Атырау, 22 қараша 19:24
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Гитаралы қыз

Сурет Бейнежазба
4 213 просмотра


Әлеуметтік желілерден музыкалық роликтер көріп, оларды тыңдағаннан кейін өзіңе ұнаса, орындаушысымен танысқың келеді. Интернеттегі бейнежазбадан гитарада ойнаған Карина ИВАНОВАНЫ көрген соң, оны кездесуге шақырдым.

- Карина, музыкамен көптен айналысып жүрсің бе?

- Жеті жасымнан бастап Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайындағы вокалдық студияда анамнан дәріс алдым. Сәл есейген соң өзім айналыса бастадым. 14 жасымда мені алғаш рет мейрамханада ән айтуға шақырды, музыкалық мансабым осыдан басталды десем болады. Қазір 8 жылдан бері ән айтып, табыс тауып жүрмін.

- Жеке өзің бе, әлде топпен бе?

- Бастапқыда топпен айттым, өйткені маған музыкалық сүйемелдеу қажет болатын. Содан кейін жарты жыл ішінде гитарада ойнауды үйреніп алып, жеке шығатын болдым. Бөгденің көмегінсіз өзім үйрендім. Бастапқыда қиын болды, бірақ қиындық адамды шыңдайды ғой. Көпшілігі қымбат гитара сатып алуға ақшаларын шығындап, Ютубтағы бейнесабақтар бойынша үйренуге тырысады ғой. Ал сәл қиындыққа кезіксе: «Ой, менің ісім емес екен!» деп тастай салады. Ал мен табандымын. Қазір мені асырап жүрген осы гитара.


- Ал білімің бойынша қандай мамандығың бар?

- АМУ-де ағылшын және француз тілдері бойынша аудармашылықты оқыдым. Тілді тереңірек меңгеру үшін білім алмасу бойынша Франциядан білім алдым.

- Егер саған, айталық, музыкаға қатысы жоқ өте жақсы жалақысы бар жұмыс ұсынды делік?

- Айтпақшы, маған беделді мұнай компанияларының бірінен жұмыс ұсынды, бірақ мен бас тарттым. Менің жұмысым – музыкам бар ғой.

- Ал егер екеуін қатар алып жүрсең?

- Солай жасап көрдім де. Аудармашылық жұмыс бойынша едәуір тәжірибем де бар. Бірақ музыка уақытыңның көп бөлігін алып, сенен де сондай қайтарым күтетін болғандықтан, музыканы таңдадым.

- Өмір сүруіңе жете ме?

- Ата-анаммен бірге тұрамын, бірақ қаржылық тұрғыда оларға тәуелді емеспін. Қойылымнан түсетін ақша өзіме жетеді. Ақшаны тапқан сайын түбі жеткізбейді ғой.

- Ата-анаң бұл таңдауды қалай қабылдады?

- Балаларының бақытты екенің көргендіктен, олар мені толықтай қолдайды.


- Музыкант пәтерде ән шырқаған кезде, көршілерінің хас жауына айналатыны мәлім.

- Көршілерімнің арасында жауларым жоқ, керісінше. Бірер жыл бұрын, мен Linkinpark тобының «Numb» әніндегі музыканы фортепианода ойнап, шырқаған едім. Содан соң серуендеуге шықтым. Баспалдақтан түсіп бара жатқанда, төменгі қабаттағы көршім осы әйгілі әнді, оның пікірінше, жақсы орындап шыққаным үшін алғысын айтты. Оның шын ниетімен айтқанына сенімдімін.

- Қандай да болсын, байқауларға қатыстыңыз ба?

- Бір ән байқауына қатысқаннан кейін, көңілімде жағымсыз кірбің қалды. Дұрыс бағалаған жоқ, жеңімпазды «блатпен» анықтады. Сондықтан байқаулармен үйлесе алмадым. Кейде «Голос» секілді танымал телешоуларға қатысуға өтініш жіберемін. Әзірге жауап  келген жоқ. Бұл барынша ыждағаттылықпен айналысып, жетіле беру керек екенін тағы да дәлелдейді.


Анастасия АЛЮШИНА 

Суретті түсірген автор және К.Иванованың мұрағатынан алынған суреттер 

14 тамыз 2018, 12:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.