Атырау, 25 желтоқсан 08:32
 ашықВ Атырау -8
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

Атырауда

Құрақ көрпе – үйдің сәні Басқа жаңалықтар

Құрақ көрпе – үйдің сәні

Көптен бері құрақ көрпе тігуді үйренгім келіп жүрген, бірақ еш реті келмейтін. Шеберлік дәрістері өтетін күндері қолым босамай қалады. Бүгін орайы келе кетіп, бір сағатқа жұмыс бойынша қолөнершілермен кездесудің сәті түсті. Сурет 13 тамыз 2019, 15:24 17 158 рет қаралды
Ұрып-соқса, демек сүйеді. Мұны ойлап тапқан кім? Қоғам

Ұрып-соқса, демек сүйеді. Мұны ойлап тапқан кім?

Қазақстан Республикасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы баптарды қылмыс деп танымау Ресей заңнамасындағы осыған сәйкес өзгерістерден кейін орын алды. Енді ол үшін қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартады. Заңға жүгіне отырып, осындан кейін кодекстерде қандай өзгерістер болғанын салыстырайық. 8 тамыз 2019, 15:55 5 078 рет қаралды
Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 133 сәби көз жұмды Басқа жаңалықтар

Жыл басынан бері облыстық перинаталдық орталықта 133 сәби көз жұмды

Атырау облысының перинаталдық орталығында 26 жастағы жүкті әйел көз жұмғаннан кейін қозғалған қылмыстық іс әлі де тергеліп жатыр. Бұл туралы облыстық прокуратурада хабарлады. Естеріңізге салсақ, 26 мамырда облыстық перинаталдық орталықта кесар тілігінен кейін Исатай ауданынан келген әйел қайтыс болған еді. Кейінірек ҚР ҚК-нің 317-бабының 3-тармағы (Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан медицина жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 7 тамыз 2019, 14:02 3 479 рет қаралды
Супермаркеттегі «Каминг аут» және табиғатқа жаны ашыған қалалықтың бастан кешкендері Қоғам

Супермаркеттегі «Каминг аут» және табиғатқа жаны ашыған қалалықтың бастан кешкендері

Сәнді трендте қалай болу керек? Оп-оңай! Қоқыстарды сұрыптап, тор сөмкемен сауда жасаңыз. Іс жүзінде бұл оңай шаруа емес екен. Бірақ «АЖ» тілшісі тырысып көрген еді, бұл тәжірибені сәтті шықты деуге болады. Сурет 27 шілде 2019, 13:53 5 773 рет қаралды
Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр Басқа жаңалықтар

Пәтер жалдаушылар айласын асырып тұр

Атырау қаласының әкімдігі, мемлекеттік кірістер департаменті, жергілікті полиция қызметі және қалалық тұрғын үй инспекциясы бірлесіп, мұнайлы астанада пәтерді заңсыз жалға берушілерді, яғни, пәтерін жалдап, бірақ, мемлекетке салық төлемей отырғандарды анықтау бойынша рейд жүргізді. Сурет Бейнежазба 16 шілде 2019, 11:38 5 416 рет қаралды
Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны Басқа жаңалықтар

Денсаулық басқармасының өз әлемі немесе «бұзық телефон» ойыны

Облыстық денсаулық сақтау басқармасымен хат алмасып, эпистолярлық қарым-қатынас жүргізгеннен кейін біз олардан бөлек басқа бір әлемде өмір сүріп жатырмыз-ау деген пайымға келдім. Біз және оқырмандарымыз тұратын әлемде дәрігерлер, тегін дәрі-дәрмектер жетіспейді, салалық маманға қаралу үшін алдын ала жазылсаң да, кезекті апталап күту керек. Ал Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің жазбаша жауаптарында Грециядағы сияқты: бәрі бар. Жергілікті емханалар салалық мамандармен толық қамтылған, барлық препараттар жеткілікті, ешқандай дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. 16 шілде 2019, 13:28 4 012 рет қаралды
Емдеуге уақыт жоқ Басқа жаңалықтар

Емдеуге уақыт жоқ

Біздің елімізде денсаулық сақтау саласынан басқа түрлі реформалар жиі жасалатын саланы табу қиын. Бүгінгі таңда қазақстандық медицина қалаларда көпбейінді емдеу мекемелерін құру секілді тағы бір оңтайландыру жолына көшпек. Атырауда бірқатар стационарларды, соның ішінде, облыстық аурухана, облыстық перинаталдық орталық және кардиология орталығын біріктіру жоспарланып отыр. 10 шілде 2019, 11:59 3 774 рет қаралды
Нұрлан Ноғаев ТШО басшылығына: Еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек Басқа жаңалықтар

Нұрлан Ноғаев ТШО басшылығына: Еңбек жағдайлары бәріне бірдей болуы керек

Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаев "Теңіз" вахталық қалашығына барып, ТШО басшылығымен жиналыс өткізді. Сонымен қатар, "Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (CСЕР)" компаниясының жұмысшыларымен кездесті, - деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі. 1 шілде 2019, 12:37 4 125 рет қаралды
"Арыстағы аласапыранда бізді осы періште қорғап қалған сияқты" Қоғам

"Арыстағы аласапыранда бізді осы періште қорғап қалған сияқты"

Дүйсенбінің шуағын шашқан ертесі еді. Жұмысқа берілген педагогтар 825 нөмірлі оқу пунктінің дәлізінде ерсілі-қарсылы жүр. Кеше өткен ҰБТ нәтижелері бойынша аппеляциялық комиссия кабинеттердің бірінде қызу талқылау үстінде. Кенет... Атырау мұнай және газ университетінің доценті Балбөпе ӨТЕНОВА сол күні таңертең болған оқиғаны көпке дейін ұмыта алмайтын шығар. Өйткені ол сол кезде Арыс қаласында болған еді. 1 шілде 2019, 11:37 4 541 рет қаралды
Сүйекті сырқырататын сырқаттар Басқа жаңалықтар

Сүйекті сырқырататын сырқаттар

Псориаздық және реактивтік артритке шалдыққан науқастар буындарының жандарына батып ауырып, қисайғанына қарамастан, негізгі ревматологиялық препараттарды тегін алуға құқығы бар пациенттер қатарына кірмейді. Елдегі ревматологтар қазір осы проблеманы шешіп, оларды «өз» пациенттерінің тізіміне алуға жұмыстанып жатыр. Сурет 26 маусым 2019, 11:51 5 153 рет қаралды
Әйел дауыс көтерсе, құлақ асқан жөн Басқа жаңалықтар

Әйел дауыс көтерсе, құлақ асқан жөн

Атырау мемлекеттік университетінің спорттық базасында Кинолог күніне орай Полиция департаменті ұйымдастырған фестиваль өтті. Оған ПД кинологиялық қызмет орталығының, ҚР ІІМ Ұлттық гвардия, күзет агенттіктері, №2016 әскери бөлімше қызметкерлері, сондай-ақ, бұл қызметке қатысы жоқ, тек төртаяқты достарын сынап көргісі келген әуесқойлар қатысты.   Сурет 25 маусым 2019, 16:07 3 182 рет қаралды
Ричард Хоув: «Денсаулығым үшін жүгіремін, кітап жинаймын. Әрі NCOC-тың басқарушы директорымын» Экономика

Ричард Хоув: «Денсаулығым үшін жүгіремін, кітап жинаймын. Әрі NCOC-тың басқарушы директорымын»

«АЖ» тілшісі биылғы ақпан айында осы лауазымға тағайындалған Солтүстік Каспий мұнай-газ жобасының операторы NCOC компаниясының басқарушы директоры Ричард ХОУВПЕН кездесті. Әңгіме жақында Қашағанда және «Болашақ» зауытында жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары және Каспийдегі мұнай өндіруге байланысты басқа да көптеген мәселелер жайында өрбіді. Хоув мырза баға беріп, болжам жасауға ұстамды болғанымен, бәріне нақты жауап берді (рас, кейбір сұрақтарға түсініктеме бермеді), ал әңгіме соңында, тіпті, қалжыңдап та қойды. 21 маусым 2019, 17:22 5 288 рет қаралды
Сәби тек жылай алады ғой... Басқа жаңалықтар

Сәби тек жылай алады ғой...

Әлеуметтік желілерде әйелдің кішкентай бүлдіршінді ұрып-соғып жатқаны бейнеленген бейнежазба тарап кеткен. Мұның мектепке дейінгі мекемеде болып жатқаны анық көрінеді. Бұл әйел жалпы сөйлеу тілі дамымаған және психикалық-сөйлеу тілі кешеуілдеген балаларға арналған мамандандырылған балабақшаның тәрбиешісі болып шықты.  Бейнежазба 19 маусым 2019, 11:18 3 195 рет қаралды
Тік пандус және шаң басқан көтергіштер Қоғам

Тік пандус және шаң басқан көтергіштер

Жақында мүмкіндіктері шектеулі жандар тобы Атырау ғимараттарында пандустардың талаптарға қаншалықты сай екенін өздері тексеріп көру үшін жиналды. Олар алдын ала драма театрдың алдында кездесуге келіскен. «Арбадағы жандар» осы жерде кездейсоқ шенеуніктермен кездесіп, өз реніштерін білдірді. Сурет Бейнежазба 18 маусым 2019, 20:37 5 898 рет қаралды
Пәтердегі егеуқұйрық ордасы Басқа жаңалықтар

Пәтердегі егеуқұйрық ордасы

Дружба көшесіндегі №8 үйдің тұрғындары әлеуметтік желілерде пәтерін қоқыс төгетін орынға айналдырған көршісіне шағымданды. Бейнежазбада терезе алдында ірі егеуқұйрықтардың жүгіріп жүргенін көреміз. Келесі күні бұл жерге қалалық әкімдік пен «Арнаулы автобаза» қызметкерлері барған. Сурет 18 маусым 2019, 21:22 3 689 рет қаралды
"Халық жаулары" қыздарының қилы тағдыры Басқа жаңалықтар

"Халық жаулары" қыздарының қилы тағдыры

Жария болған архив материалдары бойынша, 1921-1954 жылдар аралығында Қазақстанда 100 мыңнан астам адам кінәсіз сотталып, оның ішінде 25 мың адам ату жазасына кесілген. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай тарихи-өлкетану музейі осындай қайғыға тап болған атыраулықтардың жанұясымен кездесу өткізді. Қызыл сталиндік қырғынға ұшыраған миллиондаған тағдырлардың екеуін ғана назарларыңызға ұсынамыз. Сурет 11 маусым 2019, 17:24 4 778 рет қаралды
Үш құты сыра мен әлеуметтік желілердің құдіреті Басқа жаңалықтар

Үш құты сыра мен әлеуметтік желілердің құдіреті

Атырауда екі күндік «Түнгі қаладағы балалар» жедел-алдын алу шарасы өтті: полицейлер сағат 22-ден кейін ойын-сауық орындарында және көшелерде ересектерсіз жүрген кәмелетке толмаған балаларды анықтады. Рейдке «АЖ» тілшісі де бірге шыққан еді. Сурет Бейнежазба 4 маусым 2019, 11:31 3 255 рет қаралды
Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда: экспаттар мен жергілікті жұмысшылардың жалақысы, балықтың жаппай қырылуы және басқа да мәселелер туралы Басқа жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда: экспаттар мен жергілікті жұмысшылардың жалақысы, балықтың жаппай қырылуы және басқа да мәселелер туралы

Бүгін, 4 маусымда ҚР президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Атырауға келген жұмыс сапары аясында өңір жұртшылығымен кездесті. Кездесуді «Келу мақсатым – Атырау облысы тұрғындарын қандай мәселелер алаңдататынын білу» деген сөзбен бастаған ол жергілікті тұрғындарды шынымен де мазалайтын бірқатар мәселелерді атады. Оның сөзін дайындап беретіндер текке нан жеп отырған жоқ екен. Сурет Бейнежазба 4 маусым 2019, 15:42 5 205 рет қаралды
Жедел жәрдемнің бір күні Басқа жаңалықтар

Жедел жәрдемнің бір күні

Жаныңнан дабылы қосылған жедел жәрдем көлігі өтіп бара жатса, кімнің жағдайы нашарлап қалды екен, туысқаныңыз, досыңыз немесе танысыңыз емес пе екен деп, кәдімгідей алаңдап қаласың. Қала кішкентай ғой. Мұны ішінен түсіну үшін «АЖ» тілшісі екі күн бойы шұғыл шақыртуларға шығатын дәрігерлердің күнделікті тынымсыз тірлігімен танысқан еді. Сурет Бейнежазба 4 маусым 2019, 17:44 7 855 рет қаралды
Отбасымен дүңгіршекке бұзып кірген азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды Басқа жаңалықтар

Отбасымен дүңгіршекке бұзып кірген азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 29 наурызда әйелі, бала-шағасымен бірге Toyota Hiace көлігімен көкөніс павильонына соғылған қалалық азаматқа қатысты қаулы шығарды. Сурет 26 мамыр 2019, 16:05 2 853 рет қаралды
Сот хроникасы Оқиға

Сот хроникасы

«Мен қазақстандықтардың қонақжайлығы мен адамгершілігін ұнатамын. Сіздің елде тұрып, жұмыс істегім келеді»,- деп жылылықпен сөйледі АҚШ азаматы халқымыз туралы. Жылыой аудандық сотының отырысында әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы («Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу») бойынша оның ісі қаралған еді. 22 мамыр 2019, 11:08 3 347 рет қаралды
Жол кедергісі және «шындықпен» жүруге бола ма? Басқа жаңалықтар

Жол кедергісі және «шындықпен» жүруге бола ма?

Атырау облысында «Жол бойындағы қабылдау» акциясы өтті. Түрлі шендегі полицейлер ашық аспан астында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, сол жерде шағымдарды қабылдады. «Жол кедергісі» сөз тіркесінің қолданылуынан бастап, «шындықтан құтыла алмайсың» жапсырмасының заңдылығы туралы сұрақтар қойылды. Толығырақ «АЖ» материалынан оқыңыздар. Сурет Бейнежазба 21 мамыр 2019, 12:33 5 062 рет қаралды
Орталықтағы қилы тағдыр Басқа жаңалықтар

Орталықтағы қилы тағдыр

«Бұл жердің тұрғыны емес екеніңізді бірден түсіндім. Сіз әлеуметтік қамсыздандыру бөліміненсіз немесе бізге көмек көрсеткісі келетін жансыз», - деп қарсы алды мені Атыраудағы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығындағы тұрғындардың бірі. Бұл жер жаңа жылдан бері осылай аталады. Ал бұрын «Белгілі тұрағы жоқ адамдарға арналған әлеуметтік бейімдеу орталығы» болатын. Қалай дегенмен де, мұңдарын аяушылықпен мұқият тыңдағаным болмаса, бұл адамдарға түбегейлі көмектесе алуым екіталай... Сурет 7 мамыр 2019, 15:58 4 738 рет қаралды
Полиция ештеңеден қорықпай ма? Басқа жаңалықтар

Полиция ештеңеден қорықпай ма?

Әлеуметтік желілерде Атырау облысының Құлсары қаласында болған оқиғаның бейнежазбасы таралды. Видеода үй иелері Полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағы қызметкерлерін үйге кіргізбей тұр, төбеттің абалап үргені, кадр сыртында әйел адамның: «Заңсыздықты бүкіл Қазақстан Республикасы білсін!» деп жылап сөйлегені естіледі. Полиция департаментінің бастығы Аян ДҮЙСЕНБАЕВ Құлсарыда жергілікті тұрғындармен кездесу кезінде осы оқиға туралы түсінік берді. Жиында бұл бейнежазбадан басқа да әңгімелер қозғалды. Бейнежазба 28 наурыз 2019, 20:46 3 675 рет қаралды
Тілді де «шынықтыру» керек Басқа жаңалықтар

Тілді де «шынықтыру» керек

«Тілді оқып үйрену мен күнделікті қолдану тәжірибесін ажырата білу керек. Осы айырмашылықты толық түсіне білмегеннің салдарынан көптеген адамдар ағылшын тілін жылдар бойы оқып, еш жетістікке қол жеткізе алмайды», - дейді кәсіби тренер Динара БЕЙСЕН. Оның оқытушылық тәжірибесіне негізделген басты ұстанымы – уақытты сауатты пайдаланып, бағдарламаны дұрыс таңдау. 25 наурыз 2019, 19:32 3 119 рет қаралды
Полицейлердің қарымтасы ма? Оқиға

Полицейлердің қарымтасы ма?

Жаңа 2019 жыл Атыраудың күш құрылымдары үшін сырт қарағанда әдеттегідей көрінетін эпизодтан басталды. Бірақ іс жүзінде ол қатардағы жағдай болмай шықты. 2 қаңтарда сағат 03:53-те Махамбет-Уәлиханов көшелерінің қиылысында арнайы 4 көлікпен полиция қызметкерлері Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Өмірбек НӘЖІМОВ жүргізіп келе жатқан көлікті тоқтатады. Нәжімов мұнайлы астананың полицейлерімен жақсы «таныс»: бұрын оның тікелей қатысуымен Атырау қалалық ІІБ бастығының орынбасары Ж.Қайралапов, көші-қон полициясының бөлім бастығының міндетін атқарушы А.Мәукенов және полицияның жоғары шенді басқа да қызметкерлері ұсталған болатын. Сурет 23 наурыз 2019, 00:00 4 410 рет қаралды
ЖИТС-орталығы кабинетіндегі перизаттар Қоғам

ЖИТС-орталығы кабинетіндегі перизаттар

Жаңа үйлер салу және көше камераларын орнату жезөкшелікті  қалайша жаңа технологиялық деңгейге көтере алды? Неліктен жергілікті «көбелектер» соңғы кездері Ақтауда «жұмыс істеуді» жөн көреді? Олардың жеке өмірлерінің келешектері қандай? Мұнайлы астанадағы «түнгі перизаттарға» қатысты осы және басқа да жайттар туралы «АЖ» тілшісі анықтаған еді. 19 наурыз 2019, 15:47 5 108 рет қаралды
Ел қорғауға әзірміз! Қоғам

Ел қорғауға әзірміз!

16 наурызда көктемгі әскер қатарына шақыртылғандардың алғашқы тобы Атыраудан аттанып кетті. Олар Қазақстан шекарасын қорғамақ. Жігіттер әскер қатарына алынбас бұрын қандай тексерулерден өтеді, неге олар жалғандық детекторымен тексеріледі және ҚР Президентінің элиталық қорғау қызметіне қалай ілігуге болады? Бұл туралы «АЖ» тілшісі анықтаған еді. Сурет 19 наурыз 2019, 19:54 4 417 рет қаралды
Адал табыспен - бостандыққа Басқа жаңалықтар

Адал табыспен - бостандыққа

УГ-157/11 мекемесінің (әйелдер түзету колониясы) базасында көрме өтіп, оған сотталушылар өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарды, жаңа туған сәбилерге арналған киім-кешектерді, кеңсе тауарларын және басқа да өнімдерді ұсынды. Сурет Бейнежазба 18 наурыз 2019, 11:09 3 326 рет қаралды
Әліппе қайта оралады, бағдарлама өзгере ме? Қоғам

Әліппе қайта оралады, бағдарлама өзгере ме?

ҚР Білім және ғылым министрі ауысқан сайын елімізде білім бағдарламасының да ауысатыны үйреншікті жағдайға айналды. Жаңа ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова келесі оқу жылында әліппе қайта оралады деп қуантты. Соңғы жылдары бастауыш сыныпқа дайындалған арнайы оқу бағдарламасы жөнінде бірқатар наз түсіп жатқандығы анық. Бұрынғы кеңестік оқу бағдарламасын аңсайтындар  да бар. Біз соңғы жылдары қолданыста болған бағдарламаларды салыстырып көрдік.  14 наурыз 2019, 18:25 3 223 рет қаралды