Атырау, 27 желтоқсан 09:35
 бұлттыВ Атырау -3
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Қарттықты қалай қарсы аласың?

2 779 рет қаралды


«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Атырау филиалы ерікті зейнетақы жарналарына арналған Ашық есік күнін өткізді.

- Олардың басты артықшылығы – салымшының отбасылық бюджетке қолайлы соманы өзі белгілеп, оны зейнетақы шотына аударуға құқығы бар. Бұл жерде жарналардың мөлшері ғана емес, олардың жүйелі салынуы да маңызды, - деді БЖЗҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Қарлығаш ЖАНСАРИЕВА.

Ерікті зейнетақы жарналары – салымшылардың өз бастамасы бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына салатын ақшасы.

Оларды жалпы қабылданған зейнеткерлік жасынан әлдеқайда ертерек – салымшының қалауы бойынша: ай сайын, тоқсан сайын немесе бірден 50 жастан бастап қолдану да маңызды.

Бұл зейнетақы өнімі тек өз пайдасына ғана емес, үшінші тұлғаларға да жарна салуға болатындығымен тартымды болып отыр: мысалы, жұбайы өз зайыбының зейнетақы шотын толтыра алады немесе балалар ата-аналарына, басқа туыстарына және үшінші тұлғаларға салым сала алады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

суретті түсірген автор

23 қазан 2019, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.