Атырау, 26 шілде 00:21
 дождьВ Атырау +33.8
$ 476.07
€ 541.86
₽ 6.08

Атырау алыс шетелдегі студенттерін күтіп алды

3 229 рет қаралды


24 наурыз күні сағат 20.30-да Халықаралық Атырау әуежайына Амстердамнан ұшып шыққан «AirAstana» әуе компаниясының ұшағы келіп қонды. Чартерлік ұшақ бортындағы 18 жолаушының көбі АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралия елінде оқитын қазақстандық студенттер.

-Оларды арнайы жабдықталған орынға орналастырып, коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтайтын тестілеуден өткізіледі, - деп хабарлады Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бүгін таңертең барлық студенттің коронавирус жұқтырмағаны анықталды. Кешке олар карантин аймағынан шығып, үйлеріне тарайды.

Фархат ӘБІЛОВ

25 наурыз 2020, 12:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.