«АЖ»-ға кеше «Амстердам-Атырау» әуе рейсі экипажының 14 күн карантиге оқшауланғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Атырау облыстық әкімдігі растады.
«АЖ» мәліметінше, КС 904 рейсі 26 наурызда сағат 20:20-да Атырау Халықаралық әуежайына қонды. Бортта 9 экипаж мүшесі және 8 жолаушы болған, олардың екеуі бизнес-класспен ұшқан. Қонғаннан кейін экипаж мүшелері қала орталығындағы қонақүйге орналастырылды. 27 наурызда таңертең 19 жастағы жолаушының ауру жұқтырғаны мәлім болғаннан кейін, оларға бөлмелерінен шығуға тыйым салынды, содан кейін оларды арнайы автобуспен оқшауланған аймаққа алып кетті.
- Иә, бүгін 9 экипаж мүшесі карантинге алынды. Олардан коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін анализ алынды. Нәтижелер әлі дайын емес, - деп жауап берді «АЖ» сұрағына облыстық әкімдіктегілер.
Фархат ӘБІЛОВ