Атырау, 22 қараша 20:40
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Еріктілер жалғыз басты зейнеткерлерге қол ұшын берді

3 366 просмотра


Егде жастағы адамдар коронавирусты оңай жұқтырып алады, сондықтан олар мүмкіндігінше үйлерінен шықпауы керек. Бұл жағдайға бей-жай қарамаған Атырау тұрғындары облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі ұсынған тізім бойынша жалғызбасты 82 зейнеткерге азық-түлік, жеке гигиена құралдары мен дәрі-дәрмектерді үйлеріне жеткізіп берді.

Акцияны ұйымдастырушылардың бірі Жанар ҒИЛИМОВА 5 күн ішінде қала тұрғындарынан шамамен 1,5 миллион теңге жиналғанын, оған 3 тоннадан астам тауар сатып алынғанын айтты.

- Бұл бірінші кезекте қажетті өнімдер, жарма, сүт, жұмыртқа, өсімдік майы және т.б. Оқшауланған кезеңге қажетті дәрі-дәрмектерді (оларды табу да оңай емес), бір рет қолданылатын медициналық және еріктілеріміз матадан тіккен бірнеше рет пайдалануға болатын маскаларды да қостық. Барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, зейнеткерлерге себеттерді жеткіздік, еріктілер маска мен қолғап киді.

Бұл акцияға қатысушылар үшін барлық сақтық шараларын қолдану маңызды болды: қашықтықты сақтап, өнімді жинаудан бастап зейнеткерлердің есіктеріне дейін жеткізгенше еріктілер әр екі сағат сайын қорғаныш құралдарын, қолғап пен маскаларын ауыстырып отырды. Егер тұмаурап, дене қызуы көтеріліп тұрса шараға қатыспау туралы алдын-ала ескерту жасалды.

Әрине, ең бастысы - зейнеткерлердің алғысы. Қазіргі жағдайда бір-бірімізді қолдау өте маңызды.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

25 наурыз 2020, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.