Атырау, 22 қараша 21:03
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырау қаласында жаппай дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі

3 069 просмотра

 

Көрнекі сурет

Коронавирус инфекциясына қатысты қауіпсіздік шаралары күн өткен сайын күшейтілуде. 25 наурыздан бастап арасында Атырау да бар, еліміздің бірнеше ірі қалаларында халық көп жүретін маңызды орындар дезинфекцияланады, -деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Атырау облысы әкімдігі бүгіннен Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілерінен жасақталған топтың көмегімен өңірдегі маңызды нысандарды дезинфекциялауды бастады.

Іс-шараны арнайы даярлықтан өткен  Қарулы күштердің биологиялық қорғау бөлімшелері жүргізеді. Олар жұмысқа АРС-14 автомобиль құю станцияларын пайдаланады.

Бүгін алғашқы жұмыстар төрт жерде атап айтқанда, теміржол вокзалы, автовокзал мен әуежайдың маңайы сонымен қатар, «Исатай-Махамет» алаңдарын дезинфекциялаудан басталады.

Жұмыс күнделікті таңғы сағат 09.00-ден кешке сағат 18.00-ге дейін жүргізіледі.     

Арнайы жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер арнайы жуу құралдары мен «Рубеж» дезинфекциялық ертіндісі бар жеке газсыздандыру жинақтарын пайдаланады. Ерітінділер адамдар мен жануарлар үшін қауіпсіз.

25 наурыз 2020, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.