ босатуды да талап етті. «АЖ» тілшісі митингке қатысушылардың бірі, қоғамдық белсенді Бекболат МҰХАНАЛИЕВПЕН телефон арқылы сөйлесті.    Сурет Бейнежазба 9 қыркүйек 2019, 20:18 5 785 рет қаралды
«Жұмақ іздеп, тозақтан оралдық» Басқа жаңалықтар

«Жұмақ іздеп, тозақтан оралдық»

Жыл басынан бері ұйымдастырылған «Жусан» гуманитарлық операциясының үш кезеңінде Сириядан Қазақстанға 516 адам, оның ішінде 357 бала әкелінді. «АЖ» тілшісі экстремистік діни ағым ұстанушы күйеуінің уағызымен төрт жыл бұрын кішкентай ұлын ертіп, шекара асқан атыраулық әйелмен әңгімелескен еді. Бейнежазба 5 қыркүйек 2019, 00:00 5 349 рет қаралды
Атырау жағажайлары: 2019-дың "салқын" жазы Басқа жаңалықтар

Атырау жағажайлары: 2019-дың "салқын" жазы

Соңғы бірнеше жылда Атырауда толыққанды жағажай инфрақұрылымын дамыту ешкімнің қолынан келмеді.  «Ақ Жайық» жағажай бизнесінің қыр-сырын тағы бір рет зерделеп, кәсіпкерлерден одан қалай табыс табуға болатындығын білуді ұйғарған еді. Сурет 20 тамыз 2019, 12:04 4 527 рет қаралды
 «Атырау Су Арнасы» ЖШС-нің жаңа қожайыны ақы төлемегені үшін су беруді тоқтатуды ұсынады Басқа жаңалықтар

«Атырау Су Арнасы» ЖШС-нің жаңа қожайыны ақы төлемегені үшін су беруді тоқтатуды ұсынады

«Атырау Су Арнасы» КМК активтері «Диар и Компания» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына берілді. Бұл туралы 14 тамызда өткен қалалық мәслихаттың тұрақты депутаттық комиссиясының отырысында белгілі болды. 17 тамыз 2019, 10:56 4 265 рет қаралды
Құрақ көрпе – үйдің сәні Басқа жаңалықтар

Құрақ көрпе – үйдің сәні

Көптен бері құрақ көрпе тігуді үйренгім келіп жүрген, бірақ еш реті келмейтін. Шеберлік дәрістері өтетін күндері қолым босамай қалады. Бүгін орайы келе кетіп, бір сағатқа жұмыс бойынша қолөнершілермен кездесудің сәті түсті. Сурет 13 тамыз 2019, 15:24 17 157 рет қаралды
Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 133 сәби көз жұмды Басқа жаңалықтар

Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 133 сәби көз жұмды

Атырау облысының перинаталдық орталығында 26 жастағы жүкті әйел көз жұмғаннан кейін қозғалған қылмыстық іс әлі де тергеліп жатыр. Бұл туралы облыстық прокуратурада хабарлады. Естеріңізге салсақ, 26 мамырда облыстық перинаталдық орталықта кесар тілігінен кейін Исатай ауданынан келген әйел қайтыс болған еді. Кейінірек ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 7 тамыз 2019, 14:02 3 478 рет қаралды
Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр Басқа жаңалықтар

Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр

Атырау қаласының әкімдігі, мемлекеттік кірістер департаменті, жергілікті полиция қызметі және қалалық тұрғын үй инспекциясы бірлесіп, мұнайлы астанада пәтерді заңсыз жалға берушілерді, яғни, пәтерін жалдап, бірақ, мемлекетке салық төлемей отырғандарды анықтау бойынша рейд жүргізді. Сурет Бейнежазба 16 шілде 2019, 11:38 5 416 рет қаралды
Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны Басқа жаңалықтар

Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен хат алмасып, эпистолярлық қарым-қатынас жүргізгеннен кейін біз олардан бөлек басқа бір әлемде өмір сүріп жатырмыз-ау деген пайымға келдім. Біз және оқырмандарымыз тұратын әлемде дәрігерлер, тегін дәрі-дәрмектер жетіспейді, салалық маманға қаралу үшін алдын ала жазылсаң да, кезекті апталап күту керек. Ал Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жазбаша жауаптарында Грециядағы сияқты: бәрі бар. Жергілікті емханалар салалық мамандармен толық қамтылған, барлық препараттар жеткілікті, ешқандай дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. 16 шілде 2019, 13:28 4 012 рет қаралды
Емдеуге уақыт жоқ Басқа жаңалықтар

Емдеуге уақыт жоқ

Біздің елімізде денсаулық сақтау саласынан басқа түрлі реформалар жиі жасалатын саланы табу қиын. Бүгінгі таңда қазақстандық медицина қалаларда көпбейінді емдеу мекемелерін құру секілді тағы бір оңтайландыру жолына көшпек. Атырауда бірқатар стационарларды, соның ішінде, облыстық аурухана, облыстық перинаталдық орталық және кардиология орталығын біріктіру жоспарланып отыр. 10 шілде 2019, 11:59 3 774 рет қаралды
Нұрлан Ноғаев ТШО басшылығына: Еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек Басқа жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев ТШО басшылығына: Еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев "Теңіз" вахталық қалашығына барып, ТШО басшылығымен жиналыс өткізді. Сонымен қатар, "Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)" компаниясының жұмысшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 1 шілде 2019, 12:37 4 125 рет қаралды
Сүйекті сырқырататын сырқаттар Басқа жаңалықтар

Сүйекті сырқырататын сырқаттар

Псориаздық және реактивтік артритке шалдыққан науқастар буындарының жандарына батып ауырып, қисайғанына қарамастан, негізгі ревматологиялық препараттарды тегін алуға құқығы бар пациенттер қатарына кірмейді. Елдегі ревматологтар қазір осы проблеманы шешіп, оларды «өз» пациенттерінің тізіміне алуға жұмыстанып жатыр. Сурет 26 маусым 2019, 11:51 5 153 рет қаралды
Әйел дауыс көтерсе, құлақ асқан жөн Басқа жаңалықтар

Әйел дауыс көтерсе, құлақ асқан жөн

Атырау мемлекеттік университетінің спорттық базасында Кинолог күніне орай Полиция департаменті ұйымдастырған фестиваль өтті. Оған ПД кинологиялық қызмет орталығының, ҚР ІІМ Ұлттық гвардия, күзет агенттіктері, №2016 әскери бөлімше қызметкерлері, сондай-ақ, бұл қызметке қатысы жоқ, тек төртаяқты достарын сынап көргісі келген әуесқойлар қатысты.   Сурет 25 маусым 2019, 16:07 3 182 рет қаралды