Атырау, 4 ақпан 15:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

Басқа жаңалықтар

Амстердам рейсінің жолаушысы басқа жолаушыларға ауру жұқтырып үлгермеген Басқа жаңалықтар

Амстердам рейсінің жолаушысы басқа жолаушыларға ауру жұқтырып үлгермеген

Бүгін, 27 наурызда өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла ҒАЗИЗОВ кешегі «Амстердам-Атырау» рейсімен келген 8 жолаушының біреуінде коронавирус анықталғанын мәлімдеді. «АЖ» -ға белгілі болғандай, қалған жеті жолаушыда ауру белгілері жоқ. Бұл туралы Атырау облысының әкімдігі растады. 27 наурыз 2020, 19:54 3 206 рет қаралды
Атырау бекетінде тексеру жұмыстары қалай жүргізіледі Басқа жаңалықтар

Атырау бекетінде тексеру жұмыстары қалай жүргізіледі

Бұған дейін «АЖ» хабарлағандай, Атырауға кіреберіс жолдарға облыс аумағында коронавирустың таралуын болдырмау үшін санитарлық бекеттер қойылған. «АЖ» тілшісі «Атырау-Индер-Махамбет» тас жолында орналасқан бекетте болып, болып жатқан жағдайды бақылап көрді. Сурет 26 наурыз 2020, 00:00 5 007 рет қаралды
ТШО арнайы ұшақпен Польшадағы студенттерді Атырауға жеткізді Басқа жаңалықтар

ТШО арнайы ұшақпен Польшадағы студенттерді Атырауға жеткізді

25 наурыз күні кеште Халықаралық Атырау әуежайында «Теңізшевройлдың» ұшағы қонды. Бұл сапарда Польшада оқып жатқан атыраулық және маңғыстаулық студенттер Қарағандыдан жеткізілді. 26 наурыз 2020, 13:22 4 365 рет қаралды
«Кіреберісті залалсыздандыруды ПИК шешеді» Басқа жаңалықтар

«Кіреберісті залалсыздандыруды ПИК шешеді»

Фейсбукте қаланың бір тұрғыны биліктің уәде еткен тұрғын үйлердің кіреберісін дезинфекциялау бағдарламасы бойынша ешқандай жұмыс жасалып жатқан жоқ деген жазба жариялады. «ПИК залалсыздандыруға кіріспеген соң, көршілер болып жиналып, «Белизна» сұйықтығын сатып алып, қабырға мен едендерді жуып шықтық. Бұл іске балаларымыз да белсенді қатысып, көмектесті». «Бұл жерде өзіндік әрекет етуіңіз орынсыз.  Сіз өзіңізбен қоса балаларды да өте қауіпті  іске араластырдыңыз!», - деп ашуланды әлеуметтік желі қолданушылары. 26 наурыз 2020, 14:59 2 984 рет қаралды
Тазалық - денсаулық кепілі Басқа жаңалықтар

Тазалық - денсаулық кепілі

Атырау әкімінің баспасөз хатшысы Әлібек НАУАРОВТЫҢ айтуынша, қазіргі уақытта қалада 26 бағытқа 160 автобус жолға шығып жүр. Әр шыққан сайын соңғы аялдамаға жеткенде автобустың іші залалсыздандыру құралдарымен сүртілу керек. Егер сіз қоғамдық көлік жүргізушісі бұл тәртіпті орындамай, қайтадан жолға шыққанын көрсеңіз, 20-53-63 телефон нөмірі бойынша қоңырау шалып, шағымдануыңызға болады. 26 наурыз 2020, 16:41 6 236 рет қаралды
Атырау облысында қажетті аппаратқа тапсырыс жалғасуда Басқа жаңалықтар

Атырау облысында қажетті аппаратқа тапсырыс жалғасуда

Қазір Атырау облысының медицина мекемелерінде 104 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Оның 61-і ересек адамдарға арналған. Тағы 20 аппаратқа тапсырыс берілді. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 26 наурыз 2020, 16:59 2 806 рет қаралды
Атырауға шетелден келгендерді оқшаулау үшін студенттік жатақханалар пайдаланылады Басқа жаңалықтар

Атырауға шетелден келгендерді оқшаулау үшін студенттік жатақханалар пайдаланылады

Әлеуметтік желілерде шетелден оралған қазақстандықтарды оқшаулау үшін Атыраудағы оқу орындарының жатақханаларында орындар әзірленіпті деген ақпарат таралды. Неліктен бұл үшін жасөспірімдер білім алатын және тұратын жерлер пайдаланылады, деп қала тұрғындары наразылық білдіруде. 26 наурыз 2020, 17:32 3 373 рет қаралды
Атыраудағы коронавирус туралы тест-сұрақтар Басқа жаңалықтар

Атыраудағы коронавирус туралы тест-сұрақтар

Қазақстандағы соңғы ресми мәліметтерге сәйкес, коронавирус  жұқтырған 97 жағдай расталды. Объективті тест-жүйелері жеткіліксіз болып отырғанда, статистика қалай жасалады? Тек ауру белгілері бойынша: ауырады – тест тапсырады - расталады. Ал мыңдаған (немесе он мыңдаған, ешкім нақты ештеңе айта алмайды) ауру тасымалдаушы, тіпті ақысын төлесе де, жағдайы қалай екенін біле алмайды - үкімет тек дәрігер ғана көрсеткіштер бойынша, яғни, науқастың барлық белгілері бойынша диагноз қоя алады деп қаулы шығарды. 26 наурыз 2020, 15:31 3 769 рет қаралды
Атырау қаласында жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі Басқа жаңалықтар

Атырау қаласында жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі

Коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары күн өткен сайын күшейтілуде. 25 наурыздан бастап арасында Атырау да бар, еліміздің бірнеше ірі қалаларында халық көп жүретін маңызды орындар дезинфекцияланады, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 25 наурыз 2020, 11:54 3 190 рет қаралды
Атырау алыс шетелдегі студенттерін күтіп алды Басқа жаңалықтар

Атырау алыс шетелдегі студенттерін күтіп алды

24 наурыз сағат 20.30-да Халықаралық Атырау әуежайына Амстердамнан ұшып шыққан «AirAstana» әуе компаниясының ұшағы келіп қонды. Чартерлік ұшақ бортындағы 18 жолаушының көбі АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралия елінде оқитын қазақстандық студенттер. 25 наурыз 2020, 12:39 3 066 рет қаралды
Еріктілер жалғыз басты зейнеткерлерге қол ұшын берді Басқа жаңалықтар

Еріктілер жалғыз басты зейнеткерлерге қол ұшын берді

Егде жастағы адамдар коронавирусты оңай жұқтырып алады, сондықтан олар мүмкіндігінше үйлерінен шықпауы керек. Бұл жағдайға бей-жай қарамаған Атырау тұрғындары облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі ұсынған тізім бойынша жалғызбасты 82 зейнеткерге азық-түлік, жеке гигиена құралдары мен дәрі-дәрмектерді үйлеріне жеткізіп берді. 25 наурыз 2020, 13:37 3 491 рет қаралды
Атырауда әзірге астана мен Алматыдағыдай емес Басқа жаңалықтар

Атырауда әзірге астана мен Алматыдағыдай емес

WhatsApp мессенджерінде ертең сағат 20:00-де Атырау Нұр-Сұлтан мен Алматы сияқты карантинге жабылады деген ақпарат таралуда. 26 наурыздан бастап Атырау базарлары да жабылады деген ақпарат бар. Түсініктеме алу үшін «AЖ» қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне жүгінді. 25 наурыз 2020, 15:56 5 414 рет қаралды
Атырауда кіре беріске санитарлық бекет қойылды Басқа жаңалықтар

Атырауда кіре беріске санитарлық бекет қойылды

Әлеуметтік желіде айдаладағы кептеліс көрсетілген бейнежазба тарады. Кадр сыртындағы дауыс оны Атырау облысына кіре беріс жолдаға қойылған бақылау-өткізу бекеті (блокпост) деп сендіреді. Бұл бекеттердің Батыс Қазақстан облысының санитарлық бекеттері екені белгілі болды. Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, санитарлық бекеттер Атыраудың кіре берісіне де қойылған. Олар Атырау-Орал, Атырау-Индер, Атырау-Ақтау бағыттарындағы жолда және жақында салынған полиция бекеттерінің ғимараттарында орналасқан. Бейнежазба 24 наурыз 2020, 10:59 7 099 рет қаралды
Бішкектен жеткізілген аналарды баласымен бірге коронавирусқа тексереді Басқа жаңалықтар

Бішкектен жеткізілген аналарды баласымен бірге коронавирусқа тексереді

Бүгін, 24 наурызда, жергілікті сағат 7.00-де Халықаралық Атырау әуежайында Бішкектен ұшып келген әскери ұшақ қонды. Ұшақпен 21 жолаушы – 11 ана мен 10 сал ауруына шалдыққан балалар жеткізілді. 24 наурыз 2020, 11:50 3 134 рет қаралды
Кеш қалған мейрамхана иесі айыппұл төлейді Басқа жаңалықтар

Кеш қалған мейрамхана иесі айыппұл төлейді

Атырау облысы полиция департаментінің күнделікті жүргізіп отырған тексеруі барысында төтенше жағдай талаптарын орындамаған 18 фактіні анықталды. Атап айтқанда, мейрамханалар сағат 22.00-ден кейін де жұмыстарын жалғастырған. 24 наурыз 2020, 14:54 3 481 рет қаралды
Науқас балалары бар атыраулық аналар Қырғызстаннан әскери ұшақпен қайтарылады Басқа жаңалықтар

Науқас балалары бар атыраулық аналар Қырғызстаннан әскери ұшақпен қайтарылады

Ертең шекаралардың жабылуына байланысты церебралды сал ауруымен ауыратын балаларымен бірге Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында қалған Атырау тұрғындары үшін Қазақстаннан әскери ұшақ ұшып шығады. 22 наурыз 2020, 16:26 3 305 рет қаралды
Наурызға бөлінген 35 миллион бюджетке қайтарылады Басқа жаңалықтар

Наурызға бөлінген 35 миллион бюджетке қайтарылады

Бұл қаражат бұрын жергілікті бюджеттен қала орталығындағы Махамбет пен Исатай алаңында мерекелік шара ұйымдастыру үшін бөлінген. Шаралар өткізілмейтін болғандықтан, бөлінген ақша кері қайтарылады деп хабарлады брифингте облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы басшысының м.а. Мира ДƏУЛЕТБАЕВА.  21 наурыз 2020, 22:25 2 746 рет қаралды
Полиция, әйел және жағымсыз бейнежазба Басқа жаңалықтар

Полиция, әйел және жағымсыз бейнежазба

Әлеуметтік желілерде Атыраудың бір тұрғыны ҚР Ішкі істер министріне жолдаған  бейнеүндеу тарады. Онда ол полиция қызметкерлері заңсыз тоқтатып,  қол жұмсады деп кінәлайды. Кадрда әйел полицейге ұрысқаны, ал полицей оны қызметтік планшетке түсіргені анық көрінеді. Әйелді қалалық полиция бөлімшесіне жеткізіп, сол жерде күштеп телефонын тартып алады. 19 наурыз 2020, 10:44 8 257 рет қаралды
Мұнай өнеркәсібі шетелдіктерді қазақстандықтармен алмастырады Басқа жаңалықтар

Мұнай өнеркәсібі шетелдіктерді қазақстандықтармен алмастырады

ҚР Энергетика министрлігі мұнай-газ кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және жұмыс орындарын сақтау үшін шаралар алынып жатыр деп сендірді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ЭМ вице-министрі Әсет МАҒАУОВ мәлімдеді. 19 наурыз 2020, 12:30 6 812 рет қаралды
Атырауға «заңсыз» жеткен маскалар Басқа жаңалықтар

Атырауға «заңсыз» жеткен маскалар

Атырау облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің хабарлауынша, кейбір саудагерлер біздің облыста медициналық  масканың миллион данасын 313 теңгеден сатқысы келген. Олар ірі ұйымдарға тапшы тауарды көтеріп сатып алуды ұсына бастапты. Ал бұл тауардың ілеспе құжаттары жоқ. Бейнежазба 19 наурыз 2020, 13:24 3 704 рет қаралды
Терезеден секіріп, карантиннен қашқан Басқа жаңалықтар

Терезеден секіріп, карантиннен қашқан

«АЖ»-ға белгілі болғандай, 18 наурызға қараған түні Атырауда Литвадан (онда коронавируспен ауырған 34 адам тіркелген) келгеннен кейін облыстық туберкулезге қарсы диспансерде карантинде жатқан 22 жасар жігіт қашып шыққан. Ол екінші қабаттағы терезеден секіріп кеткен. Ал 18 наурызда Атырау мамандандырылған әкімшілік сотында жауапталды. Толықтырылды 19 наурыз 2020, 16:25 4 583 рет қаралды
Министр айтқан жедел тестілер қайда? Басқа жаңалықтар

Министр айтқан жедел тестілер қайда?

Жақында Денсаулық сақтау министрі Елжан БІРТАНОВ коронавирусты анықтауға арналған жедел тестілердің сатылымға шыққанын мәлімдеген еді. Іссапармен елордадан келген «АЖ» тілшісі мұнайлы астанадан осындай тестіні сатып алмақ болды. Тек біздің қаламызда ғана емес, бүкіл Қазақстанда Covid-19-ға өздігімен тексерілу мүмкін болмай шықты. 19 наурыз 2020, 16:38 3 000 рет қаралды
Полиция көп адам жиналған үйді де тексере алады Басқа жаңалықтар

Полиция көп адам жиналған үйді де тексере алады

Ірі отбасылық мерекелер мен еске алу шараларын (50-ден астам адам) мейрамханаларда ғана емес, жеке үйлерде де өткізуге тыйым салынады. Бұл туралы брифингте Атырау облысы ПД жергілікті полиция қызметінің басшысы Әлібек ҚАЙЫРОВ мәлімдеді. 19 наурыз 2020, 16:52 11 627 рет қаралды
Атырау студенттері енді қашықтан оқиды Басқа жаңалықтар

Атырау студенттері енді қашықтан оқиды

Коронавирус пандемиясына байланысты Атыраудағы жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері қашықтан білім алуға көшті. Енді оқытушылар студенттерге қашықтан тапсырма беріп, бейнеконференция режимінде дәріс оқиды. 19 наурыз 2020, 17:12 4 063 рет қаралды
Шетелдіктерге тек шығуға рұқсат етілген Басқа жаңалықтар

Шетелдіктерге тек шығуға рұқсат етілген

Бүгінгі таңда Атырау облысында 19 839 шетелдік азамат бар. Оларға елден шығуға тыйым салынбайды, қаласа отанына орала алады. Шекарадағы ахуалға арналған брифингте осы және басқа да мәселелер айтылды. 19 наурыз 2020, 17:31 4 001 рет қаралды
«Мораторий емес, төтенше жағдай режимі!» Басқа жаңалықтар

«Мораторий емес, төтенше жағдай режимі!»

Төтенше жағдай кезінде жұмыс ережелерін бұзған ойын-сауық мекемелері мен сауда орындары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жазаланады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек ТНАЛИЕВ брифингте хабарлады. 18 наурыз 2020, 10:50 3 634 рет қаралды
Жұмыс тоқтағаны үшін 42 мың теңге төленеді Басқа жаңалықтар

Жұмыс тоқтағаны үшін 42 мың теңге төленеді

Төтенше жағдай кезінде жұмыстың мәжбүрлі тоқтап қалуына байланысты жұмыс берушілер жұмысшыларға ең төменгі жалақы - 42 500 теңге төлеуі тиіс. Бұл туралы брифингте Атырау облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ мәлімдеді. 18 наурыз 2020, 12:17 4 943 рет қаралды