Атырау, 23 қараша 02:37
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Мораторий емес, төтенше жағдай режимі!»

3 442 просмотра


Төтенше жағдай кезінде жұмыс ережелерін бұзған ойын-сауық мекемелері мен сауда орындары «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жазаланады. Бұл туралы Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ұлықбек ТНАЛИЕВ брифингте хабарлады.

Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сауда орталықтарында киім-кешек және басқа тауарлар сататын бутиктер тек сағат 10-нан 18-ге дейін, базарларда – сағат 11-ден 17-ге дейін жұмыс істеуі тиіс. Супермаркеттерге, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға уақыт шектеулері қойылмайды. Кафе мен мейрамханалар сағат 22-ден кейін жұмыс істемеуі керек, ал келушілер саны 50-ден аспауы тиіс.

- Әрине, кәсіпкерлер шығынға ұшырайды, бірақ халықтың денсаулығы маңызды. Осы ережелер сақталмаған жағдайда, ереже бұзушыға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабы («Төтенше жағдай режимін бұзу») қолданылады. Мұнда 10 АЕК көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу қарастырылған. Сондай-ақ, ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы бар («Бұқаралық ауруға, адамдардың жұқпалы ауруына әкеп соқтыратын санитарлық ережелерді немесе гигиеналық нормаларды бұзу») - бұл жердегі жаза әлдеқайда қатал, - деді Тналиев.

Оның айтуынша, кейбір кәсіпкерлер шағын және орта бизнесті тексеруге қатысты мораторийге сілтейді. Алайда төтенше жағдай режимінде полиция мен бақылау-қадағалау органдарының нысандарды аралауы тексеру әрекетіне жатпайды. Сонымен қатар, ол қала тұрғындарын қырағы болуға, жалған ақпарат таратпауға және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

18 наурыз 2020, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.