Атырау, 21 желтоқсан 11:49
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Саясат

Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына басшы тағайындалды Саясат

Атырау облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына басшы тағайындалды

Облыс әкімінің өкімімен облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы лауазымына Полымбет ХАСАНОВ тағайындалды. Ол бұған дейін Исатай ауданының әкімі қызметін атқарды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 15 қараша 2023, 13:50 1 444 рет қаралды
Жылыойда Жанболат Мамайға «лайк» басқан ұстаздар тексерілді Саясат

Жылыойда Жанболат Мамайға «лайк» басқан ұстаздар тексерілді

Атырау облысының Жылыой ауданында әлеуметтік желіде оппозициялық белсенді әрі журналист Жанболат МАМАЙДЫҢ посттарының астына «лайк» қойған мектеп ұстаздары тексеріліп жатыр. Бұл туралы Жылыой аудандық білім беру бөлімі бастығының міндетін атқарушы Гүлжансары ТАҢАТАРОВАНЫҢ мектеп директорларына жолдаған хаттарынан белгілі болды.   20 қараша 2020, 16:10 5 755 рет қаралды
Атырау облысы әкімдігінде кімнің кесірі кімге тиетіні түсіндірілді Саясат

Атырау облысы әкімдігінде кімнің кесірі кімге тиетіні түсіндірілді

Облыс әкімдігінде Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТЫҢ төрағалығымен «Мемлекеттік қызметтің кадр саясатының негізгі бағыттары» тақырыбында кеңейтілген кеңес өтті. Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Салауат МҰҚСИМОВ баяндама жасады. Атап айтқанда, ол өткен жылдың соңында «ҚР Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына енгізілген қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстары үшін әкімдердің жауапкершілігіне қатысты толықтырудың мәнін қатысушыларға жеткізді. 10 наурыз 2020, 11:34 6 865 рет қаралды
Макс – Жанболатқа: «Қандай қысым болса да, ашық айтуға уәде бер» Саясат

Макс – Жанболатқа: «Қандай қысым болса да, ашық айтуға уәде бер»

Жақында Атырауға Қазақстанда жаңа Демократиялық партия құру бойынша ұйымдастыру комитетінің өкілдері келді. Еске салсақ, өткен 16 қазанда белгілі журналист, қоғам қайраткері, 2017 жылы жабылған «Саяси қалам. Трибуна» газетінің редакторы Жанболат МАМАЙ, белгілі журналист, публицист Сергей ДУВАНОВ, мемлекет және қоғам қайраткері Төлеген ЖҮКЕЕВ Қазақстанда жаңа саяси партия құратындарын мәлімдеген еді.  Сурет 19 қараша 2019, 12:27 7 282 рет қаралды
Бэлла ОРЫНБЕТОВА: "Бізді әлі үлкен күш санамайтын шығар" Саясат

Бэлла ОРЫНБЕТОВА: "Бізді әлі үлкен күш санамайтын шығар"

Жақында Атырауға «Республика» қоғамдық қозғалысының мүшелері келді. Олар еліміздің батыс өңірлерін араламақ ниетте Re.TourBatis ұйымдастырып, Маңғыстаудан кейін біздің қалаға ат басын тіреді. Бұл жерде азаматтық белсенділермен және ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткізді. «АЖ» құрылғанына көп уақыт бола қоймаған, дені жастардан тұратын қоғамдық ұйымның алға қойған мақсаттарын білмек болып, қозғалыс жетекшілерімен кездесті. Сұрақтарымызға «Республика» жетекшілерінің бірі Бэлла ОРЫНБЕТОВА жауап берді. 8 қазан 2019, 15:58 7 561 рет қаралды
Конституция: Атыраудан сайланған депутат ҚР-дағы тұлғаның рөлі туралы Саясат

Конституция: Атыраудан сайланған депутат ҚР-дағы тұлғаның рөлі туралы

Атырау облысынан сайанған парламент мәжілісінің депутаты Бақытгүл ХАМЕНОВА биліктің өклеттігін қайта бөлу мәселелері бойынша парламенттің бірлескен отырысында  Конституцияға президенттің айрықша рөлін айқындауды ұсынды және мемлекет басшысының есімін астана мен сондағы әуежайға беру туралы депутаттық идея туралы тағы бір еске салды.   Сурет 4 наурыз 2017, 22:45 11 292 рет қаралды
​Атырау соты Макс Боқаев пен Талғат Аянды қамауда қалдырды Саясат

​Атырау соты Макс Боқаев пен Талғат Аянды қамауда қалдырды

9 маусымда облыстық сотта азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ бұлтартпау шарасын «үйқамаққа» ауыстыру туралы апелляциялық өтініштері қаралды. Сурет Бейнежазба 9 маусым 2016, 18:00 7 440 рет қаралды
​«Сайлауға бармаймыз, митингіге шықпаймыз. Тек жыланамыз» Саясат

​«Сайлауға бармаймыз, митингіге шықпаймыз. Тек жыланамыз»

20 наурызда Қазақстанда ҚР парламентінің мәжілісі мен барлық деңгейдегі маслихат депутаттарын сайлау өткізіледі. Еліміз үшін аса маңызды сайлау алдында біз Атырау қаласының көшелерінде және әлеуметтік желілерде жедел-сұхбат жүргіздік. 17 наурыз 2016, 00:00 7 654 рет қаралды
​Тіркеу аяқталды, үгіт-насихат жұмыстары басталды Саясат

​Тіркеу аяқталды, үгіт-насихат жұмыстары басталды

Атырау облыстық сайлау округтары бойынша түрлі деңгейдегі мәслихаттарға 414 үміткер тіркелді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында болған брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау ИБРАШЕВ хабарлады. 24 ақпан 2016, 17:59 6 169 рет қаралды
Макс БОҚАЕВ: «Үмітсіз жағдайда да күресу керек» Саясат

Макс БОҚАЕВ: «Үмітсіз жағдайда да күресу керек»

19 ақпанда облыстық және қалалық деңгейдегі мәслихат депутаттығына үміткерлерден өтініш қабылдау аяқталады. Мәжіліс сайлауынан айырмашылығы – жергілікті өкілдік органдарына жекелеген округтер бойынша сайланады. Осы деңгейде партиялардың қатысуы кейбір үміткерлерді ұсынумен шектеледі. Алайда заң өзін өзі ұсынуға да рұқсат береді. Облысымызда «Нұр Отан» партиясының мүшелерінен басқа жергілікті өкілдік органдарына кімдер сайлауға түспекші? 17 ақпан 2016, 16:48 6 347 рет қаралды
​«Митингіге қала сыртына шығыңдар!» Саясат

​«Митингіге қала сыртына шығыңдар!»

Қалалық билік Қылмыстық Кодекстің 174-бабы бойынша айыпталып, сот процесі өтіп жатқан Ермек НАРЫМБАЕВ, Болатбек БІЛӘЛОВ және Серікжан МАМБЕТАЛИНДІ қолдау митингін өткізуге өтінім берген қоғам белсенділері Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯННЫҢ («АЖ», №2, 14.01.2016 ж., «Макс пен Талғат митингіге шақырады» мақаласын қараңыз) өтініштерін қанағаттандырудан бас тартты. 20 қаңтар 2016, 19:50 5 738 рет қаралды
Макс пен Талғат митингіге шақырады Саясат

Макс пен Талғат митингіге шақырады

Қаламызға танымал қоғам белсенділері Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯН Атырау тұрғындарына қазіргі уақытта Қылмыстық Кодекстің 174-бабы бойынша айыпталып, сот процесі өтіп жатқан Ермек НАРЫМБАЕВ, Болатбек БІЛӘЛОВ және Серікжан МАМБЕТАЛИНДІ қолдау үшін флешмоб өткізуді ұсынады. 13 қаңтар 2016, 14:47 6 225 рет қаралды
Пресс-атташе Дэвид ГЭМБЛ: «Мықты ҮЕҰ болмаса, үздік отыздыққа кіру жоқ» Саясат

Пресс-атташе Дэвид ГЭМБЛ: «Мықты ҮЕҰ болмаса, үздік отыздыққа кіру жоқ»

14 қазанда Атырауға бір күндік іссапармен Қазақстандағы АҚШ елшілігінің бірінші хатшысы, пресс-аташе Дэвид ГЭМБЛ келді. Біздің кездесуіміз Қазақстандағы АҚШ елшілігінің бастамасы бойынша мүмкін болды. 19 қазан 2015, 10:41 4 930 рет қаралды
​Сағат Түгелбаев Кореяның өкілі болмақ Саясат

​Сағат Түгелбаев Кореяның өкілі болмақ

8-9 қыркүйекте Атырауға Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо ЕНГЧОН келді. Онтүстіккореялық елшінің келудегі басты мақсаты – Кореяның Атыраудағы құрметті консулын тағайындау. Бұл құрметке белгілі бизнесмен, Атырау облысының бұрынғы басшысы Сағат ТҮГЕЛБАЕВ ие болды. 10 қыркүйек 2015, 00:00 8 080 рет қаралды
​Сайлауға қатысу бойынша үшінші орында Саясат

​Сайлауға қатысу бойынша үшінші орында

26 сәуірде өткен ҚР президентін мерзімінен бұрын сайлау нәтижелері бойынша біздің өңіріміз дауыс беруге қатысу тұрғысынан тек Алматы (98,48%) мен Оңтүстік Қазақстан (97,78%) облыстарына жол беріп, алғашқы үштікке кірді (97,75%). 28 сәуір 2015, 15:50 4 760 рет қаралды
Суға жұтылған көк қағаз немесе құдықтар қайда? Саясат

Суға жұтылған көк қағаз немесе құдықтар қайда?

Жыл сайын ірі мұнай компаниялары әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға миллиардтаған теңгелер бөледі. Ал осы қаржылардың негізгі үлесі өтелетіндігін ескерсек (қазақстандық тарап әлеуметтік-инфрақұрылым жобаларын болашақта өндірілетін мұнай есебінен төлейді), шығындардың тиімділігі басты фактор болып саналады. Тәжірибе көрсетіп отырғандай бұған қатысты бізде біраз түйткілдер жоқ емес. 3 қазан 2013, 00:00 7 871 рет қаралды
Әбдікәрімов жемқорлықпен күресуін тоқтатады Саясат

Әбдікәрімов жемқорлықпен күресуін тоқтатады

Кеше, 30 қыркүйекте Қарағандыдағы партия отырысында «Нұр Отан» ХДП жанындағы республикалық қоғамдық жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай ӘБДІКӘРІМОВ кешікпей өз орнына басқа адамның келетінін айтты. 1 қазан 2013, 16:28 4 817 рет қаралды
Максты босатты, Шолақтың жолы болмады Саясат

Максты босатты, Шолақтың жолы болмады

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 2 шілдеде Атыраудағы белгілі қоғам белсендісі Макс БОҚАЕВТАН Атырау облысы бойынша ЭСЖҚКД-нің (қаржы полициясы) тергеу басқармасы Мұхтар ӘБІЛЯЗОВҚА қарсы қылмыстық істі тергеу аясында жауап алуға шақырған еді («Макстен жауап алды. Әзірге үстіртін ғана» жарияланымын қараңыз). 9 шілде 2013, 19:08 4 688 рет қаралды
Дәлелдер бұрынғыдан да көбейді Саясат

Дәлелдер бұрынғыдан да көбейді

Атырау облысының әкімі лауазымынан алынғаннан кейін жарты жылға жуық уақыт өткен соң және сол аралықта бірінен соң бірі сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істер қозғалғаннан кейін Бергей РЫСҚАЛИЕВТЫ қамауға алуға санкция беріліп, экс-әкімге мемлекетаралық іздеу жарияланды. Айдан анық және толғағы жеткен шешім қабылданбас бұрын осыншама ұзақ үзілістің болғанын немен түсіндіруге болады? Осыған қатысты саясаттанушы Досым СӘТПАЕВ арнайы «АЖ» үшін өз пікірін білдірген еді. 1 ақпан 2013, 11:25 5 055 рет қаралды
Ортан терек Саясат

Ортан терек

Көптеген БАҚ-тар хабарлағандай, таяу күндері ҚР Парламенті сенатының төрағасы Қайрат МӘМИДІҢ кортежіне сол жақ қолының ортаңғы саусағын көрсеткені үшін 21 жастағы павлодарлықты 5 тәулікке қамауға алған болатын. Сөйтсек, жоғары шенді тұлғаларға осындай ишара білдірген алғашқы қазақстандық ол емес екен. Менің әріптесім –«West Kazakhstan Today» газетінің («АЖ» газетінің ағылшын тілді қосымшасы) редакторы Зинат ОРЫНБАСАРОВА сонау 2005 жылы өзінің өнегелі өмірбаянына дәл осылайша кір жұқтырғанын есіне түсірді. 17 қаңтар 2013, 23:12 6 173 рет қаралды
Саясаткер һәм теңіз Саясат

Саясаткер һәм теңіз

Саясаткер Серікжан МӘМБЕТАЛИНГЕ біздің азаматтарымыздың көзқарасы әртүрлі. Ол, өзінің айтуынша, «Мен өз Отанымды сүйемін, бірақ оны басқаратын үкіметті құрметтемеймін» деген саяси ұстанымда. Мәмбеталинмен мен Мәскеуде ресейлік Каспийді құтқаруға қолдау көрсету қоры ұйымдастырған халықаралық конкурс қорытындысы туралы өткізілген таныстырылымнан кейін сұхбаттасқан едім. Ол шараға осы қордың сарапшысы ретінде қатысқан болатын. 20 желтоқсан 2012, 00:00 8 600 рет қаралды