Атырау, 24 қараша 23:34
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жол кедергісі және «шындықпен» жүруге бола ма?

Сурет Бейнежазба
4 817 просмотра


Атырау облысында «Жол бойындағы қабылдау» акциясы өтті. Түрлі шендегі полицейлер ашық аспан астында тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, сол жерде шағымдарды қабылдады. «Жол кедергісі» сөз тіркесінің қолданылуынан бастап, «шындықтан құтыла алмайсың» жапсырмасының заңдылығы туралы сұрақтар қойылды. Толығырақ «АЖ» материалынан оқыңыздар.

Құрманғазы-1 көшесінде тұратын қала тұрғыны Дариға БИСЕНҒАЛИЕВА бірінші қабаттағы дәмхананың кондиционеріне қатысты шағымданды. Терезесінің дәл түбінде орнатылған күшті ауа салқындатқыштың шуылы тұрғындардың тыныштығын бұзады екен.

- Кондиционердің шуылы – біздің құзырымыздағы мәселе емес, бұл жерде «Тыныштықты бұзу» деген әкімшілік бап сәйкес келмейді. Қанеки, былай етейік: қазір сіздің шағымыңызды алып қалып, ТЖД-ға берейік. Олардың қызметкерлері кондиционердің белгіленген нормативтерге сай келуін тексеруі тиіс, - деп жауап берді жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Шыңғыс МАРАТ.


Бір кезде "іздегенге сұраған" дегендей, жақын жердегі ХҚКО клиенттерінің бірі көлігін «Мүгедектерге арналған орын» белгісінің астына қойды. Сол жерде ЖПҚ қызметкерлері шақыртылып, әкімшілік кодекстің 597-бабы («Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу») бойынша хаттама толтырылды. Енді ол адам 25 мың теңге айыппұл төлейді.

Осы жағдайды пайдаланып, «АЖ» полицейлерге Армениядан көліктер әкелуге қатысты оқырмандардың сұрақтарын жолдады: қазір ол жақтан әкелген жөн бе, бұл қалай реттеледі, айыппұл жазасын алу қаупі бар ма?

- Соңғы кездері бұл сұрақ Армениядан қолжетімді бағамен көлік сатып алғандарды мазалайды. Армениядан көлікті еркін әкеліп, осында есепке қою үшін көлік ол жақта 2014 жылға дейін кедендік тазартудан өткен болуы керек. Қазіргі кезде сырттан әкелінетін көліктерге қолданылатын қазақстандық шектеулерді ұмытуға болмайды. Атап айтқанда, бастапқы есепке қойылған машиналар Еуро-4 сыныбына сай келуі, күндізгі жарық шамдары және т.б. болуы тиіс. Сонымен қатар, қазақстандық сақтандыруды рәсімдеу керек, - деп жауап берді жол полициясының аға инспекторы Сапиғолла ЖАНҒАЗИЕВ.


РЕНЖИТІН ДЕ ОРНЫ БАР


«АЖ» оқырмандарынан тағы бір сұрақ: егер жол жүру ережесі бұзылмаса, полиция көлікті тоқтатуға құқылы ма? Инспектор жедел-алдын алу шарасын өткізу туралы бұйрықтың көшірмесін немесе түпнұсқасын көрсетуге міндетті ме?

- Егер сіз жол жүру ережесін бұзбасаңыз, рұқсат етілген жылдамдықпен жүрсеңіз, онда сізді тоқтатпайды. Полицейлерге көлік құралдарын себепсіз тоқтатуға үзілді-кесілді тыйым салынады, - деп сенімді түрде мәлімдеді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Жарас БӨЛЕЕВ. – Мұның бәрі Жол жүрісі туралы заңның 54-бабында айқын баяндалған. Қалай болғанда да, инспектор қызметтік куәлігін көрсетіп, тоқтату себебін айтуы тиіс. Егер себеп жалған болса – 102-ге қоңырау соғыңыз. Егер инспектор қазіргі уақытта жедел-алдын алу шаралары жүріп жатыр деп айтса, тиісті бұйрықтың нөмірін хабарлауы тиіс. Егер күмәндансаңыз – «102» пультіне қоңырау шалсаңыз, оператор растайды. Егер растамаса, инспекторда проблема туындайды.

Геолог тұрғыны Айғаным АСАН жергілікті тұрғындарға тыныштық бермейтін көлікке мінген жастардың әр кеш сайынғы «форсажына» шағымданды. Оның үстіне, бұл жаяу жүргіншілер үшін қауіпті:

- Осы жерге «лежачий полицейский» салыңыздаршы!

- Апа, мен сіздің көшеңізге жатайын ба? – деді әзілдеген болып, бір жағынан ренішпен әкімшілік полиция қызметкері. – Жасанды бұдырлық деп дұрыстап атаңыз. Шағымыңызды қалдырыңыз, сараптама жүргізіп, мәселені шешеміз. Тұрғындардың өздерінің жасанды бұдырлық жасауына құқығы жоқ, біздің сараптамамыз бен рұқсатымыз керек. Осы мәселе бойынша Нұрсаяда орналасқан полиция бөліміне (302 кабинет) жүгінуге болады.

45 жастағы Әзірбайжан азаматы Анар СЕЙФОЛЛАЕВ бауырымен келіпті. Кіші Сейфоллаев Қазақстанда тұрғылықты тұруды рәсімдеп, осы жерде жұмыс жасағысы келеді.

- Қазақстанда тұрғылықты тұру құжатын алу үшін сіздің шотыңызда 3 миллион 333 мың теңге болуы тиіс және сіздің атыңызда қандай болмасын құқықбұзушылық тіркелмеген заңға бағынатын азамат болуға тиіссіз. Осы шарттар сақталғанда сіздің өтінішіңіз 3 ай ішінде қаралады, - деді көші-қон бөлімінің инспекторы Анаргүл БОЛАТОВА.


«ШЫНДЫҚ» ҚОҒАМ ҮШІН ҚАУІПТІ МЕ?


Акция соңында 9 мамырда «шындық» деген сөзі бар жейдемен көшеге шығып, дереу полиция ұстап алған азаматтық белсенді Дианара МҰҚАТОВАНЫҢ шағымданып келуі шараны біраз серпілткендей болды:

- Неліктен сіздер мені 9 мамырда ұстадыңыздар, қандай заң бұзушылық жасадым?

- Сізді біреулер ұстады ма?

- Иә, «Авангардтағы» соңғы аялдамада.

- Ұстау кезінде олар өздерін таныстырды ма?

- Жоқ.

- Онда ішкі қауіпсіздік бөліміне шағымдана аласыз.

- Менің шағымым жауапсыз қалды. Мені, әйел адамды күш қолданып ұстады. Полиция қандай жағдайда осындай қатаң әрекетке баруға құқылы?

- Егер азамат қоғам үшін қауіпті болса немесе билік өкілінің талабына бағынбай, қарсылық көрсетсе...

- Өз көлігіме «Шындықтан қашып құтыла алмайсың?» деген жазуды жапсыра аламын ба? Бұл заңға қалай қайшы келуі мүмкін?

- Полицияға жазбаша түрде жүгініңіз. Жауап береміз.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

21 мамыр 2019, 12:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.