Атырау, 22 қараша 20:45
 ашықВ Атырау +2
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Бішкектен жеткізілген аналарды баласымен бірге коронавирусқа тексереді

3 001 просмотра


Бүгін, 24 наурызда, жергілікті сағат 7.00-де Халықаралық Атырау әуежайында Бішкектен ұшып келген әскери ұшақ қонды. Ұшақпен 21 жолаушы – 11 ана мен 10 сал ауруына шалдыққан балалар жеткізілді.

–Балаларды тасымалдау үшін ерекше жағдай қажет болды, сондықтан оларды жеткізуге Қорғаныс министрлігінің авиациясы тартылды. Ұшақтағы орындар мен дәретхана науқас балаларға ыңғайлы болатындай жасақталған, - деп хабарлады ҚР ҚМ Қырғызстан Республикасындағы әскери атташе Ахтан ӘБІЛДАЕВ.

Атырауға келген бойда жолаушыларды арнайы аймаққа орналастырды. Ол жерде тест арқылы оларда коронавирус инфекциясы бар-жоғы тексеріледі. Облыстық әкімдіктегілердің айтуынша, тест нәтижесі 7-8 сағатта белгілі болады. Егер жұқтырмаған болса, аналарды балаларымен бірге үйге жібереді.

Арнайы аймақта болған уақытта олар қажетті ас-ауқат, тазалық құралдары және киіммен қамтамасыз етіледі.  

Бұл шаралар коронавирустың пайда болуы және таралуына жол бермеу үшін атқарылады.

Фархат ӘБІЛОВ 

24 наурыз 2020, 11:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.