Атырауға чартерлік рейспен Біріккен Араб Әмірліктерінен 126 қазақстандық турист келді.
Естеріңізге сала кетсек, мыңдаған отандастарымыз елден тыс жерде жүр. Оларды 18 және 23 наурыз аралығында арнайы рейспен Қазақстанға жеткізеді.
«Атырауға келгендерді әуежайда күтіп алып, дене қызуын тексерді. 106 адам – Атырау облысының тұрғындары, қалған 20-сы – Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Дене қызуы ешкімде тіркелген жоқ, сондықтан барлығын үйге жіберді. Олар тұрғылықты жерден 14 күн бойы бақыланады. Көрші облыстың тұрғындары байланысу үшін мекенжайы мен телефон нөмірлерін қалдырды» деп хабарлады «АЖ»-ға облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Шетелде жүрген қазақстандық туристерді әкелетін барлық чартерлік сапар Атырау, Қостанай және Ақтөбе қалаларының әуежайында қонатыны бүгін белгілі болды.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА