Атырау, 24 қараша 19:13
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әйел дауыс көтерсе, құлақ асқан жөн

Сурет
2 957 просмотра
Бибінұр АСҚАБЫЛОВА мен Алақай
Атырау мемлекеттік университетінің спорттық базасында Кинолог күніне орай Полиция департаменті ұйымдастырған фестиваль өтті. Оған ПД кинологиялық қызмет орталығының, ҚР ІІМ Ұлттық гвардия, күзет агенттіктері, №2016 әскери бөлімше қызметкерлері, сондай-ақ, бұл қызметке қатысы жоқ, тек төртаяқты достарын сынап көргісі келген әуесқойлар қатысты.  

Бойшаң, шымыр денелі ерлердің арасындағы алып төбет жетектеген талдырмаш әйелге бірден назар аудардым. Бибінұр АСҚАБЫЛОВА ТШО-да еңбек етеді екен, соңғы 8 айда итін баулуды дұрыстап қолға алыпты.

- Американдық акита тұқымды итімнің Алақай деген лақап аты бар.  Қазір 2 жас 3 айға толды. Итті жақсы көретінімді біліп, сыйға тартқан болатын. Оны бағу үшін кәсіби мамандарға, атап айтқанда, тәжірибелі кинолог Серік АЙТПАЕВҚА жүгінуді ұйғардым. Ол Алақайды менің бұйрығыма бағынуды үйретті. Мен тіпті Серікке Алақай бір жастан асқан кезде кеш жүгіндім. Ал бұл істе ертерек үйреткен жақсы. Оның үстіне, американдық акитаның өзіне тән мінез-құлқы бар. Егер қаламаса –  оны бір нәрсе жасауға еш мәжбүрлей алмайсың. Сондықтан да ит басынып кетпеу үшін қожайынның мінезі қатты болуы тиіс, - деп әңгімелейді Бибінұр.

Әзірге дұрыс «тәрбиелеп» жатқаны көрініп тұр: алып Алақай қожайынының қатқыл үнмен айтқан бүкіл әмірін орындап шықты; есесіне оның өнерінен кейін Бибінұр сүйікті итінен мейірімге толы алғыс сөзін аямады.


Бұйрықтарды орындаудан бөлек төртаяқты достарымыз «жарылғыш» құралдар мен есірткілерді іздеді, «қылмыскерлерді» ұстады. Көрермендердің қошеметімен бәрі де тапсырмаларды орындап шықты.

Фестивальға қатысушылардың барлығы грамоталармен марапатталды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суреттерді түсірген автор

25 маусым 2019, 16:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.