Фейсбукте қаланың бір тұрғыны биліктің уәде еткен тұрғын үйлердің кіреберісін дезинфекциялау бағдарламасы бойынша ешқандай жұмыс жасалып жатқан жоқ деген жазба жариялады. «ПИК залалсыздандыруға кіріспеген соң, көршілер болып жиналып, «Белизна» сұйықтығын сатып алып, қабырға мен едендерді жуып шықтық. Бұл іске балаларымыз да белсенді қатысып, көмектесті». «Бұл жерде өзіндік әрекет етуіңіз орынсыз. Сіз өзіңізбен қоса балаларды да өте қауіпті іске араластырдыңыз!», - деп ашуланды әлеуметтік желі қолданушылары.
Бұл жайды Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясының басшысы Қайрат ХАБИЕВ түсіндірді:
-Атыраудың бюджетінде тұрғын үй кіреберістерін дезинфекциялау жұмыстарына қаражат бөлінбеген. Ал Алматы мен Астанада карантин жарияланғасын, бұл мақсатқа ақша қарастырылған. Біздің қалада 81 ПИК жұмыс істейді. Өздерінің қалауы бойынша үйдің кіреберістерін солар залалсыздандырады.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ.