Атырау, 25 қараша 04:49
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Адал табыспен - бостандыққа

Сурет Бейнежазба
3 163 просмотра

УГ-157/11 мекемесінің (әйелдер түзету колониясы) базасында көрме өтіп, оған сотталушылар өз қолдарымен жасаған түрлі бұйымдарды, жаңа туған сәбилерге арналған киім-кешектерді, кеңсе тауарларын және басқа да өнімдерді ұсынды.

- Жұмыс жасаса уақыттың тез өтетіні белгілі ғой, - дейді пәлсапамен УГ-157/11 мекемесінің басшысы Нұрзада САҒЫНҒАЛИЕВА.  Оның үстіне, осылайша, айына 30-дан 70 мың теңгеге дейін табыс табуға болады.

-  Сотталушылар тапқан табыстарын не істейді?

- Балаларына ақша жіберетін аналар бар. Басқалары зардап шегушілерге немесе мемлекетке келтірілген зиянды өтейді. Бостандыққа шыққан кезде қаржылық қоры болуы үшін ақша жинайтындар да бар.

Көрмеге жергілікті кәсіпкерлер келіп, көпшілігі осы өнімдерге қызығушылық білдірді.

Атырау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметтері бойынша, бүгінде жергілікті екі түзету колониясында ақылы негізде 252 адам жұмыс істейді.

- Біздің колонияда 165 әйел жазаларын өтеуде. Олардың 80 пайызы жұмыс істейді, түрлі тауарлар шығарады. Бостандыққа шыққан кезде олардың көпшілігі өз бизнестерін ашады деп ойлаймын, - дейді Сағынғалиева.

Қолөнерші-тұтқындар жайлы аңыздар бар, шын мәнінде де солай. УГ-157/9 мекемесіндегі ер адамдар да көрмеге түрлі сандықтар, шкафтар, қарттарға арналған таяқтар және т.б. бұйымдарды ұсынды. Айтпақшы, кәсіпкерлер тауар сапасының өте жоғары екенін айтады. Әсіресе, киімге сұраныс көп екен. Бизнесмендер пенитенциарлық мекемелермен ынтымақтастық жасауға дайын, өйткені қызметкерлердің жалақысы орташа, ал өндірістік орынжайларды жалдау арзанырақ.

...Анаңызға асүй тұтқышы жиынтығын немесе вахтамен жұмыс жасайтын ағаңызға маман киімін сатып алған кезде, мұның бәрін кім дайындады деп қарап жатпаймыз. «Мэйд ин зона» деген мөртаңбасы да жоқ. Шынымен де, не айырмашылығы бар? Абақтыда жасалған тауарлар біздің тұрмысымызға баяғыда енген, ал біз байқамаппыз да. Темір тордың ар жағында шығармашылық та бөтен емес екен: акт залындағы қабырғадан шеберлікпен суреттелген Батырхан ШӨКЕНОВТІҢ аза белгісі салынған портретін көрдім. Төрт жыл бұрын ол өмірден өткен кезде әйелдер колониясында көбі аза тұтып, сотталушылардың бірі оның келбетін кенепке бейнелеген екен.


Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

18 наурыз 2019, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.