Атырау, 23 қараша 01:39
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Наурызға бөлінген 35 миллион бюджетке қайтарылады

2 621 просмотра

Көрнекі сурет


Бұл қаражат бұрын жергілікті бюджеттен қала орталығындағы Махамбет пен Исатай алаңында мерекелік шара ұйымдастыру үшін бөлінген. Шаралар өткізілмейтін болғандықтан, бөлінген ақша кері қайтарылады деп хабарлады брифингте облыстық мəдениет, мұрағаттар жəне құжаттама басқармасы басшысының м.а. Мира ДƏУЛЕТБАЕВА. 

Сондай-ақ, ол Атырау облысында барлық концерт залдары мен мəдениет үйлері, кітапхана, театр және музейдің жабылғанын хабарлады. Қызметкерлердің көбі үйден жұмыс жасайды. Кейбір мекемеде, мəселен облыстық өлкетану мұражайында сайт арқылы онлайн экскурсия жасауға мүмкіндік бар. 

-13 наурыздан бастап концерт, спектакль, форум, семинар, көрме, дөңгелек үстел жəне басқа да іс-шаралар өтпейді. Алдын ала сатып алған билеттерді драмтеатр кассасында сағат 14.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықта кері тапсыруға болады, - деді Дəулетбаева

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

21 наурыз 2020, 22:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.