Атырау, 23 қараша 12:53
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көшпенділер ойынында спортшыларымызға жанкүйер болайық

564 просмотра
Көрнекі сурет

8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.

Спортшылар ат спорты түрлері, ұлттық күрес түрлері, садақ ату, дәстүрлі интеллектуалды ойындар, саятшылық өнер, садақ ату, жамбы ату, арқан тарту сынды ұлттық және халықтық ойындардың 20 түрінен сайысады. 100-ден астам мемлекеттен 4000-ға жуық спортшы қатысатын додаға Атырау облысының 3 спортшысы қатысады. 

Алыш күресі бойынша ұлттық құрамада ел намысын қорғайтындардың бірі 20 жастағы, атыраулық Нұржан СӘРСЕНҒАЛИЕВ. Алыш күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы. 

Қүсбегілік бойынша Арман ҚОШҚАРОВ қатысады. құсбегіліктен Қазақстан Республикасының спорт шебері.  Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. 

Дәстүрлі садақ ату бойынша ұлттық құрамада ел намысын қорғайтындардың бірі Марат БЕКСҰЛТАН.  Дәстүрлі садақ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері.  Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. Бірнеше Халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

- Дүниежүзілік көшпенділер ойындары қарсаңында  Астанада «Бірлік» керуені ұйымдастырылады. Облыстық делегация құрамында ұлттық спортқа үлес қосып жүрген белсенділер, БАҚ өкілдері және спортшылар бар. Сондай-ақ, әр өңір 3 киіз үйден тігіп, этноауыл құрады. Біздің киіз үйлердің біреуіне мұражай жәдігерлерін қоямыз. Ал екінші үйде салт-дәстүр, үшінші үйде аймақ туризмі қалың көпшілікке таныстырылады,-деді облыстық дене шынықтыру, спорт және туризмді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуова.

Айта кетейік, Атырау облысы спортшылары бұған дейін де  көшпенділер ойындарында жоғары нәтиже көрсетіп келді. 

2018 жылы Қырғызстанда өткен ІІІ көшпенділер ойындарында қырғыз күресінен Қалиев Арман – күміс медаль, түркімен күресінен Амандық Абылай, алыш күресінее Ақжол Қайыпхан – қола жүлделерді иеленсе, 2016 жылы Қырғызстанда өткен ІІ дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақ күресінен Закарияев Сұңғат – алтын медаль, Қалиев Арман – күміс медаль еншілеген болатын. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

20 тамыз, 17:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.