Атырау, 23 қараша 20:03
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Үш жолаушының қазасына кінәлі автобус жүргізушісі сотталды

Бейнежазба
4 156 просмотра


Атырау облысының Индер аудандық соты 26 ақпанда Volvo маркалы жүк көлігімен соқтығысқан «Орал-Атырау» бағытындағы қалааралық автобустың 54 жастағы жүргізушісіне үкім шығарды. Жол-көлік апатынан ерлі-зайыптылар мен автобустың 31 жастағы жолаушысы қайтыс болып, 15 адам жарақат алған еді.

Қылмыстық іс тергеліп, ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағы бойынша («Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзуы») сотқа түсті. Тергеу барысында және сотта автобус жүргізушісінің кінәсі дәлелденді. Сотталушы (Орал қаласының тұрғыны) кінәсін мойындап, ұсынылған дәлелдермен келісті. Ол зардап шегуші тараптан кешірім сұрап, өзін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Айтпақшы, қаза болған жолаушылардың өкілдері оған кешірім берді.

345-баптың төртінші тармағы 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

- Сотталушы Б.И. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Сотталушының шын жүректен өкінгенін, тұрғылықты жерінен берілген жақсы мінездемені, бұрын сотталмағандығын, әйелінің ауыр науқас екендігін сот қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларға жатқызды, - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде жүргізушіге алты жылға бас бостандығын шектеу және көлік құралын бес жыл мерзімге басқару құқығынан айыру жазасы берілді. Одан зардап шеккендерге өтемақы қорына 37 мың теңге өндіріліп алынды.



Фархат ӘБІЛОВ

Сурет пен бейнежазба  «АЖ» мұрағатынан алынды

19 желтоқсан 2019, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.