WhatsApp мессенджерінде ертең сағат 20:00-де Атырау Нұр-Сұлтан мен Алматы сияқты карантинге жабылады деген ақпарат таралуда. 26 наурыздан бастап Атырау базарлары да жабылады деген ақпарат бар. Түсініктеме алу үшін «AЖ» қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне жүгінді.
- Ақпарат шындыққа жанаспайды. Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған бірде-бір оқиға тіркелмегенін де айтқым келеді, - деп жауап берді әкімдіктің баспасөз хатшысы Әлібек НАУАРОВ.
Билік азаматтарды әлеуметтік желіде немесе түрлі мессенджерлер арқылы таралған күмәнді жаңалықтарға сенбеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады. Айта кету керек, мұндай «жаңалық» таратқаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы («Көрінеу жалған ақпаратты тарату») бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ол үшін айыппұлдан бастап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
Фархат ӘБІЛОВ
Автордың коллажы