Атырау, 22 қараша 21:00
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Кеш қалған мейрамхана иесі айыппұл төлейді

3 323 просмотра
Көрнекі сурет
Атырау облысы полиция департаментінің күнделікті жүргізіп отырған тексеруі барысында төтенше жағдай талаптарын орындамаған 18 факті анықталды. Атап айтқанда, мейрамханалар сағат 22.00-ден кейін де жұмыстарын жалғастырған.


Мәселен, 19 наурызда Махамбет ауданы орталығындағы мейрамхананың 35 жастағы иесі ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимін бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс сотқа жіберілді.

Сонымен қатар, мейрамхананың көбі режимді Наурыз мерекесі қарсаңында бұзған. Атырау мамандандырылған әкімшілік соты 47 жастағы кәсіпкер әйелге 26510 теңге айыппұл салған, басқа істер де қаралуда.

- Коронавирус инфекциясының пайда болуына және таралуына жол бермеу үшін Полиция департаменті кәсіпкерлерді уақытша шектеу шараларын сақтауға шақырады, - дейді ПД өкілі Гүлназира МҰҚТАРОВА. – Дәмхана мен мейрамханаға келушілердің саны 50-ден аспай, кешкі сағат 22.00-де жабық болуы тиіс. Аталған шектеулерді орындамаған жағдайда иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады.

Фархат ӘБІЛОВ

24 наурыз 2020, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.