- деп күледі үшінші сынып оқушысы Әнуардың анасы Ақерке себетке түрлі түсті қарындаш қорабын салып жатып. Шынымен, қыркүйек те келіп қалды, ата-аналардың көбі мектепке қажетті оқу құралдарын сатып алуда. «AЖ» тілшісі жаңа оқу жылына баланы сабаққа дайындауға қанша шығын кететінін білу үшін тағы да танымал сауда нүктелеріне барған еді.
- Әнуар бірінші сыныпқа барарда көп шығындалдық. Барлық кеңсе тауарлары мен мектеп формасын сатып алуға тура келген еді. Екінші сыныпта тек жетіспейтін кеңсе тауарлары мен басқа мектеп құралдарын сатып алдық. Бірінші сынып үшін алған ең қымбат затымыз ортопедиялық сөмке еді, ол сол кезде 25 мың теңге шамасында болды. Қымбат, бірақ баланың денсаулығы үшін үнемдеп қажет емес, өйткені олардың арқалайтын кітап-дәптерлері көп. Ал бұл сөмке омыртқаға түсетін күшті азайтып, жүкті тең етіп бөледі. Екі жыл қолдандық, әрі қарай да ұстауына болар еді, бірақ баламыз жаңасын ұстағысы келеді, бала ғой, өзіңіз де түсінесіз, - дейді Ақерке.
Бірақ 25 мың теңге ортопедиялық сөмке үшін ең жоғары баға емес. Атыраудағы кейбір фирмалық кеңсе дүкендерінде оның бағасы 30 мың теңге тұрады. «Дина» мен «Көктем» базарларында олардың орташа бағасы шамамен 7 мың теңге, бірақ олардың сыртқы түрі едәуір өзгеше.
ФОРМА
Биыл Атырау мен облыстағы барлық мектептерге мектеп формасының бірыңғай стандарты енгізілді. Комментарий алу үшін бөлім орынбасары Алмасбек АБДОЛОВҚА хабарластым. Ол бірыңғай стандарт бойынша тек қара көк түсті мектеп формасын таңдау керектігін, ал үлгісі ата-ана мен балалардың қалауына байланысты екенін түсіндірді. Қара-көк түсті форманы тек оқушылар ғана емес, мұғалімдер де сақтауға міндетті.
Шамасы, нарық та мемлекет саясатындағы осындай өзгерістерді мұқият бақылайтын болуы керек, өйткені, мысалы, «Дина» базарында барлық мектеп киімі осы түсте ұсынылған. Ұл бала үшін түрік өндірісінен шыққан қарапайым ақ жейденің төменгі құны - 5 мың теңге, қыз бала үшін - 3 жарым мың теңге. Қытайлық өнім, тиісінше, арзан, бірақ бұл тұтас синтетика. Ұл балаға арналған үштік-костюм (шалбар, жилет, пиджак) 9 мың теңге, қыз бала үшін (белдемше, жилет, пиджак) - 7 мың, аяқ киім - 6 мың теңге.
«Насиха» мен «Көктемде» қыздар мен ұлдарға арналған сапалы жейде үшін ең төменгі баға 7 мың теңге. Қыздарға арналған сарафандардың бағасы 8 мыңнан, белдешелердің бағасы 6 мыңнан басталады. Балаларға арналған ең арзан шалбар – 7 мың теңге. Аяқ киім 8 мыңнан басталады.
Қыздарға арналған бантиктер мен екі жұп гольфтер сияқты қосымша керек-жарақтар, сондай-ақ, ұл балалар үшін галстуктер мен «бабочкалар» базарларда да, сауда орталықтарында да шамамен 2 мың теңге тұрады.
Биыл Атыраудағы сауда үйлерінің бірінде мектеп формасын тігетін шағын цех ашылды. Онда Ресейден сатып алынатын сапалы габардин пайдаланылады. Директордың растауынша, мұндай матадан тігілген өнімдер ұзақ уақыт пайдаланылады. Бірінші сынып оқушыларына арналған үштік костюмдерді 17 мыңға, ал жоғары сынып оқушыларына 24 мың теңгеге тігеді. Тапсырыс екі аптада орындалады.
Көптеген ата-аналар қымбат болғандықтан, мектеп құралдарын интернеттен тапсырыс беру арқылы немесе жолы түссе, басқа елдерден сатып алуға тырысады.
- Үнемі интернеттен сатып аламын, таңдау көп, сапасы да жақсы, бағасы да төмен. Мұндай түстің болғаны бізге жақсы боды. Өткен жылы қызыма осы қара-көк түсті киімге тапсырыс беріп алдырған едім, жап жақсы күйімен тұр, биыл да киеміз, - дейді екінші сынып оқушысының анасы Айгүл.
Дене тәрбиесі сабағына арналған спорттық киім формасы мен кроссовкаларды да ұмытпаған жөн. Мұндай спорттық жиынтықтың бағасы «Дина» базарында 18 мың теңгенің, сауда орталықтарында 23 мың теңгенің айналасында.
КЕҢСЕЛІК БҰЙЫМДАР
Дүкендердің көпшілігі ықтимал клиенттерге міндетті тізім жазылған жадынаманы ұсынып, жағдайды жеңілдетуге тырысады. Бірақ тәжірибелі ата-аналар оның жартысы балаларына мүлдем қажет болмайтынын біліп, мұғалімдеріне көмекке жүгінеді. Мұғалімдердің нақты тізімі бар:
Осы тізімді басшылыққа ала отырып, екі сауда нүктелеріндегі төменгі бағалар бойынша кеңсе тауарларын толық жинақтадым. «Дина» базарында 5 355 теңгеге шықса, кеңсе тауарлары дүкендерінің бірінде 6 400 теңге болды. Едәуір үнемдеуге болатыны айқын.
Өткен жылы кейбір ата-аналарға балалары үшін мектептерде жетіспеген оқулықтарды қосымша сатып алуға тура келді. Бұл жолы, Алмабек Абдоловтың сендіруінше, мүлдем проблема болмауы тиіс:
- Биыл оқулықтар мен әдістемелік құралдарды сатып алуға 945 миллион теңге бөлінді. Бұлардың бәрі 25 тамызға дейін мектептерге жеткізілетін болады. Ата-аналарға оқулықтар сатып алуға тура келмейді, бәріне де жетеді.
Түйіндер болсақ: егер өткен жылы мектепке даярлаудың төменгі бағасы 50 мың теңгедей болса, биыл кем дегенде 20 мың теңгеге көп шығып тұр.
Анастасия АЛЮШИНА
Суреттер мен инфографика автордікі