Атырау, 21 желтоқсан 19:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Қоғам

Қазақстандықтарға қамсыз қарттыққа кепілдік бар ма? Қоғам

Қазақстандықтарға қамсыз қарттыққа кепілдік бар ма?

Анам 5 баланы дүниеге әкелген, 30 жылдан астам уақыт мемлекеттік кәсіпорында кассир болып жұмыс істеді, қазір 52 мың теңге зейнетақы алады. Ол мемлекеттік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне ілікті, бұл ақша – қазіргі үкіметтің мирас боп қалған берешектерін аз болса да тұрақты өтеп отырған ақшасы. Ал оның балаларының дәуірі нарықтық экономикаға тұспа-тұс келді. Біз өз зейнетақымызға өзіміз  қаражат тауып жатырмыз және зейнетақы жүйесін кезекті реформалау табалдырығында тұрмыз. Бұл жерде үлкен сұрақ туындайды: зейнетақы салығын төлеп отырған қазіргі ұрпақ қарттық кезеңі үшін сақтаған қаржысын ала алады ма? 11 ақпан 2019, 12:51 3 678 рет қаралды
Ағылшынша сезіну Қоғам

Ағылшынша сезіну

Маған Жайық жағасында Эд Ширанның дауысымен ән шырқаған жасөспірім туралы роликке сілтеме жіберген еді. Әрине, мен продюсер емеспін, бірақ менің ортамда бұлай ән айтпайды, ал жігіт ағылшын тілінде жақсы айтуды қайдан үйренген? Бейнежазба 12 қазан 2018, 14:27 4 447 рет қаралды
Гитаралы қыз Қоғам

Гитаралы қыз

Әлеуметтік желілерден музыкалық роликтер көріп, оларды тыңдағаннан кейін өзіңе ұнаса, орындаушысымен танысқың келеді. Интернеттегі бейнежазбадан гитарада ойнаған Карина ИВАНОВАНЫ көрген соң, оны кездесуге шақырдым. Сурет Бейнежазба 14 тамыз 2018, 12:02 4 386 рет қаралды
«Көзді ашып-жұмғанша бірінші қыркүйек те келіп қалды» Қоғам

«Көзді ашып-жұмғанша бірінші қыркүйек те келіп қалды»

- деп күледі үшінші сынып оқушысы Әнуардың анасы Ақерке себетке түрлі түсті қарындаш қорабын салып жатып. Шынымен, қыркүйек те келіп қалды, ата-аналардың көбі мектепке қажетті оқу құралдарын сатып алуда. «AЖ» тілшісі жаңа оқу жылына баланы сабаққа дайындауға қанша шығын кететінін білу үшін танымал сауда нүктелеріне барған еді. Сурет 11 тамыз 2018, 20:45 8 380 рет қаралды
Атырау суретшілері: Рафаэль Слекенов Қоғам

Атырау суретшілері: Рафаэль Слекенов

«Суретші шығармашылық тұрғыда өсуі тиіс, мен осы даму мен картиналардың құны арасында тікелей байланыс бар деп ойлаймын», - дейді танымал атыраулық суретші Рафаэль СЛЕКЕНОВ. Оның картиналары 8 мың - 30 мың доллар аралығында бағаланады. Ол бұрын өз стилін «джаз кескіндемесі» деп атайтын, қазір «авангард» деп атайды. Осы және басқа да жайттар туралы «АЖ» тілшісімен сұхбат өрілген еді. Сурет Бейнежазба 19 сәуір 2018, 17:10 9 430 рет қаралды
Атырау суретшілері: Темірбек Мұхтаров Қоғам

Атырау суретшілері: Темірбек Мұхтаров

Мектептерде бейнелеу өнері пәніне неге дұрыс көңіл  бөлінбей келеді? Театрға көрермен жинау неге қиын? Олар біздің театрдан не күтеді? Халықаралық театр күні қарсаңында Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театрының бас суретшісі Темірбек МҰХТАРОВ осы және өзге де сауалдарға жауап берді. Сурет Бейнежазба 6 сәуір 2018, 10:51 7 816 рет қаралды
Күн мен жел қуаты бар үй Қоғам

Күн мен жел қуаты бар үй

- Қош келдіңіздер! – бізді «Бестерек» қыстағындағы қожайын әйел Нұрсилә САБИРОВА қарсы алады. Бөгде адамдарды сезген ауладағы иттер үріп, үйге кіруге асықтық. Үй ішінде жанған тезектің таныс иісі шығып жатыр екен. Сурет Бейнежазба 21 наурыз 2018, 00:00 8 385 рет қаралды
Бұлардай ешкім ән айтпайды Қоғам

Бұлардай ешкім ән айтпайды

Бұл жасөспірімдер құлақпен естіп, тілмен жеткізе алмаса да, республикалық, халықаралық өнер байқауларында облыстың атын шығарып жүр.  «АЖ» тілшісі  олармен, сондай-ақ ұстаздары,   Атырау облыстық есту қабілеті нашар және мүлдем естімейтін балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта 8 жылдан бері жұмыс жасайтын Исатай ЕЛЕУСІНОВПЕН сөйлесті. Ол мұнда әннен, биден және іс тігуден дәріс береді. сурдоаудармашы арқылы тілдесіп мақсаттарымен танысып, өнерлерін тамашалап қайтты.   Сурет Бейнежазба 6 наурыз 2018, 18:29 6 130 рет қаралды
Мектептердегі ахуал туралы: ата-аналар және мұғалім Қоғам

Мектептердегі ахуал туралы: ата-аналар және мұғалім

Әлеуметтік желідегі «АЖ» тілшісінің жаңа (НЗМ - Назарбаев Зияткерлік мектептері мысалында) және ескі бағдарлама бойынша мектептегі білім берудің қазіргі сапасы туралы жүргізген шағын сауалнамасы күтпеген жерден түрлі пікірлер туғызды. 22 қаңтар 2018, 16:26 10 467 рет қаралды
Әсияның тізімі Қоғам

Әсияның тізімі

Едені сықырлаған, ескі жиһазбен жабдықталған кішкентай кабинеттен бидай шүберек пен шаңның иісі шығады. Есікті имене қағып, өңі құп-қу жас әйел мен жеті жастар шамасындағы кішкентай қыз кірді. Әйел өзін таныстырып, «біз сияқтыларға көмектесіз бе?» деді. Олар тізімге алпыс бірінші болып енді. Сурет Бейнежазба 16 қаңтар 2018, 14:28 5 520 рет қаралды
«Қолжетімді орта»: қағаз жүзінде және өмірде Қоғам

«Қолжетімді орта»: қағаз жүзінде және өмірде

Чехиялық құрбыммен Атырауды аралап жүріп, дүкендер мен кафелердің кіреберісіндегі өте биік пандустарға назар аудардым. «Бұл пандустар арқылы ішке кіру мүмкін бе?» деп біраз талқыға салғаннан кейін құрбым маған: «Сен көшелерден мүгедектерді көрдің бе?» деп сұрақ қойды. Сурет Бейнежазба 11 қаңтар 2018, 00:00 5 402 рет қаралды
Бейресмилер. Он жылдан соң Қоғам

Бейресмилер. Он жылдан соң

2000-жылдардың ортасында алуан түрлі субмәдениеттер өркендеді. Панктер, эмо, готтар және басқа бейресмилер Атырауда да болды. Он жылдан соң бұл адамдардың қалай өзгергенін білгім келді. Қырқылған былғары курткалар, төсбелгілер және басқа да заттар әлі күнге дейін шкаф ішінде шаң басып жатыр ма, бұл туралы экс-бейресмилер әңгімелеп берді. Сурет 6 желтоқсан 2017, 10:38 4 973 рет қаралды
Бүйрегіңді кесіп берген заман-ай... Қоғам

Бүйрегіңді кесіп берген заман-ай...

Қазақстанда дене мүшелерін тірі кезінде заңсыз сататындар көбейіп келе жатыр. Бағалар 2,5 миллион теңгеден басталып 100 мың долларға дейін жетеді. Көбіне саудаға бүйрек, бауырдың бөлігі, сүйек кемігі түседі. Өз дене мүшелерін саудалайтындар біздің «бай» Атырауымызда да бар екен. 16 қазан 2017, 17:19 4 302 рет қаралды
Қолыңызға газет ұстағаныңызға көп болды ма? Қоғам

Қолыңызға газет ұстағаныңызға көп болды ма?

Бас сұқсаң, бұл жерде уақыт тоқтап қалғандай болады. Үнсіз қабырғалар, кітаптар жиналған стеллаждар. Дымқыл ағаштың иісі... Кітапханалардың барлығынан осындай иіс шығады. Бұл кітаптардан аңқитын ескі қағаздардың өзіне тән иісі, целлюлоза өнімдерінің ыдырауы салдарынан туындайды деседі. Парақшалардың жай сыбдыры ғана осы тыныштықты бұзып тұр... 16 наурыз 2017, 00:00 5 847 рет қаралды
Ұшқан құс та, жүгірген аң да жоқ Қоғам

Ұшқан құс та, жүгірген аң да жоқ

Облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫҢ есеп беру жиынында Қарабатан стансасының тұрғыны өздерін қалаға көшіру туралы мәселені көтерген болатын. Ол әлі күнге дейін тұрғындар көмір жағып отырғанын айтып еді. Облыс әкімі «бұл мәселе қарастырылып жатыр» деп жауап берген болатын. Ал біз Қарабатан стансасына барып қайттық.  Сурет 15 наурыз 2017, 10:28 5 474 рет қаралды
Гоаның ғажайыптары Қоғам

Гоаның ғажайыптары

Қаңтар айы. Таңертеңгі сағат сегізде қоңыраулы оятқыш сағатсыз өзің оянасың. Қалың пердеден күн сәулесі төгіліп тұр. Ал терезе сыртында плюс 30 градусты көрсетеді. Алда уайымсыздемалыс, ыстық құм, теңіз және толқын шуылы... Ертегі дейсіз бе? Жоқ, бұл Гоа! 9 ақпан 2017, 00:00 6 270 рет қаралды
​Іскер әйелдер жетім балаларды өз қамқорлығына алады Қоғам

​Іскер әйелдер жетім балаларды өз қамқорлығына алады

Атырау облысында өткен жылдың жазында басталған «Жанашыр» әлеуметтік жобасы жалғасын тапты. Облыстағы Іскер әйелдер кеңесі Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінің 25 тәрбиеленушісін өз қамқорлықтарына алды. 5 желтоқсан 2016, 15:14 2 573 рет қаралды
«Көре алмасам да өмір сүріп жатырмын!» Қоғам

«Көре алмасам да өмір сүріп жатырмын!»

Бір күні менің электронды поштама хат келді. Оқырман зағип және нашар көретін жандарға арналған дыбыс сигналымен жарақталған бағдаршамдары бар қозғалысы көп қиылыстың маңында тұратынын және бұған қатты наразы екенін айтты: «Бізде қаланың жартысы соқыр деп ойлауға болады, бұл дыбысты тәулік бойына тыңдауға мәжбүрміз!». Әрине, қаланың жартысы емес, бірақ ондай жандар бар. Ал бұл күндері Халықаралық зағиптар күні атап өтілуде. Сурет 14 қараша 2016, 17:15 6 073 рет қаралды
Батыл да нәзік жанды Амандин Қоғам

Батыл да нәзік жанды Амандин

Францияның Гренобль қаласынан келген 35 жастағы Амандин ЛАМБЕРТ өзінің сенімді серігі лабрадор Джали екеуі велосипед үстіндегі саяхатын осыдан жеті ай бұрын бастаған. Нақтырақ айтсақ, 27 наурызда. Ал Атырауға 7 мың шақырым жолды артта қалдырып 24 қазан күні келіп тоқтады. Сурет 1 қараша 2016, 11:16 3 340 рет қаралды
​Әлихан Бөкейханның ізімен. 3-ші бөлім. Семей Қоғам

​Әлихан Бөкейханның ізімен. 3-ші бөлім. Семей

Әлихан Бөкейханның ізіменӘлихан Бөкейханның ізімен 2-ші бөлім. ҚарқаралыСемей – дүйім жұртқа аты мәшһүр қазақтардың отаны. Егер дәл Әлихан Бөкейханның жүрген бағытымен жүрер болсақ, онда біз Қарқаралыдан кейін Омбыға бет алуға тиіспіз, алайда, ол қазақ географиялық қоғамына қосымша шығын болған болар еді. Сондықтан да біз экспедициямыздың қазақстандық бөлігін машинамен жүріп өтіп, бірден бітірмек болып шештік. Сурет 13 қыркүйек 2016, 13:29 6 977 рет қаралды
​Мереке алдындағы мал базары Қоғам

​Мереке алдындағы мал базары

12 қыркүйекте үш күнге созылатын мұсылмандардың басты мерекесі Құрбан айт басталады. Құрбан айттың алдында жергілікті атыраулықтардың дәстүрі бойынша өмірден өткен адамдардың рухына арнап бейресми түрде шектік беріледі. Бұл екі жағдайда да қан шығарылып, мал сойылады. 8 қыркүйек 2016, 16:09 8 796 рет қаралды
​«Адамдар көмегін аямайды» Қоғам

​«Адамдар көмегін аямайды»

Соңғы кездері біз «Жүректен жүрекке» қоғамдық қорының қайырымдылық акциялары туралы жиі естіп жүрміз. Жақында ғана қаламыздың ірі сауда орталығында кішкентай Айназ есімді қыз баланың емделуіне көмек қолын созу үшін жас еріктілер «Сәбиге өмір сыйла» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. 200 мың теңге жиналып, сәбидің анасына табыс етілді. Бүгін біз «Жүректен жүрекке» ҚҚ жетекшісі Әйгерім ДОСҚАЛИЕВА (суретте) туралы әңгіме қозғамақпыз. 24 наурыз 2016, 00:00 4 598 рет қаралды
​Қомағайлық - жеті күнәнің бірі Қоғам

​Қомағайлық - жеті күнәнің бірі

Жақында редакциямызға ерекше бір оқырман келді. Жылпық сары адамның езуі жиылмай, әзіл айтып, өзіне-өзі риза болған адамдай нұрланып тұрды. Кейін белгілі болғандай, мұның өз себебі бар екен: ол бір жыл ішінде өз бетімен 42 келі салмақ тастапты! 3 наурыз 2016, 00:00 10 143 рет қаралды
​Мұраттың сарқылмас қуаты Қоғам

​Мұраттың сарқылмас қуаты

Кеңсеміздің маңында орналасқан бұл үйге бірер жыл бұрын бас сұққан едім. Еш шақыртусыз. Себебі, үйдің төбесіндегі күн панелі мен дуал үстіндегі жел қозғалтқышы қондырылған діңгектерді көріп, таңғалғаным сондай, бұл жерден жайбарақат өтіп кете алмадым. 4 ақпан 2016, 00:00 4 250 рет қаралды
Пыштанай жеңілмеген батыр дескен... Қоғам

Пыштанай жеңілмеген батыр дескен...

Қазан айының басында қазақтың талай ақын-жыраулары, би-шешендері, баһадүр батырлары өмірге келген, жерұйықты іздеп сабылған Асан қайғының «қақпақты қара қазан» деп атап кеткен Қызылқоға ауданындағы Тайсойған, Бүйрек құмдарындағы Беріштам жайлауында айбынды Пыштанай батырдың басына салынған мазардың ашылу салтанаты өтті. 19 қараша 2015, 00:00 16 659 рет қаралды
«Бәріне қауіппен қарауға болмайды» Қоғам

«Бәріне қауіппен қарауға болмайды»

Облыс мектептерінде бүгінде ақыл-ой дамуы кешеуілдеген 300-ден астам ерекше бала инклюзивті білім алуда. Ал физикалық тұрғыда сырқаты бар балаларды, өкінішке орай, біздің мектептер қабылдауға дайын емес. 29 қазан 2015, 00:00 5 915 рет қаралды
Күтпеген жайттарға толы көше Қоғам

Күтпеген жайттарға толы көше

Бұл бейнежазбаны бір оқырманымыз телефонға түсіріп, редакцияға жолдады. Өткен демалыс күндері Атыраудағы Махамбет көшесінің бойындағы бутик іш киімдерге осылай жарнама жасапты. Акция қала тұрғындарының, әсіресе, ер адамдардың назарын аудартқаны сөзсіз. Алайда мақсаттық аудитория - әйелдер іш киімін сатып алатын нәзік жандылар болатын. 1 маусым 2015, 15:31 4 364 рет қаралды
​Мақтым әженің өмірі мен тағдыры Қоғам

​Мақтым әженің өмірі мен тағдыры

Мақтым әже туралы мен бір сыйлы адамнан естідім, оған сенбейтіндей менің еш негізім болған жоқ, алайда бұл оқиға менің жұмыс жоспарыма «күмәнді, тексеру керек» деген ескертпемен енді. Дегенмен, екі рет жесір қалған, тыл еңбеккері, «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, өмір бойы мұнай саласында жасап, 100-ге толған қазақ әжей мәнді өткен өмірінің соңында баспанасыз қалыпты дегенге кім сенеді? 7 мамыр 2015, 00:00 6 407 рет қаралды