5 маусымда «Тамаша» сауда-ойын сауық кешенінде Атыраудағы үйсіз жануарлар үшін «Үйге жол» алғашқы қайырымдылық акциясы өтті.
Қаламызда жануарлар үшін арнайы панажай жоқ. Алайда бей-жай қарамайтын, үйсіз жануарларға көмектесу үшін «Право на жизнь» қоғамдық бірлестігін құрған және осынау қиын да шығынды іске көмектесетін адамдар бар екен. 2013 жылдың қарашасында топ әлеуметтік желілерге парақша тіркеп, күшіктер мен марғауларға көмектесу идеясын белсенді түрде іске асыра бастады. Үйсіз төрт аяқтыларды жуындырады, бүргелерден тазартып, егер емдеу қажет болса, қажетті екпелер егіп, ішек құртын айдайтын дәрілер береді. Ең бастысы, әлеуметтік желілердің көмегімен оларға қожайын табуға тырысады. Бастапқыда оңай болмады, топта бар болғаны екі ерікті жұмыс істеді, бірақ кейін олардың қатары көбейді. Балалар қолдарынан келгенше көмектеседі: тасымалдау үшін көліктер, жануарларды ұзақ ұстау үшін өздерінің тұрғын алаңдарын ұсынады, азықтар, дәрі-дәрмектер сатып алады. Бүгінде қоғамда істеріне тұрақты берілген еріктілер тобы: Анна ТОМАС, Виктория ГОРБУНОВА, Сандуғаш ҚАЗБЕКОВА, Виктория ШВАЙГЕРТ, Ирина ДЫГИНА, Венера МАНАСОВА, Роман МОДИН, Люция ВОРОН, Елена ЩУКИНА, Алёна БОГОМОЛОВА, Татьяна МАЕРОВА және т.б. жұмыс істейді. Олар көптеген жануарларды аштықтан, өлімнен құтқарып қалып, мейірімді қолдарға берген. Алайда осы көмектің бәрі дәрі-дәрмектер мен азықтарға жұмсалатын едәуір қаржыны талап етеді. Кірістер мен шығындардың статистикасы бойынша, осы екі жыл жарым ішінде қоғам ветеринарлық қызметке (зарарсыздандыру, емдеу, операциялар) 3 миллионнан астам теңге жұмсаған.
Өкінішке орай, олар бұрынғыша қаржы құралдарының тапшылығын және орынжайлардың жетіспеушілігін бастан өткеруде. Бұдан басқа, тату команда өз қатарларына жаңа еріктілерді қабылдауға әзір.
5 маусымда қала тұрғындары жануарларға көмектесу ісіне өз үлестерін қоса алады. Күндізгі сағат 12-де қолдан жасалған өзгеше бұйымдар жәрмеңкесі басталады. Ал, сағат 15.00-де меймандарды концерттік бағдарлама күтіп тұр. Бүкіл қаржы «Право на жизнь» қоғамдық бірлестігінің қорына кетеді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА